Бүгін: 03.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде, мектеп фракциясының онкүндігі "DOSBOLLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" акциясы аясында "Болашақ" еріктілер тобы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп,осындай игі істерге ат салысуға шақырды.
Жетекшісі:Амангельдин Мерей Қалматұлы #біртұтас_тәрбие #dosbollike@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп арасында "Кітап - білім бұлағы" атты зияткерлік сайысына белсене қатысқаны үшін 5 "Е" сынып оқушысы Құрбанғали Іңкәр қатысып, алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі: Тілешова Назерке
Құттықтаймыз!

16.02.2024ж. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жалпы адамзаттық және құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу мақсатында  #1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ғ.Ақтаев атындағы #6мектеп-гимназиясының өнерпаз оқушылардың қатысуымен қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Концертке қатысқан оқушылар:

 “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде, мектеп фракциясының онкүндігі жұмыс жоспарына сай “DOSBOLLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН” акциясы аясында “Қалдықты табысқа айналдыр” тақырыбында экология және еңбек фракциясының оқушылары 5 сынып оқушыларына шебер сағатын өткізді.🗒️🗞️⚱️🏷️📦 @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy

 

08.11.2023ж. күні сағат 12.00-де 8-11 сыныптардың, сағат 17.00-де 5-7 сыныптардың ұл балаларына арналған "Қайсар" клубының ұлдар жиналысы өтті. Психологиялық тренинг "Бір-біріне жақын бол", "Құқық бұзушылықтың, агрессивті мінездің, келеңсіз жағдайлардың, буллингтің/кибербуллингтің, бопсалаудың т.б. жағдаяттардың алдын алу", ""Ер намысы-ел намысы" тақырыптары қозғалды. "Тәрбие отбасынын басталады" бейнероликтерді тамашалап, қойылған сұрақтарына жауап беріп, өмірмен байланыстырып, өз ойларын ортаға салды. @aqtobe_bilim_basqarmasy@obrazovanie_gorod_aktobe