Бүгін: 08.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2024-2025 оқу жылында "Білім күні" 1 қыркүйекте "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында мектептің барлық қауымдастығы қатысуымен, 1,11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мектеп-гимназияның басшысы Романова Жания Орынжайқызы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми - тәжірибелік қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы Ибатулина Айгуль Акбалдаевна, мектеп-гимназияның Қамқоршылық кеңестің төрағасы Жалмаханова Ләззат Зинадиновна және мектеп-гимназияның әкімшілігі қатысты. Мектеп-гимназия басшысы Ж.О.Романова жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа жетістіктер, толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар, қонақтар өз тілектер білдіріп, әсем ән мен мың бұралған биге куә болды. Білім күні құтты болсын!!! #bilimkuni @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_bilim_bolimi

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР КҮЗГІ КАНИКУЛДА 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ. 

🍂Хабарландыру🍂

"СЕБЕТТЕГІ ГҮЛ" 🌼композициясы байқауын жариялаймыз!

🌼Мақсаты: Оқушыларға
композиция туралы түсініктерін кеңейту; Оқушыларды креативті ойлауға, ауызбіршілікке тәрбиелеу; Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды табиғи материалдардан «Себеттегі гүл» композициясын құрастырып жасау

📍Өтетін күні: 16.10-20.10.2023 ж
📍Қатысушылар:4-6 сыныптар

📍Ескерту: Композиция дегеніміз - бұл түрі, түсі әртүрлі безендіру элементтерін, бөліктерін бір - бірімен сәйкес үйлестіріп орналастыру. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.
Құжаттарды қабылдау ата-аналардың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы www.egov.kz порталы негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті толтырып, тиісті келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек:
  • баланың туу туралы куәлігі;
  • 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты», 065/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжаттар;
  • баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосурет.

 

 

❗️Ақтөбе қаласы “Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп - гимназиясы” КММ
педагогтерді конкурстық негізде қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 ж. №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

❗️Ақтөбе қаласы “Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп - гимназиясы” КММ
педагогтерді конкурстық негізде қабылдау ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 ж. №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Оқу - ағарту министрлігі “Ұстазыңды құттықта!“ байқауын бастады.
Байқауға қазір мектепте оқып жүргендер де, сондай-ақ ұстаздарына алғысы мен тілегін білдіргісі келетін мектеп бітіріп кеткендер де қатыса алады. Ол үшін Instagram, facebook, Tik tok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта
#поздравьсвоегоучителя хештегімен мәтін, фото немесе бейне құттықтау жариялау қажет.

“Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясы” КММ

“Мектепке жол” республикалық акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.

"Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясы" КММ-сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы No57 бұйрығының (19.11.2021 #568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады: