Бүгін: 21.09.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

22 сәуір - мектеп тарихында шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, елеулі еңбегімен артына із қалдырған өнегелі ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері - Ғұбайдолла Ақтаевтың туылған күні. Ардақты азамат, ұлағатты ұстаз есімін еске алу Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған салтанатты жиынға мектеп

басшысы Жанғалиева Шолпан Серікбаевна бастаған мектеп ұжымы, Ғұбайдолла Ақтаев атамыздың қызы Шолпан Ғұбайдоллақызы, Ғұбайдолла Ақтаев атамыздың келіні Джанат Умбетовна, 1953 жылғы мектеп түлегі, ардагер ұстаз, ҚР-ң оқу ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, облыстық ішкі саясат жанынан құралған ақпараттық кеңес мүшесі, облыстық білім басқармасының ақсақалдар кеңесінің мүшесі қамқоршылық кеңес төрағасы Қуан Қамалхан Қуанұлы, 1953 жылғы мектеп түлегі, Ішкі істер органдарының құрметті ардагері, Қамқоршылық кеңес мүшесі Ғизатов Бақыт Базарғалиұлы, Қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналары Амирова Гүлназ Айтқалиқызы, Бақаева Бибігүл Утесиновна қатысты. Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік аясында мектепаралық және мектепішілік өткен іс-шаралардың жеңімпаздары, соның ішінде №66,77,42,13,62,52 мектеп ұстаздары, оқушылары және мектебіміздің білімде, спортта, өнерде жеңіске жеткен үлгілі шәкірттер марапатталды.