Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

15 сәуір күні Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясында МКК “Облыстық ЖИТС алдын - алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының ” ШЖҚ мамандары М.Қ. Матаева және А.Ж. Куралованың қатысуымен “ АИТВ - жұқпасының алдын-алу” тақырыбында дәріс оқылып, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

“Балалар жылы” аясында 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылған апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Ғарышты игерудегі жетістіктер” тақырыбында 9 класс оқушыларының қатысуымен сайыс өткізілді.

Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы #3ҚПБ-нің ұйымдастыруымен "Мен және менің полицейім" науқан аясында мектеп оқушылары Ғарышкерлер күніне арналған экскурсияны тамашалап қайтты.

Бүгін – Ғарышкерлер күні.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды.
Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Қазақ халқының да 3 ұлы ғарыш сапарында болды. 1991 жылы 2 сәуірде Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында дайындығын пысықтап, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Араға үш жыл салып Талғат Мұсабаев та ғарыш сапарына аттанды. 2015 жылы 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов екінші бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына аттанған болатын

“Балалар жылы” аясында 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылған апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Ғарышты игерудегі жетістіктер” тақырыбында 9 класс оқушыларының қатысуымен сайыс өткізілді.

Құрметті мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар! Мектебімізде оқушылар мен ата-аналарына тегін кеңес беру бойынша "Balaqorgau" веб сайты жобасы жұмыс жасап тұр. Сайтқа QR код сканерлеу арқылы кіре отырып, мектепте, үйде, көшеде қиындықтарға тап болған мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына арналған кеңеспен таныса аласыздар!

"Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында кітапхананың жылдық жоспарына сәйкес мектеп оқушылары арасында"Оқу жылдамдығын тексерейік!"атты акция-сайысы өтті. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра отырып, оқуды жылдам әрі түсінікті етіп оқуға дағдыландыру. Әр 1-11кластардың параллель бойынша шапшаң оқитын білім алушылар анықталып, марапатқа ие болды. Барлықтарыңызды кітап оқуға шақырамыз!!!

Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3 ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты, мектеп инспекторы Н.Ш. Сутеевке берілді, 11.04.2022 ж. күні Ақтөбе қаласы, «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ-не 11.04-15.04 күндері аралығында “Мен және менің полицийім” науқан аясында 8-11 класс оқушыларына “Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Полиция қызметкерлерінің арнайы құрылғылар (планшет және рация) туралы” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.