Бүгін: 03.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау ережесіне сәйкес, Ақтөбе қаласы білім басқармасының 2022 жылғы 26 тамыздағы бұйрығына сәйкес Романова Жания Орынжайқызы “Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясына”КММ директоры қызметіне тағайындалды.

⚜️Жания Орынжайқызы Романова - 1968 жылы 20 наурызда Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылында дүниеге келген.
⚜️1982 жылы Жайсаңбай сегізжылдық мектебін үздік бітірген.
⚜️1982 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесіне түсіп, 1986 жылы “бастауыш класс мұғалімі” мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.
⚜️1986-1987 оқу жылында Қаракөл орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
⚜️1987 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шыққан. Институтта оқып жүргенде А.С.Пушкин атындағы, Лениндік стипендия иегері болады. ⚜️Құрылыс отряды басшысы ретінде ВЛКСМ-нің Құрмет грамотасын алған.
⚜️1992 жылы Қарабұтақ ауданындағы Тасөткел, Ақтасты мектептерінде өз мамандығы бойынша еңбек етеді.
⚜️1995 жылы Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектебінде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінен дәріс береді.
⚜️2007 жылдан бастауыш кластар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2008 жылдан мектеп әдіскері болды.
2009 жылдан бастап № 53 орта мектептің директоры қызметін атқарады.

?Романова Жания Орынжайқызын “Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы” КММ директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!???
Ұлағатты ұстаз, білімді маман, білікті басшы Романова Жания Орынжайқызына шығармашылық табыс, зор жетістіктер тілейміз.
Биік белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.