Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

6_mektep_gimnaziyasy Осы аптада Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында директордың оқу- тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярованың басшылығымен , қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің жаңашыл жетекшісі Ш.Р.Байгараеваның жетекшілігімен " Ұлы даланың дара тұлғалары" тақырыбында жоспарлы үшкүндік ұйымдастырылды.

Жас мамандар У.А.Смайлова, Д.К. Күнтуар, А.Н.Алғазиевалар әсерлі панорамалық сабақтар өткізіп, педагог-зерттеуші, шығармашыл ұстаз А.Қ.Жолманова "Қазақ балалар әдебиетінің атасы" айдарымен 5-6-сыныптардың дарынды оқушыларымен сахналық қойылымдар және мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Педагог - зерттеуші ұстаздар И.Б.Бесимбаева мен Ш.Р.Байгараева заңғар жазушы Мұхтар Әуезов шығармашылығына, оның ішінде " Абай жолы" эпопеясының басты кейіпкерлері әке мен бала - Құнанбай мен Абай образдарының сомдалуы жайында дөңгелек үстел жүргізді. Жауапкершіліктері мол, ізденімпаз ұстаздар Г.Т. Жусип, Ш.М.Боханова, А.Ж.Алдабергеновалар керемет әдеби кеш өткізді. Мектеп- гимназиямыздың бес жылдық даму жоспарында көрсетілгеніндей, оқу- тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлар Д. Б. Муханбедиярова, Ф.А.Кушекбаева , А.С.Сулейменовалар " Ұлтының тұғырлы тұлғасына айналған ұлылар есімі ұрпақ санасында" тақырыбында демо-сабақ ұсынды. Соңында үшкүндік қорытындыланып, әріптестері жан-жақты үйлесімділікпен, жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлесін қосқан, талғамы жоғары жетекші Шынар Райымкуловнаға ерекше құрметпен алғыстарын арнап, ризашылықтарын білдірді.