Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 30.04.22 ж. күні Ғ. Ақтаев атындағы # 6 мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярованың басшылығымен биология пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Н.Ж.Жақанова жетекшілік ететін "Жаратылыстану" пәндері бірлестігінің үшкүндігі аясында 10 ә класында биология пәнінен " Биомеханиканы робототехникада қолдану"

тақырыбында креативті, білімді, білікті, шығармашыл ұстаз Нукусова Ботакөз Қонысбайқызы бірнеше ғылым негіздері кіріктірілген керемет ашық сабақ үлгісін көрсетті. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарын нысанаға ала жоспарланған жеке, топтық тапсырмалар мазмұны сыни тұрғыдан ойлауға негізделіп, білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып, кері байланыста өзара білім бәсекелестігін тудырды.Қолданылған инновациялық педагогикалық әдіс- тәсілдер тәжірибе алмасуға ықыласпен қатысқан 14 әріптестің көңілінен шығып, қоржындарына салынды. Өзіне сенімді, қадамы нық, ойы ұшқыр , іскер маман Ботакөз Қонысбайқызымен Ақтаев мақтана алады!