Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 2022 жылдың 1 мамыр күні "Ақтөбе қаласының білім бөлімі"ММ-нің және “Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы” КММ-нің ұйымдастыруымен Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының базасында Ақтөбе мектеп лигасы оқушыларының «Қазақстан бірлік пен татулықтың ордасы» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

 "Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясы" КММ-нің базасында 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнап ардагер ұстаздары, түрлі саладағы ардагер қызметкерлері волейбол ойынынан достық кездесулер өткізді.

Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру,
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлау мақсатында "1мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні" тақырыпта бірыңғай бірлік сағатын 9-класс оқушылары бірігіп ұйымдастыра білді.

Санитарлық тазалау, абаттандыру және көгаландыру
жөніндегі көктемгі екі айлықтың іс-шаралар жоспарына
сәйкес бейсенбіктерді, сенбіліктерді ұйымдастыру мақсатында "Ғ.Ақтаев атындағы #6мектеп-гимназиясы" КММ мектеп басшысы Ш.С.Жанғалиева басқарған ұжымы мектеп ауласы, Абай сквері, Т.Ахтанов пен Қ. Шаңғытбаев атындағы аллеясында тазалық жұмыстары жүргізді. 

“Жас жауынгер-2022” қалалық әскери-спорттық жарысқа “Жас сарбаз” әскери спорттық клубының мүшелері қатысып, II орын иеленді.
Жетекшісі: Е.Қ. Түбір
Құттықтаймыз!

2022 жылғы 22 сәуірде Халықаралық кітап күніне орай “Кітапхана Кеші” аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырмандары үшін “Төгіліп күй, жарқырап жыр, әуелеп ән...” әдеби - сазды алаңы ұйымдастырылды

22 сәуір - мектеп тарихында шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, елеулі еңбегімен артына із қалдырған өнегелі ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері - Ғұбайдолла Ақтаевтың туылған күні. Ардақты азамат, ұлағатты ұстаз есімін еске алу Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған салтанатты жиынға мектеп

Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында кәсіподақ ұйымының төрайымы Турешова Жадыра Тойлыбаевнаның жетекшілігімен тағылымдық сәт ұйымдастырылды.

 Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ZOOM платформасында қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері Мухтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай "Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығының қатысуымен "Ұлт руханиятының қайраткері" атты портрет кешіне мектебімізден 8 класс оқушылары қатысып келді.

Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ-ның бастамасымен,ү.ж “Балалар” жылына орай, 2022 жылдың 18 сәуір күні, Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясы ғимаратында “Мектеп Аруы-2022” атты облыстық байқау өткізілді.
Ақтаев ару қыздары Болатова Мила және Скакова Индизар қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Алған жеңістеріңіз және сыйлықтарыңыз құтты болсын. Құттықтаймыз!