Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында 20. 04. 2022 ж. күні мектеп тренерлері Д.Б. Муханбедиярованың, Ф.А.Кушекбаеваның, А.Қ.Алдиярованың фокус топ мүшелерінің қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің "педагог- зерттеуші " біліктілік санатындағы шығармашыл ұстазы Бесимбаева Индира Бердигалиевна 5 г класында қазақ тілінен " Мінез - ақылдың сауыты" тақырыбында # 3 зерттеу сабағын өткізді.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттарын нысанаға ала отырып, оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу шеңберінде инновациялық әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланып, әсерлі сабақ өткізді. А,В,С деңгейлеріндегі оқушылар тарапынан алға ұмтылушылық пен пәнге қызығушылық байқалды. Әсіресе, жазылым - айтылым дағдыларын дамытуда негізгі, қосымша ақпараттармен жұптасып жұмыстануда және сипаттау, зерттеу, талдау , қолдануда өз ойларын анық, жүйелі жеткізудегі білім алушылар белсенділіктері әріптестер көңіліне қуаныш ұялатты. Индира Бердигалиевнаға шабыт- жігер тілеп, зерттеу сабақтарының пәннің берілу сапасы мен оқушылар білімін тиянақтаудағы ықпалын арттырудағы ізденісінің жемісті болуына тілектестігімізді білдірдік.