Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 29.04.22 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында Ақтөбе облысы бойынша КДИ, кафедраның аға оқытушысы, магистр С.М.Шаштығаринаның көшбасшылығымен " PIRLS халықаралық зерттеу аясында оқушылардың мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау" тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Д.Б.Муханбедиярова мен А.С.Сүлейменова “PIRLS халықаралық зерттеу аясында мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары" тақырыбында вебинар қатысушыларымен жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырып, белсенді құзіреттілік бәсекелестік тудырса, ағылшын тілі пәнінің педагог- зерттеуші мұғалімі Д.К.Абугазиева " Мәтінді талдау және интерпретациялау арқылы оқу сауаттылығын дамыту", тарих пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Г.Б. Жәшібай " Туған өлке тарихы - ұрпаққа тағылым" , орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің педагог- зерттеуші мұғалімі Н.Ж.Жансугурова " Имя в жизни человека" , математика пәнінің педагог- сарапшы мұғалімі А. Ж.Сарсембаева " Қазақтың байырғы қара есептері" тақырыптарында дарынды шәкірттерінің сұранысқа ие зерттеу жұмыстарын ұсынып, әріптестеріне шығармашылық шалқар шабыт сыйлады. Лайықты марапаттау рәсімі жасалып, ыстық ықыласқа толы толассыз ақ тілектер ақтарылды. Креативті, жаңашыл, ақпарат құралдарын лайықты меңгерген іскер ұстаздарымыз Ақтаевтың абыройын және бір асқақтатып, кәсіби шыңдалу мен өсудің заманауи үлгісін көрсетті.