Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

05.01.2024ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп -гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна әдістемелік кеңестің күн тәртібіндегі “Акмеологиялық мәдениет-кәсіби даму, тұлғалық жаңару, іскерлік шыңдалу және рухани кемелдену” тақырыбындағы теориялық мәселені педагогикалық ұжым мүшелерінің белсенділігімен және креативті білімдарлығымен жан-жақты талқылап, топтық жұмыс формасында практикалық бөлімін жүргізді. 35 ұстаз ой бөлісті .Соңы “Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы” видео-ролигімен қорытындыланды. Слайдтар мазмұны ұжым чатына салынып, кеңірек кері байланыс жасалды. 
Ақтаев ұжымы кәсіби дамудың шыңына ұмтылған және шығып үлгерген акме-педагогтерімен мақтана алады.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy

Бүгін, 15.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп тренерлері: Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның, Кушекбаева Фарида Абсатовнаның, Алдиярова Акерке Кулымбетовнаның фокус топтары арасында сабақтар серияларын беру жалғасуда.
Кереметті қараңыздар!!! Туысқан пәндердің жаңашыл қожалары : Алдиярова Ақерке Құлымбетовна мен Садықова Айгүл Миллятовна 6в класында жаратылыстану пәнінен “ Заттардың құрылысы мен қасиеттері” тақырыбында дуэт сабақ өткізді. Теория мен практиканы шебер ұштастырған қос ұстаз білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырумен қоса, жұптық және топтық жұмыстарда функционалдық сауаттылықтарын дамытуды нысанаға алды.
Мектеп тренері, жаратылыстану пәндері кафедрасының жетекшісі, “педагог-зерттеуші”, креативті ұстаз Ақерке Құлымбетовнаның өз фокус тобында, өз класында сабақтар серияларын өзі өткізуге бекінуі кәсібіне деген құрметі, жұмысына деген жауапкершілігі, шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі, әріптестеріне деген ықыласы!!!
Тәжірибе алмасуға қатынасқан әріптестері “Дуэт сабақ” авторларына рақметтерін айтты...
Салыстырмалы түрде таңдап алынған А,В,С деңгейлі оқушыларда ұмтылыс байқалды.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп тренерлері: Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның, Кушекбаева Фарида Абсатовнаның, Алдиярова Акерке Кулымбетовнаның фокус топ мүшелері бірнеше жыл қатарынан үздіксіз зерттеу сабақтарын жүргізіп келеді.
14.11.2023 ж. күні фокус топ мүшелері Акатаева Индира Нагашыбаевна 2 “В” класында орыс тілінен, Есентаева Ботакоз Амангелдиевна 6 “Б” класында ағылшын тілінен “Lesson Study” зерттеу сабақтарының алғашқы серияларын өткізді.
Тәжірибе алмасуға қатысқан әріптестері пән мұғалімдерінің зерттеу сабақтарына қойылатын талаптар деңгейінен шыққан шығармашылық әдіс-тәсілдерінің ұтымды пайдаланылуы мен сабақ барысындағы оқушылардың белсенділіктеріне оңды баға беріп, келесі сабақтың сапалы жоспарлануына ұсыныстарын айтты.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy



 

Бүгін,15.11.2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында "Графикалық органайзерлерді қолданып ,оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында мектебіміздің биология пәнінің “педагог-зерттеуші” мұғалімі, теориялық білімі терең, шығармашыл, креативті ұстаз Нукусова Ботакоз Конысбаевна қалалық деңгейде жоспарлы шебер класс отырысының бірінші сериясын өткізді.
Мектеп-гимназиясы директоры Романова Жания Орынжаевна алғы сөз сөйлеп, шебер класс авторына сәттілік тіледі. Қалалық білім бөлімі, қалалық “Ғылыми-әдістемелік кабинет” әдіскері Садыкова Айгул Санкибаевна биология пәні бойынша ашылып отырған шебер кластың мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна Ботакоз Конысбаевнаның кәсіби өсу жолы, шығармашылығы, қол жеткізген нәтижелеріне толығырақ тоқталып, келген әріптестерін таныстырып өтті.
“Танысу” тренингінен басталған шебер класс жұмысы теориялық және практикалық бөлімдерге жалғасып, соңында шебер класс мүшелігіне жазылған 15 әріптес өте жоғары деңгейде баға беріп, зор ризашылықпен шығармашыл ұстаз Ботакоз Конысбаевнаның теориялық білімі мен ұстаздық шеберлігіне алғыстарын айтып, табыстар тіледі. 
Үйрену, білу, тәжірибе алмасу мақсатында келген мұғалімдер тосын сыйларға кенеліп, үй тапсырмаларын алып, тарқасты.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



Бүгін, 08.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна Қалалық білім бөлімінің эксперттік комиссиясында бекітіліп, 2023-2024 оқу жылында жоспарланған “Белсенді оқыту арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру” тақырыбындағы шебер класс авторы, бастауыш кластың “педагог-зерттеуші”, шығармашыл ұстазы Кыстаубаева Серикгул Колганатовнамен және “Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” тақырыбындағы бастауыш кластың “педагог-сарапшы”, шығармашыл ұстазы Жантурина Гулшат Танирбергеновнамен әдістемелік кеңесу сағатын өткізді.
Кеңесте жалпы шебер класс ұйымдастырудағы мақсат, міндеттер және шебер кластың жылдық жоспары, шебер класс мүшелерімен жүргізілетін нақты жұмыстар мазмұнына бағыт-бағдар берілді.

Бүгін, 07.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна Қалалық білім бөлімінің эксперттік комиссиясында бекітілген “Математика сабағында оқушыларды бірлескен жұмысқа тарта отырып, оларды өзін-өзі және өзара бағалауға үйрету” тақырыбында өтетін шебер класс авторы, математика пәнінің “ педагог-сарапшы” мұғалімі, “Геймификация математика әлемінде” жобасы командасының мүшесі Сарсембаева Акмарал Жетескызымен әдістемелік кеңесу сағатын өткізді. 
Тоқсанына бір рет, оқу жылында төрт рет ұйымдастырылатын шебер класс отырыстары теориялық коучинг, практикалық сабақтар, “Математикалық жәрмеңке” формаларында жоспарланды.



Бүгін, 06.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевна "Графикалық органайзерлерді қолданып ,оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында ағымдағы жылдың 15 қарашасында қалалық деңгейде өткізілетін шебер класс авторы, биология пәнінің “ педагог-зерттеуші” мұғалімі, теориялық білімі терең, шығармашыл, креативті ұстаз Нукусова Ботакоз Конысбаевнамен әдістемелік кеңесу сағатын өткізді.
Тиянақты пәндік теория,функционалды жан-жақты сауаттылық, практикалық озық тәжірибеден үйретері мол, білікті ұстаздың өткізетін коучинігінде жайдан күрделіге принципіне негізделген заманауи әдіс-тәсілдер тиімді жоспарланып отыр.

Бүгін, 06.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Ж.Есенжолованың атынан “Мерген ару-2023” пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату республикалық турнирін ұйымдастыру жұмыстарына аянбай атсалысып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесіміз бен еліміздегі парасатты жас дарындарды айқындау және қолдау ісіне белсенділік танытқанымыз үшін “Ақтөбе-Дарын” орталығының инновациялық педагогикалық қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі Сейілова Гүлімай Мукашевна мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевнаға ризашылық білдіріп, мектеп-гимназия басшысы Романова Жания Орынжаевнаға АЛҒЫС ХАТТЫ табыс етті. @aqtobe_bilim_basqarmasy@obrazovanie_gorod_aktobe



Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 2022 жылдың қараша айында “Педагогикалық шеберлік орталығының” жұмыс жоспарына сәйкес Оралдық әріптесіміз Жанна Жұмашқызының теориялық дәрісімен өткізілген екі апталық “Командалық басқару және білім сапасы” тақырыбындағы оқыту бағдарламасы курсынан кейін мекеме басшысы Романова Жания Орынжаевна мен директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның идеясымен алынып, математика пәнінің “ педагог-сарапшы”, көшбасшы ұстазы Жанай Гаухар Талғатқызының жетекшілігімен биыл екінші оқу жылы жүргізіліп жатқан жаңа жобаның мұғалімдердің кәсіби өсуі мен білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға оңды ықпалы жайында жергілікті “Ақтөбе” газетінің ағымдағы жылдың 03.11.2023ж. күнгі кезекті нөмерінде “Геймификация-математика әлемінде” тақырыбында материал жарияланды. Желтоқсан айында жоба нәтижесін облыстық дәрежеде қорытындылау жоспарланып отыр.

31.10.2023ж.күні сағат 9:00-де мәжіліс залында директордың міндетін атқарушы Д.Б.Муханбедиярованың қатысумен сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.