Бүгін: 08.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында №2 қалалық емхананың дәрігер-гинеколог С.Хасенованың және СӨС кабинетінің дәрігері А.Сәндібекованың қатысуымен "Инабат" клубының 8-11 сыныптардың қыз балаларына "Рухани-жыныстық тәрбие. Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыптарында кездесу сағаты өткізілді. Шара барысында ерте жүктіліктің неге әкеп соғатынын, денсаулыққа қандай зиян келтіретінін, моральдік, психологиялық тұрғыдан қиындықтарға соқтыратынын және жыныстық пен құқықтық тәрбиенің білімдерінің аз болуы жөнінде көрсетілген бейнероликтерден түрлі өмірлік жағдаяттарды көріп, өз пікірлерін ортаға салып талқыланды. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



 

 

#2қалалық емхананың СӨС кабинетінің мамандары бірлескен жұмыс аясында "Есірткіге жол жоқ" бейнеролик пен "Салауатты өмір салты" слайд материалдарын оқушылардың назарына ұсынды. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



Екпе   салу   кезінде вакцинаны дайындау . 16 -жаста салынатын  дифтерия,сіреспеге  қарсы профилактикалық  екпені түсіндіріп ,екпе  алып жатырған мезгілі .Екпені уақытында  алып  жүрсеңдер аурудан  сақтанып жүресіңдер.

18 сәуір күні “Дерматомикоз, қышыма ауруларын алдын-алу”, “Тер ауруларын алдын-алу” , “Жеке бас гигиенасы” тақырыбында мектеп медбикелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ақтөбе санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының паразитология бөлімінің жетекші маманы Ж.Ж. Туганованың қатысуымен “Педикулездің жайылуын алдын-алу”тақырыбында 4,5,6,8кластарға түсіндірме жұмыстар жүргізілді.