Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 05.05.2022 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында " 7 мамыр - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні " мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мектеп-гимназиясы басшысы Ш.С.Жанғалиеваның, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярованың , кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Т.Турешованың қызу құттықтауларынан кейін ұжымымызда қажырлы еңбек етіп келе жатқан ер азаматтарға мерекелік ескерткіш сыйлықтар табысталды.

Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярова мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Т.Турешованың ұйымдастыруымен ғылым негіздері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің орыс тілі пәнінен 2-орын жүлдегері 11-класс оқушысы Зинедина Назымның жетекшісі, педагог-зерттеуші, сабырлы, парасатты ұстаз Еркибаева Клара Николаевнаны жеңісімен құттықтап, марапаттау рәсімі өтті. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгергенімен, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізе алады.

Бүгін, 03.О5.22 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында " Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы " акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі , доцент А.Қ.Каплиеваның басшылығымен "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған 4 К моделін дамытудың білім беру технологиясы" тақырыбында ақылы 80 сағаттық базалық курс басталды.

6_mektep_gimnaziyasy Осы аптада Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында директордың оқу- тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярованың басшылығымен , қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің жаңашыл жетекшісі Ш.Р.Байгараеваның жетекшілігімен " Ұлы даланың дара тұлғалары" тақырыбында жоспарлы үшкүндік ұйымдастырылды.

Бүгін, 30.04.22 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярованың басшылығымен биология пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Н.Ж.Жақанова жетекшілік ететін "Жаратылыстану" пәндері бірлестігінің үшкүндігі аясында 10 ә класында биология пәнінен " Биомеханиканы робототехникада қолдану"

Бүгін, 29.04.22 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында Ақтөбе облысы бойынша КДИ, кафедраның аға оқытушысы, магистр С.М.Шаштығаринаның көшбасшылығымен " PIRLS халықаралық зерттеу аясында оқушылардың мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау" тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Бүгін, 25.04.22 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп - гимназиясында " Ұлы даланың дара тұлғалары " тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жетекшісі Ш.Р.Байгараеваның ұйымдастыруымен жоспарлы үшкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Мектеп-гимназиясы басшысы Ш.С.Жанғалиева құттықтау сөзін арнап, орынбасары Д.Б.Муханбедиярова дара тұлғалар өмірі мен шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталып өтті.

21.04.2022 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясының 5ә сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанбаева Гүлмира өзінің кезекті зерттеу сабағын өткізді. Жас маманның өзіне сенімділігін, теория мен практиканы ұштастырудағы тиянақтылығын байқадық. Тәжірибе алмасқан фокус топ мүшелері үш деңгейдегі А, В, С білім алушыларының пәндік білім сапасын жақсарту мақсатындағы әдістеменің аспектілерін түзету бағытындағы ұсыныстарын айтып, шығармашылық табыстар тіледі. Зерттеу сабақтары алдағы оқу жылында да жүйелі жалғастырыла береді.

Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында 20. 04. 2022 ж. күні мектеп тренерлері Д.Б. Муханбедиярованың, Ф.А.Кушекбаеваның, А.Қ.Алдиярованың фокус топ мүшелерінің қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің "педагог- зерттеуші " біліктілік санатындағы шығармашыл ұстазы Бесимбаева Индира Бердигалиевна 5 г класында қазақ тілінен " Мінез - ақылдың сауыты" тақырыбында # 3 зерттеу сабағын өткізді.

Бүгін, 15 сәуір, 2022 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында " Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы- ұйымдастырушысының кәсіби құзіреттілігін дамыту" тақырыбында Ақтөбе облысы бойынша ҚДИ кафедра оқытушысы Б.Х. Бұхарбаевтың жетекшілігімен облыстық семинар ұйымдастырылды.