Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 25.04.22 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп - гимназиясында " Ұлы даланың дара тұлғалары " тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жетекшісі Ш.Р.Байгараеваның ұйымдастыруымен жоспарлы үшкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Мектеп-гимназиясы басшысы Ш.С.Жанғалиева құттықтау сөзін арнап, орынбасары Д.Б.Муханбедиярова дара тұлғалар өмірі мен шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталып өтті.

8 г сыныбының дарынды оқушылары арнау өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Одан әрі мәжіліс залында Дина Базарбаевнаның, Шынар Раймкуловнаның, Индира Бердигалиевнаның орындауындағы "Келіншек" күйімен, мектеп Президенті Ағыбаева Еркемайдың жыр шумақтарымен ашылған әдеби-музыкалық монтаж "Әлем таныған Әуезов" айдарындағы дөңгелек үстел сұхбатына ұласты. Құрметпен шақырылған пән мұғалімдері А.Қ.Жолманова, Н.Ж.Жансугурова, Г. Тулебаевалар, " Дебат" лигасының жүлдегер спикерлері-түлектеріміз заңғар жазушымыздың "Абай жолы" эпопеясындағы шебер сомдалған әке мен бала образдарын жан-жақты қызу талқылады. Соңында " Көзімнің қарасы" әні хормен орындалды. Ұстаздар мен шәкірттер ерекше әсермен, жарасымды ықыласпен тарасты. Игі іс-шаралар ертең де жалғасын таппақ.