Бүгін: 08.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

І ДӘРЕЖЕЛІ 
ДИПЛОМ
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіз бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын жас ұрпақтың арасында кеңінен насихаттау және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында өткізілген "Тәуелсіздік Дарыны" атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған дарынды оқушы Жолдыбай Сұлтанбек Серікұлы марапатталады. Құттықтаймыз! @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен ағылшын тілі пәнінен 🥉ІІІ орын иеленген 7 "А" сынып оқушысы Садуақасова Құралай. Жетекшісі: Мукашева Светлана.

Д.Қонаевтың 112 жылдығына орай ұйымдастырылған "Д.Қонаев балалар көзімен" атты қалалық сурет байқауында жеңімпаз атанған оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясының директоры Романова Жания Орынжаевна сайысқа қатысқан әрбір оқушыға алғысын жеткізе отырып, жүлделерімен құттықтады! Биік белестерді бағындыра берулеріне сәттілік тілейміз! 👏👏👏

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен физика пәнінен 🥈 ІІ орын иеленген 7 "А" сынып оқушысы Абдулла Фердоуси. Жетекшісі: Имангалиева Гулсая.
Қазақ тілі пәнінен 🥈 II орын 7 "Ә" сынып оқушысы Нағметулла Фариза. Жетекшісі: Боханова Шолпан. 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясының директоры Романова Жания Орынжаевна олимпиаданың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған оқушыларды марапаттап, үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді. Жеңімпаз оқушыларды дайындаған мұғалімдеріне алғысын білдіріп, жеңістерімен құттықтады. 👏👏👏@aqtobe_bilim_basqarmasy@obrazovanie_gorod_aktob