Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 05.05.2022 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында " 7 мамыр - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні " мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мектеп-гимназиясы басшысы Ш.С.Жанғалиеваның, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярованың , кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Т.Турешованың қызу құттықтауларынан кейін ұжымымызда қажырлы еңбек етіп келе жатқан ер азаматтарға мерекелік ескерткіш сыйлықтар табысталды.

Жиын жүргізушілері Өмірбаева Сандуғаш пен Кәдірбай Ақниет ел тыныштығының маңыздылығы мен құндылығын дәріптеп, үн қосу ұлттық рухтары мен патриоттық сезімдері шыңдалған әрбір азамат пен азаматшаның міндеті, борышы, парызы екендігіне екпін салып өтті. 2- бөлімінде шығармашыл, креативті, педагог- зерттеуші С.Қ.Қыстаубаева жетекшілік ететін " Жас ұстаздар" тобы мақтауға және мақтануға тұрарлық мерекелік шоу ұсынды.
Директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Н.Ұ.Суюндикованың мерекемен тұстас келген асқаралы 60 жасын атап өту де жарасымды үйлесім тапты. Ұжым мүшелерінің ризашылық ықыластарымен айтылған ақ тілектері сахна төрінде біраз уақыт қалықтап тұрды десек, артық айтқандық емес... "Жаса, қазақ жігіттері!!!"