- 64
Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі туралы Ереже
I. Жалпы ережелер
1.1. Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі – тәрбие үдерісін мектепішілік басқаруды әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жағынан үйлестіруді қамтамасыз етуші оқу-тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі.
- 272
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының негізгі басқару функциясы.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басқару объектісі: педагог кадрлары, оқушылар және ата-аналар ұжымы. Аталған объектілерді басқару пәрменді болуы үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өзіндік басқару қызметі алдын ала жоспарлануы қажет. Осыған байланысты «Педагог – Оқушы – Ата-ана» үштігі қызметінің дамуын қамтамасыз етуші басқару қызметінің жоспары мен мазмұнын қарастырайық.
I. Басқару қызметінің мазмұны:
Педагог кадрлармен жұмыс.
Мақсаты: кластар ұжымының қарым-қатынасын ұйымдастыру
-
Класс жетекшілерімен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар.
Мақсаты: кәсіби білімі мен білік, дағдысының ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру.
Мазмұны: класс ұжымындағы тәрбие жұмысын жобалау, жоспарлау және басқару қызметтерін атқару дағдысын қалыптастыра отырып, заманауи технологиялар мен әдістерді меңгерту, ұжымдық шығармашылық істер сценарийін дайындау, класс тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, кластағы зерттеу жұмысы, оқушы тәрибелік деңгейінің диагностикасын жасау және талдау шеберлігін көтеру.
Негізгі формалар мен әдістер: әдістемелік бірлестіктер жұмысы, семинарлар, педагогикалық оқулар, іскерлік ойындар, дөңгелек үстел отырыстары, психологиялық-педагогикалық консилиумдар, ашық тәрбиелік шаралар.
Күтілетін нәтижелер:
а) класс жетекшінің кәсіби біліктілік деңгейінің жоғарылауы;
ә) оқушылардың тәрбилілік деңгейінің көтерілуі;
б) класс ұжымымен атқарылатын жұмыстарда сараланған әдіс-тәсілдерді қолдану;
-
Педагогтармен нұсқаулық әдістемелік жұмыстар:
Мақсаты: мектеп ұжымының қызметіне талдау жасау және бағалау, қойылған мақсатқа жету үшін тәрбиеге қатысушы барлық қызметкерлердің жұмысын үйлестіру
Мазмұны: нормативтік құжаттармен таныстыру, мектепте өтіп жатқан істер туралы ақпарат беру, атқарылған жұмыстар нәтижесін көрсету, талдау жасау.
Негізгі формалар мен әдістер: кеңестер, планеркалар, ақпарат беру, талдау, қзіндік талдау, есеп беру
Нәтиже: ашықтық, кемшіліктерді уақытында жою, іс-әрекеттер сәйкестігі мен бірізділігін қамтамасыз ету.
-
Педагогтармен жеке жұмыстар.
Мақсаты:практикалық қызметте педагогтарға көмек көрсету
Мазмұны: педагогтар қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты..
Негізгі формалар мен әдістер: кеңестер, практикалық көмек көрсету.
Нәтиже:талданған тәжірибенің іс жүзінде қолданылуы.
-
Тәжірибе алмасу.
Мақсаты: тәрбие жұмысы бойынша озық іс-тәжірибе жинақтау.
Мазмұны: барлық категорияларды қамтиды: мақсат, міндеттер, қағидалар, әдіс-тәсілдер мен технологиялар.
Негізгі формалар мен әдістер: педагогикалық кеңестер, ғылыми-практикалық конференциялар, дискуссиялар, педагогикалық оқулар, ашық тәрбиелік шаралар.
5.Пәндік әдістемелік бірлестіктермен ынтымақтастық
Мақсаты: пәндік циклдар бойынша кластан тыс тәрбиелік шаралар жоспарын келістіру, тәрбие мақсатының оқыту үдерісінде орындалуын ұйымдастыру және қадағалау.
Мазмұны: сабақтың тәрбиелік функциясының орындау әдістемесі, педагогикалық талап бірізділігін қамтамасыз ету (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысының орындалуын қамтамасыз ету).
Негізгі формалар мен әдістер: пәндік әдістемелік бірлестік отырыстары, педагогикалық оқулар мен кеңестер, әдістемелік нұсқаулықтар дайындау, публикациялар.
Нәтиже: бірлескен жоспар негізінде барлық тәрбиелік қызмет түрлерінің бір-бірімен байланысы мен үйлесімділігі.
6. Қосымша білім беру педагогтарымен жұмыс
Мақсаты: педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, педагогтар қызметін мектептің тәрбие жұмысы жоспарымен үйлестіру.
Мазмұны: әдістемелік оқыту, мектекпішілік ұжымдық шығармашылық жұмыстарын дайындау мен ұйымдастыруды жоспарлау.
Негізгі формалар мен әдістер: әдістемелік бірлестіктер отырыстары, жеке консультациялар, әңгіме, педагогикалық кеңес.
Нәтиже:бірлескен жоспарлау негізінде қызмет түрлерінің үйлесімділігі мен сәйкестігі.
Оқушылар ұжымымен жұмыс
Мақсаты: қызығушылығы негізінде оқушылар топтарымен қарым-қатынас арқылы олардың өмірлік қызметтерін ұйымдастыру.
-
Жалпы мектепішілік ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру (бұдан әрі -ҰШЖ)
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Мазмұны: ұжымдықшығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, бірлесе жоспарлау.
Негізгі формалар мен әдістер: ҰШЖ әдістемесі негізінде топтық және бұқаралық шараларды атқару
Нәтиже: оқушылардың мектептік өміріне ризашылығы, мектеп дәстүрін анықтау, оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетінің дамуы.
-
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс
Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасау, бала құқығының бұзылмауын қамтамасыз ету.
Мазмұны:жұмыс формасын таңдау, жоспарлау, іске асыру.
Негізгі формалар мен әдістер: оқушылардың өзін-өзі басқару органының отырысы, тренингтер, іскерлік ойындар, хабарландырулар, талдау-сараптама жұмыстары
Нәтиже: оқушылар белсенділігін артуы, әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жетілуі, өз ісіне деген жауапкершіліктерінің артуы.
-
Оқушылармен жеке жұмыстар
Мақсаты:жекелеген сұрақтар бойынша оқушыға көмек, қолдау көрсету.
Мазмұны: жұмыс формасын таңдау, жоспарлау, іске асыру.
Негізгі формалар мен әдістер:психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, консультация беру, әңгімелесу, ой қозғау.
Нәтиже: оқушылардың әлеуметтік қорғалынуы.
Ата-аналар ұжымымен жұмыс
Мақсаты: ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, ата-ананың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуын қамтамасыз ету
Мазмұны:мектептегі жағдаяттармен ата-аналарды хабардар етіп отыру, оларды оқу-тәрбие ісіне қатыстыру, ата-аналардың педагогика-психологиялық білімдерін жетілдіру, отбасы тәрбиесіне көмектесу.
Негізгі формалар мен әдістер:ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері, лекторийлар, тәрбие ісі бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
Нәтиже: ата-аналардың мектеп өміріне ризашылығы, отбасы тәрбиесінде педагогтармен бірлескен іс-әрекеттер.
Қосымша білім беру ұйымдарымен жұмыс
Мақсаты: Қоғамдық және әлеуметтік ұйымдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру
Мазмұны:оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, сұраныстары негізінде қосымша білім беру
Негізгі формалар мен әдістер:. Клубтар, үйірмелер, секциялар, бұқаралық тәрбиелік шаралар ұйымдастыру
Нәтиже: социумның тәрбиелік мүмкіндігін пайдалану
II. Болжамдау, жоспарлау қызметі:
Білім беру ұйымының жұмысы нақты да дәл жоспарланған жағдайда ғана болжамдалған педагогикалық жетістікке қол жеткізу мүмкін. Сондықтан, педагогикалық қызметті жоспарлауды педагогикалық-психологиялық проблеманың шешу жолын анықтайтын нормативті басқару құжаты ретінде қабылдап, күтілетін нәтижені алдын ала болжамдау деп түсінуге болады. Бұл құжат - білім беру мекемесінің даму бағытын нақтай отырып, оны жүзеге асыру жолдары белгіленген басқару тетігі.
Ал, мектеп жұмысын дұрыс жоспарлай білу және оны іске асыру – педагогикалық ұжым еңбегін ғылыми тұрғыда дәл есеппен ұйымдастыру болып табылады.
Жоспарлау дегеніміз - басқару қызметінінің мақсаты мен міндетінің орындалуын қамтамасыз ететін, өткізілетін уақыты мен орны, әдістері мен формалары, оған қатысушылары нақты белгіленген іс-шаралар жүйесі.
Қазіргі кезде мектепте төмендегі жоспарлау түрлері кездеседі:
-
Мектептің, кластың, балалар мен ересектердің басқа да түрлі ұжымдары (үйірме, клуб, секция, қоғамдық ұйымдар, өзін-өзі басқару) жұмысының жоспары.
-
Күнтізбелік, жылдық, ұзақ мерзімдік (перспективалық).
-
Оқушының жеке тұлғасын дамыту:
а) дарынды оқушылармен атқарылатын тәрбиелік іс –шаралар жоспары;
ә) «Тәуекел» тобындағы және Ішкі істер бөлімінің, мектептің ішкі есебіне алынған оқушылармен атқарылатын түзету, үйлестіру жұмыстарының жоспары;
б) денсаулығында кемшіндігі бар оқушыларды сауықтыру жұмысының жоспары.
-
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының құрылымы:
-
Мектептің өткен жылы атқарған жұмыстарының толық талдауы.
-
Жаңа оқу жылындағы мақсат, міндеттері.
-
Оқушыларға тәрбие - білім беру үдерісін қамтамасыз ету бағытындығы іс-шаралар кешені.
-
Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау бағытындағы іс-шаралар кешені.
-
Педагогикалық кадрлармен атқарылатын іс-шаралар. Педагогтардың білімін жетілдіру жұмыстары.
-
Мектептен тыс тәрбие жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы іс-шаралар кешені.
-
Қосымша білім беру ұйымдарымен қарым-қатынас.
-
Мектепішілік бақылау мақсатындағы іс-шаралар.
-
Мектептің ата-аналар қауымдастығымен жүргізетін іс-шаралар кешені.
-
Мектепің материалдық базасын жетілдіру бағытындағы жұмыстар. Қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспары.
-
Педагогикалық ұйымдастыру шараларының жоспары.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарын дайындауда негізге графикалық үрдісті пайдаланған тиімді:
-
әрбір календарлық айларда атқарылатын дәстүрлі іс-шаралар;
-
мектептің негізгі дәстүрі;
-
оқу-тәрбие жұмысының мақсат, міндеттеріне сәйкес жүргізілетін іс-шарлардың жаңа формалары мен түрлері.
Үлгі ретінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың басқару қызметінің төмендегі айлық циклограммасын қарастырайық:
Тамыз.
-
Тамыз кеңесін дайындау.
-
Класс жетекшілерімен жұмыс: класс жетекшілерін белгілеу, олардың жаңа оқу жылына дайындығы.
-
Білім күнін өткізуге арналған іс-шараларды дайындау.
-
Жаңадан қабылданған оқушылар мінез-құлқының диагностикасын жасау және оны қорытындылау.
Қыркүйек.
-
Білім күні мекрекесін өткізу.
-
Оқушылар қызығушылығы негізіндегі клуб, үйірме т.б. жұмыстарын ұйымдастыру.
-
Мектеп кеңесі, ата-аналар кеңесі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру.
-
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасын жасау.
Қазан.
-
Мұғалімдер күні мерекесін өткізу.
-
Класс жетекшілерінің жылдық жұмыс жоспарын талдау және бекіту
-
Класс жетекшілерімен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар:
-
оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар;
-
отбасы тәрбиесін зерделеуге көмек беру.
-
Күзгі каникул жоспарын жасау.
-
Класс жетекшілер құжаттарының жүргізілуін зерделеу.
Қараша.
-
Күзгі каникулді өткізу.
-
Ата-аналармен жұмыстар.
-
Класс жетекшісі мен психолог, әлеуметтік педагогтің «тәуекел» тобындағы балалар және ішкі істер бөлімінің есебіне алынған оқушылармен атқарған үйлестіру, түзету жұмыстарының жүргізілуі және нәтижелілігі.
Желтоқсан.
-
1-ші жартыжылдық қорытындысын шығару
-
Жаңа жыл мерекесіне дайындық
-
Қысқы каникулді өткізуге дайындық жұмыстары
-
Мектепішілік олимпиада өткізу.
Қаңтар.
-
Қысқы каникулді өткізу
-
Педагогикалық кеңес жұмысына дайындық
-
Оқушылар тәрбиелілік деңгейінің диагностикасы. Талдау.
-
Жас мамандар мектебінің жұмысы.
Ақпан.
-
Оқушылар тәрбиелілік деңгейінің диагностикасы қорытындысы бойынша класс жетекшілерінің әдістемелік кеңесінің отырысы.
-
Оқушының әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастырудағы кл.жетекші мен қосымша білім беру педагогінің бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижелілігі.
Наурыз.
-
Наурыз –жыл басы мерекесін дайындау және өткізу.
-
Көктемгі каникулді ұйымдастыру.
-
Балалардың қоғамдық ұйымының жалпы мектепішілік жиыны.
-
Оқушылар тәрбиелілік деңгейінің диагностикасы.
Сәуір.
-
Қала, ауыл, мектеп аймағын абаттандыру жұмысына қатысу.
-
Жылдық жұмысқа таладау жасауға дайындық жұмыстары (материалдар жинақтау және оны талдау)
-
Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ жұмысына дайындығын қамтамасыз ету.
-
Жас мамандар мектебінің жұмысы.
-
Оқушылардың жазғы дем алыс ын ұйымдастыруға дайындық шаралары
Мамыр.
-
Халықтар бірлігі мерекесін өткізу.
-
Ұлы жеңіс мерекесін өткізу.
-
«Соңғы қоңырау» мерекесін өткізу.
-
Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі отырысын өткізу.
-
Қорытынды педагогикалық кеңеске дайындық.
Маусым.
-
1-ші маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар өткізу.
-
Мектеп бітірушілердің ҰБТ жұмысына қатысуын қамтамасыз ету.
-
Мектеп бітірушілер кешін ұйымдастыру.
-
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, өткізу жұмыстары.
Қосымшалар:
№1 қосымша
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының тәрбие жұмысы бойынша
кешенді-мақсатты
Бағдарламасы
20___-20___ жылдар
Бағдарлама мақсаты: жеке тұлғаның жас ерекшеліктері мен мәдени дамуы деңгейін ескере отырып, әлеуметтік өмірге араласуын қамтамасыз ету.
Бөлімдер |
Функционалдық міндеттер |
Жүргізу формасы |
Тамыз |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар: |
Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы:
|
Пән мұғалімдерімен әдістеме-нұсқаулық жұмыстар: |
Педагогикалық кеңес: 1.Оқыту тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі ретінде: сабақтың тәрбиелік мәнін ашу әдістемесі |
|
Қосымша білім беру педагогтарымен жұмыс: |
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру |
|
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Жалпы мектептік шығармашылық жұмыстар: |
«Білім күні» мерекесін ұйымдастырып, өткізу |
Оқушылармен жеке жұмыстар: |
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру |
|
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
Ата-аналармен байланысты қамтамасыз ету: |
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін және көп балалы отбасы балаларының жағдайын зерттеу; Ата-аналар лекторийінің жұмысы; Бірлескен іс-әрекеттерге бастама жасау және ұсыныс беру. |
Қыркүйек |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар: |
«Кластағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбына теориялық-практикалық семинар Класс оқушыларының психологиялық-педагогикалық мінездемелерін зерттеу негізінде мектептің тәрбиелік проблемасын анықтау |
Пәндік әдістемелік бірлестіктермен үйлестіру жұмыстары |
Әдістемелік бірлестік жұмыстарын жоспарлаудағы тәрбиелік аспект «Денсаулық мерекесін» өткізу жоспары |
|
Әлеуметтік педагогпен жұмыс |
Класс жетекшілерімен бірлесе отырып, класстың, кейіннен, мектеп оқушыларының әлеуметтік паспортын дайындау Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары туралы материалдар жинақтау |
|
Қосымша білім беру педагогімен жұмыс: |
Бағдарламалар мен жұмыс жоспарын бекіту |
|
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Ұжымдық шығармашылық жұмыстары |
«Білім күні» мерекесін өткізу; Бірінші кластықтарды оқушылар қатарына қабылдау рәсімі; Оқушылар қызығушылығы клубтарның презентациясы Денсаулық күні мерекесін ұйымдастырып, өткізу |
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы |
Оқушылвр кеңесінің сайлауын өткізу; Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастыру Мектеп айналасын абаттандыру айлығын ұйымдастырып өткізу |
|
Оқушылармен жеке жұмыстар: |
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасы Жаңа қабылданған оқушыларға психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізу Класс жетекшілерінің әдейі қолдау мен назарды қажет ететін оқушылармен атқарған жұмысының зерделенуі |
|
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
Ата-анамен жұмыс: |
Ата-аналар жиналысы Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасының қорытындысымен таныстыру Ата-аналар комитетінің мүшелерін бекіту, комитет жұмысының жоспарын дайындау |
Қазан |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар: |
Оқушылар қиындықтары бойынша психолого-педагогикалық консилиум Кластың тәрбие жұмысындағы жеке тұлға тәрбиесінің пәрменделігі мен өзектілігі Класс жетекші мен психолог арасындағы өзара бірлескен іс-әрекеттер жобасын талдау |
Пән мұғалімдерімен әдістеме-нұсқаулық жұмыстар: |
Планерка: 1.Мұғалімдер мерекесін өткізу; 2. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасының қорытындысымен таныстыру және түзету, үйлестіру жұмыстарының жоспарын талдау. |
|
Қосымша білім беру педагогімен жұмыс: |
Тәрбиесі «қиын» оқушылармен жүргізілетін жұмыстар әдісі бойынша кеңес |
|
Әлеуметтік педагогпен жұмыс |
Мектепішілік есепке алынған балалар, олармен атқарылған тәрбиелік шаралар нәтижелілігі. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс (емдеу, материалдық көмек көрсету, отбасымен арасындағы кикілжіңдерді шешу жағдайы т.б.) |
|
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Ұжымдық шығармашылық жұмыстары |
Мұғалімдер мерекесін ұйымдастырып, өткізу дайындығы; Жол жүру қауіпсіздігі онкүндігін өткізу; Рухани-адамгершілік тәрбиесін іске асыру жолдар мен әдістері: қарттар күнін өткізу, жалғыз басты қарттарға қол көмегін ұйымдастыру шаралары. |
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы |
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы активін оқыту жұмыстары; Күзгі каникулды өткізу жоспарын даярлау |
|
Оқушылармен жеке жұмыстар: |
Диагностика негізінде жүргізілетін жеке жұмыстар; |
|
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
Ата-анамен жұмыс: |
«Ашық есік» күнін өткізу Ата-аналарға арналған педагогика-психологиялық ағарту жұмыстары |
Мектептен тыс мекемелермен байланыс Мақсаты: мектеп оқушылары мен қоғамдық институттар арасында байланыс орнату |
Мектептен тыс мекемелермен байланыс |
Мектептен тыс білім беру ұйымдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-әрекеттер. Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру жұмыстары |
Қараша |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар: |
«Қиын» оқушылармен жұмыс әдістемесі тақырыбына дөңгелек үстел отырысы; Жеке тұлға тәрбиелеу мәселесі. |
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы |
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының презентациясы |
|
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар |
«Күзгі бал» - демалыс кешін ұйымдастыру Күзгі каникул аясында:
|
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
Ата-анамен қарым-қатынас |
Ата-аналарға педагогика, психологиялық тұрғыдан кеңес беру |
Желтоқсан |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Класс жетекшілерімен әдістемелік жұмыстар: |
Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі отырысы:
|
Қосымша білім беру педагогтарымен |
Оқушылардың қосымша білім беру ұйымдарымен байланысы мен білім сапасы |
|
Психолог жұмысының қорытындысы |
1-ші жарты жылдық есебі: оқушылармен жүргізілген түзету, үйлестіру жұмыстарының нәтижесі |
|
Мектеп дәрігерімен жұмыс |
1-ші жарты жылдық есебі: оқушылар денсаулығын нығайту шаралары мен оның нәтижелілігі |
|
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар |
Жаңа жылдық мерекелерді атап өту шараларын белгілеу Қысқы каникул дц ұйымдастыру шараларын белгілеу |
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
Ата-аналармен байланыс |
Жаңа жылдық мерекелерді ұйымдастыуға ата-аналар комитетінің қатынасы (бастауыш класс балалары мен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлықтар даярлау ) |
Қаңтар |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Класс жетекшілері және психолог, әлеуметтік педагог, мектеп дәрігері арасындағы бірлесе атқарылатын жұмыстар. |
|
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Ұжымдық жұмыстар |
Оқушылардың қысқы каникулын мақсаткерлі де тиімді ұйымдастыру және атқару. |
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
Оқушылар денсаулығын нығайту мәселелері |
Мектеп дәрігерімен бірлесе отырып, «Д» есебіне алынған балалар денсаулығын тексеру, қажетті дәрумендермен қамтамасыз ету |
Ақпан |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Класс жетекшілерінің әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы |
1.Жас жетекшілер мектебінің жұмысын зерделеу. 2.Оқушылар тәрбиелілік деңгейінің диагностикасы қорытындысы бойынша класс жетекшілерінің әдістемелік кеңесінің отырысы. 3. Оқушының әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастырудағы кл.жетекші мен қосымша білім беру педагогінің бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижелілігі. |
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс |
|
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
Мектеп бітіруші түлектердің (9, 11 кл.) ата-аналарымен бірлесе өткізілетін тәрбиелік шара |
«Мен және менің болашақ мамандығым»- пікірталас |
Наурыз |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Кл жетекші мен психологтың бірлескен іс әрекеті |
Оқушылар тәрбиелілік деңгейінің диагностикасының салыстырмалы қорытындысы. |
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Ұжымдық жұмыстар |
Көктемгі каникулді ұйымдастыру. Балалардың қоғамдық ұйымының жалпы мектепішілік жиыны |
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
«тәуекел» тобына жататын оқушылар ата-анасына психологиялық қолдау көрсету |
Қиын жағдайға тап болған оқушы ата-анасымен бірлескен тәрбие сағатын өткізу. |
Сәуір |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Қосымша білім беру педагогтары мен класс жетекшілер арасындағы байланысты дамыту |
Қосымша білім беру педагогтарының оқушы білімі сапасын көтерудегі ролі тақырыбына пікір талас Жас мамандар мектебінің жұмысына талдау |
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Ұжымдық жұмыстар |
Қала, ауыл, мектеп аймағын абаттандыру жұмысына қатысу. Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ жұмысына дайындығын қамтамасыз ету. |
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
Оқушылардың жазғы дем алысын ұйымдастыруға дайындық шаралары Түлектердің ҰБТ жұмысына дайындығын қамтамасыз ету. |
|
Мамыр |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі отырысын өткізу. |
|
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Ұжымдық жұмыстар |
«Соңғы қоңырау» |
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
||
Маусым |
||
Кадрмен жұмыс Мақсаты: класс ұжымдары арасындағы байланыс пен қарым-қатынас орнату |
Қорытынды педагогикалық кеңес |
|
Оқушылармен жұмыс: Мақсаты: ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру |
Мектеп бітіру кеші |
|
Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай педагогикалық позиция негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру. |
№2 қосымша
Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспары
ЖОБА
№ |
Кешенді Бағдарла-маға сәйкес тәрбие жұмысы-ның бағыт-тары |
Атқарыла тын жұмыс бағыттары |
Іс – шаралар |
Клас-тар |
Атқарылу мерзімі |
Атқарылуына жауаптылар |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
||
Қыркүйек 1.Мектеп айналасын абаттандыру айлығы.
3.Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы |
||||||||
1 |
Әлеумет тік мәнді және жеке қасиет-терін қалыптастыру |
Таным дық іс-шаралар |
«Білім күні» - мерекесін өткізу |
1-11 |
1-ші қыркүйек |
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар (ТІЖО) |
||
Зерттеу жұмыстары |
Оқушы тәрбиелілігі деңгейін алғашқы анықтау |
1-11 |
5-20 қыркүйек |
Класс жет., психолог |
||||
2 |
Азамат тық-патриот- тық, құқық- тық және полимә-дениеттік тәрбие |
Құқық- тық тәрбие беру |
|
1-11 |
5-30 қыркүйек |
Класс жетекші, әлеуметтік педагог |
||
3 |
Дене тәрбиесі мен және денсау- лық қорғау- шы орта қалыптастыру |
Дене тәрбиесі мен салауат- ты өмір салтын қалыптас-тыру |
1.Дәстүрлі денсаулық күнін өткізу 2. Жазғы спорт түрлерінен мектепішілік жарыстар ұйымдастыру |
1-11 |
12 қыркүйек Ай бойы |
ТІЖО Дене тәрбиесі пәні мұғалімі |
||
4 |
Отбасы тәрбиесі |
Ата-аналар- мен жұмыс |
1.Ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің жаңа құрылымын сайлау және жұмыс жоспарын бекіту. 2. Қамқоршылық Кеңесінің отырысын өткізу (есеп беру, қайта сайлау) |
1-11 |
25 қыркүйек-ке дейін |
Класс жетекшілер. ТІЖО |
||
5 |
Азамат тық-патриот- тық, құқық- тық және көпмәде-ниеттілік тәрбиесін беру. Еңбек және экономикалық тәрбие беру |
Қазақ- стандық патрио- тизм сезімде- рін қалыптас-тыру |
1.Жергілікті жерлерде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге, тарихи – мемориалдық кешендерге оқушылар саяхаттарын ұйымдастыру. 2.Соғыс ардагерлеріне арнап орнатылған монументтер мен ескерткіштерді оқушылар қамқорлығына алу. 3. Мектеп айналасын абаттандыру айлығы аясындағы шаралар |
5-11 5-11 |
Ай бойына |
Кл. жетекшілері ата-аналар комитетімен бірлесе отырып. |
||
Қазан айы
|
||||||||
6 |
Рухани – адамгер- шілік тәрбиесі |
Қайрым- дылық, ізгілік тәрбиесін беру |
-соғыс және тыл арадагерлерін мерекелік шаралармен қамту. |
1-11 |
1-ші қазан |
Кл. жет., ата-аналар комитеті, мектептің қамқоршы лық Кеңесі |
||
7 |
Зерделеу жұмыс тары |
Өзін -өзі тану, дамыту қабілет- терін қалыптас-тыру |
Оқушылардың тәрбиелілік деңгейінің диагностикасы негізінде жекелеген оқушылардың деңгейін көтеру мақсатында атқарылатын шаралар кешенін жоспарлау және оның орындалуына жағдай жасау. |
1-11 |
Айдың 20 –на дейін |
Кл. жет., психолог, әлеумет тік педагог |
||
8 |
Дене тәр. мен салауат ты өмір салтын қалыптас-тыру |
Денсау лық қорғау шы орта қалыптас-тыру |
Президенттік тест нормативтерін орындауға даярлық жұмыстары |
5,9,11 |
Ай бойы |
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі |
||
9 |
Эстетика-лық тәрбие беру. Әлеумет-тік – мәнді және жеке қасиет. қалыптастыру |
Эстетика-лық тәрбиесін беру. Шығарма-шылық және белсенді өмір ұстаным қабілет- терін дамыту |
«Алтын күз» -табиғи материалдардан даярланған экспонаттар көрмесі. Күз балы |
4-11 9-11 |
1-ші онкүндік те |
Кл. жет., еңбек, көркемсурет, пәндері мен қосымша білім беру педагогтері |
||
10 |
Рухани – адамгер- шілік тәрбиесі |
Адами құндылық-тарды тани, қастер- лей білуді қалыптас-тыру |
«Ұстазым менің, ұстазым!» - жалпы мектептік мереке |
1-11 |
қазан айының 1-ші сенбісі |
Оқушы лар дың өзін -өзі басқару ұйымы |
||
11 |
Теріс ағымдағы діни көзқарас ықпалынан қорғау жұмыстары |
Рухани келісім күніне арналған шаралар кешені |
1-11 |
2-ші аптада |
ТІЖО |
|||
12 |
Салауат-ты өмір салтын ұсату тәрбиесі |
Денсау лық қалыптас-тырушы орта қалыптас |
Алкоголь ішу, темекі шегудің зияны туралы шаралар |
1-11 |
3-ші аптада |
Кл. жет. |
||
Қараша
|
||||||||
13 |
Әлеумет-тік мәнді және жеке қасиетте-рін қалыптастыру |
Құқықтық тәрбие беру |
«Жасөспірім» - операциясына қатысу арқылы күзгі каникул кезінде оқушылар қылмысының алдын алу жұмысын ұйымдастыру. Мектептің «Тәртіп сақшылары» тобының екі айлық есебі |
8-11 |
Айдың соңғы декадасын да |
Топ жетекшісі, ТІЖО, Ата-аналар комитеті |
||
14 |
Рухани – адамгерші-лік тәрбиесі |
Қазақстан-дық патрио- тизм сезімдер- ін қалыптас-тыру |
1.«Ана тілім – айбыным!» тілдер айлығын өткізу 2. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбымен патриоттық тәрбие айлығын өткізу |
5-11 5-8 |
Тілдер айлығы Патриот тық тәрбие беру айлығы ның жоспары на сәйкес |
ТІЖО, Балалардың қоғамдық ұйымының жетекшісі. |
||
Балалар қоғамдық ұйымының жалпы жиыны: Қала, ауыл аймағында тұратын еспубликамыздың өркендеуіне үлес қосқан ардақты ақсақалдармен кездесу. Кездесу: Ауыл, қала тұрғындарының саяси - әлеуметтік өмірінің көркеюіне үлес қосып отырған мекеме, кәсіпорын басшыларымен кездесу кеші |
||||||||
Сайыс:Қазақстан Республикасының мем лекеттік рәміздерін біліп, үйрену |
||||||||
Желтоқсан
|
||||||||
15 |
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру |
Өзін - өзі тану, басқару, өзара қарым-қатынас, дербестікті қабылдау және дамыту |
Оқушылардың өзін -өзі басқару ұйымының жұмысына талдау |
1-аптада |
Мектеп Парламентінің басқару комитеті, ТІЖО |
|||
16 |
Азамат тық, патрио ттық тәрбиесі |
Елжандылық сезімдер ін қалыптастыру |
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналған шаралар кешені |
1-11 |
3-ші аптада |
ТІЖО |
||
17 |
Зерделеу жұмыстары |
Өзін -өзі тану, дамыту қабілеттерін қалыптастыру |
Оқушылардың тәрбиелілік деңгейін анықтау мақсатында диагностика жұмысын атқару ( жарты жылдық диагностика). Диагностикалардың салыстырмалы талдауы негізінде екінші жарты жылдыққа арналған тәрбие жұмысының жоспарларына түзетулер енгізу. |
1-11 |
Айдың 20 –на дейін |
Кл. жет., психолог, әлеуметтік педагог |
||
18 |
Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын Қалыптастыру |
Салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру |
Халықаралық ЖҚТҚБ індетіне қарсы күрес күніне арналған шаралар Отбасының қатысуымен өткізілетін «Толағай» спорттық сайысы |
1-11 |
1-5 желтоқсан |
Кл. жет., Нарко пост мүшелері, медбике |
||
19 |
Отбасы тәрбиесі |
Отбасы тәрбиесі |
Ата-аналардың мектепішілік жиналысы |
1-11 |
Екінші аптада |
ТІЖО |
||
20 |
Салауат ты өмір салтын қалыптастыру |
Денсау лық қорғау ортасын қалып. |
Өрт қауіпсіздігінің алдын алу айлығы аясында өткізілетін шаралар |
1-11 |
3-ші аптада |
ТІЖО |
||
21 |
Эстетикалық тәрбиесі |
Заман құнды лықта рын түсіне, қастер лей білуге баулу |
Жаңа жылдық шырша мерекесі |
1-11 |
4-ші аптада |
ТІЖО |
||
Қаңтар 1. Қысқы каникулды ұйымдастырып, өткізуге арналған шаралар кешені |
||||||||
22 |
Денсау лық қорғау ортасын қалыптас |
Қысқы каникулды ұйымдастырып, өткізуге арналған шаралар кешені |
1-11 |
1-ші аптада |
Кл. жет., тәлімгер |
|||
23 |
Экология-лық және эстетикалық тәрбие |
Табиғи ресурстар жағдайына жауапкершілік сезімде рін қалыптас |
«Жер – Ананы аялайық!», «Туған жер байлығын сақтайық!» тақырыптарына мектепішілік көркемшығарма және көркемсурет сайыс |
9-11 |
Үшінші аптада |
Оқушылар Парламенті, ТІЖ орынбасар |
||
24 |
Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру |
Әлеуметтік қарым-қатынас мәдениеті мен дүниетанымдық қабілетін қалыптас |
Оқушылар конференциясы: « Діни таным мен білім негіздері» |
9-11 |
1-ші аптада |
ТІЖ О, Дін тану пәні мұғалімі |
||
25 |
Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және қалыптас |
Салауатты өмір салтын ұстануын қалыптас-тыру |
Қысқы спорт түрлерінен жарыстар «Менің кіші азиадам»: -шаңғы жарысы; -шайбалы хоккей; -шанамен сырғанау; -аққала соғу және қамалды алу |
5-11 |
Ай бойы |
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі |
||
Ақпан |
||||||||
26 |
Кәсіби шығармашылық тәрбиесі |
Кәсіби жеке құзыреттілі-гі мен мамандық таңдау қабілетін дамыту |
Пікірталас: «Мен және менің болашақ мамандығым» |
11 |
1-ші аптада |
Кл. жетекші |
||
27 |
Интеллек-туалдық мәдение-тін дамыту |
Білім, біліктілік құштарлық қабілетін қалыптас-тыру |
Аудандық, қалалық пәндік олимпиадаларға қатысу |
9-11 |
2-ші аптада |
ТІЖ О, Психолог |
||
28 |
Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптас |
Денсаулық қорғаушы орта қалыптас-тыру |
Мектепішілік «Алау» (зарница) ойыны |
8-11 |
3-ші аптада |
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі,н мектеп Парламенті |
||
29 |
Эстетика-лық тәрбие беру |
Көркем –шығарма-шылық қабілетін дамыту |
Жас музыканттардың аудандық, облыстық сайыстарына қатысу |
8-11 |
2-ші аптада |
ТІЖ О, қосымша білім беру педагогі |
||
30 |
Дене тәрбиесі мен салауат- ты өмір салтын қалыптас |
Денсаулық қорғаушы орта қалыптас-тыру |
Темекі шегудің алдын алу мақсатындағы шаралар |
1-11 |
3-ші аптада |
Мектеп дәрігері, наркопост мүшелері |
||
Наурыз |
||||||||
31 |
Азамат тық-патриот- тық, құқық- тық және полимәде-ниеттілік тәрбиесі |
Елжанды-лық пен Отан мүйгіштікке тәрбиелеу |
Ел, Отан тақырыбындағы әдеби-көркем шығармалар, көркем сурет жазу конкурстары |
5-11 |
1-ші аптада |
Эстетикалық бағыттағы пән мұғалімдері |
||
32 |
Рухани-адамгершілік тәрбиесі |
Қоғам өмірінің нормаларымен, дәстүрлер-імен келістіріле-тін моральдік қасиеттері мен ұсанымын қалыптас-тыру |
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс шаралар |
1-11 |
1ші аптада |
Кл. жет. |
||
33 |
Құқық- тық білім беру |
Құқықтық білімін жетілдіру |
Құқыққорғау органдары өкілдерімен кездесу (прокуратура, сот) |
8-11 |
3-ші аптада |
ТІЖО |
||
34 |
Әлеумет- тік мәнді және жеке қасиет.қалыптас |
Белсенді өмір ұстанымын қалыптас-тыру |
Балалардың қоғамдық ұйымының жалпы мектепішілік жиыны |
1-11 |
2-ші аптада |
Тәлімгер |
||
35 |
Дене тәрбиесі мен салауат- ты өмір салтын қалыптас |
Адам ағзасына зиянды заттарға деген жеркеніштік сезімін қалыптас-тыру |
«Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында плакаттар жазу конкурсы |
5-11 |
2-ші аптада |
Мектеп дәрігері, наркопост мүшелері |
||
36 |
Рухани – адамгершілік тәрбиесі. |
Ата-салт дәстүріне құрмет көрсете отырып, халықтық құндылық-тарды меңгерту және сақтау қабілеттерін қалыптас-тыру |
«Қош келдің, әз Наурыз!» жаңа жыл басын мерекелеу шаралары |
1-11 |
3-ші аптада |
ТІЖО, |
||
«Масленица широкая» мерекесін өткізу |
1-11 |
4-ші аптада |
||||||
Сәуір
|
||||||||
37 |
Кәсіби шығарма-шылық тәрбиесі |
Мамандақ түрлері туралы мәлімет бере отырып, кәсіби құндылық-тарды меңгеруге баулу |
Мамандық таңдау айлығы аясында өткізілетін шарлар кешені |
9-11 |
1-ші аптада |
Кл. жет. ТІЖ орынбасар |
||
38 |
Еңбек тәрбиесі, Экология-лық тәрбиесі |
Өзіне - өзі қызмет көрсете білу дағдысын қалыптас-тыру |
Тазалық айлығы. |
1-11 |
3,4-ші аптада |
Мектеп парламенті, кл.жет. |
||
39 |
Құқық-тық тәрбие және білім беру |
Құқықтық білімдерін жетілдіру және Адам-адам, адам-қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптас-тыру |
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы аясында ұйымдастырылатын шаралар |
1-11 |
1-ші аптада |
ТІЖО, Құқықбұзудың алдын алу Кеңесі |
||
40 |
Азамат тық- патриот тық, құқық тық тәрбиесін беру |
Құқықтық білім беру |
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы аясында өткізілетін шарлар кешені |
1-11 |
2-ші аптада |
ТІЖО, Мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог |
||
41 |
Экологиялық тәрбие |
Қоршаған ортаны қорғау және сақтау қабілеттерін қалыптас-тыру |
Жер күніне арналған экологиялық конференция |
8-10 |
3-ші аптада |
Кл.жет., пән мұғалімдері |
||
42 |
Коммуникативті мәдениет-ті қалыптас-тыру тәрбиесі |
Шығарма-шылық қызметтегі өздерінің дербестігін көрсету, қарым-қатынасын орнату және оларды дамыту, үйлестіру тәрбиесін беру |
«Күлкі керуені» - көрші метептердің КТК мүшелерімен бірлесе өткізілетін көңіл көтеру кеші |
9-11 |
1-ші аптада |
ТІЖО, мектеп Парламенті мүшелері |
||
43 |
Отбасы тәрбиесі |
Мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасын қалыптас-тыру |
«Оқушы білімі сапасын арттырудағы ата-ана мен мектептің біріккен әрекеттері» тақырыбына мектепішілік конференция |
1-11 |
4-ші аптада |
ТІЖО, әлеуметтік педагог, психолог |
||
44 |
Дене тәрбиесі |
Денсаулық қалыптас-тыру |
Президенттік тест нормативтерін тапсыру |
5, 9, 11 |
4-ші аптада |
Дене тәрбиесі мұғалімі |
||
45 |
Рухани – адамгер шілік тәрбиесі |
Оқушылар арасындағы келеңсіз оқиғалар-дың алдын алу |
«Мен өмірді қалаймын!» - психологиялық тренинг |
1-11 |
2-ші |
Психолог, мектеп дәрігері |
||
Мамыр 1. Патриоттық тәрбие айлығы |
||||||||
46 |
Әлеумет-тік - мәнді және жеке қасиетте-рін қалыптастыру |
Ұлт аралық татулық, толерант-тық сезімдерін қалыптас-тыру |
«Бірлігіміз жарасқан!» тақырыбымен мектеп орналасқан аймақта өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдерімен кездесу кеші |
8-10 |
1-ші аптада |
Тәлімгер, кл. жет. |
||
47 |
Рухани – адамгер шілік, азамат тық-патриот тық тәрбиесі. |
Отансүйгіштік, елжанды-лық, патриоттық тәрбиесін беру |
«Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды!» патриоттық тәрбие беру айлығы аясында өткізілетін шаралар кешені |
1-11 |
2-ші аптада |
Кл. жет., ТІЖО, Тәлімгер |
||
48 |
Патриот-тық тәрбиесін беру |
Патриоттық тәрбиесін беру |
«Ұлан» патриоттық ойынын өткізу |
5-9 |
3-ші аптада |
АӘД пәні мұғалімі |
||
49 |
Азамат-тық тәрбиесі |
Экология-лық, адамгерші-лік тәрбиесі |
«Менің ағашым» (мое именное дерево) акциясына өткізу |
1, 11 |
4-ші аптада |
Кл.жет., Ата-аналар комитеті |
||
50 |
Рухани – адамгершілік, азамат тық тәрбиесі. |
Адамгерші-лік құндылық-тарды қалыптас-тыру |
«Соңғы қоңырау» мерекесі |
1-11 |
4-ші аптада |
ТІЖ орынбасар |
||
51 |
Интеллек-туальді мәдениет-ті қалыптас |
Ақыл-ой қабілеті мен білім алу құлшыны-сын қалыптас-тыру |
Білім сынын тапсыруға дайындық жұмыстары |
5-8; 9; 11 |
Ай бойы |
Кл.жет |
||
52 |
Зерттеу жұмыстары |
Оқушы тәрбиелілігі деңгейін жылдық қорытынды анықтау диагностикасы |
1-11 |
соңғы аптада |
Класс жетекшілер, психолог |
|||
Маусым |
||||||||
53 |
Рухани – адамгершілік тәрбиесі және әлеумет-тік - мәнді және жеке қасиет- терін қалыптас |
Адамгерші-лік тәрбиесі |
1-ші маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күніне арналған шаралар кешені |
1-11 |
1-ші аптада |
ТІЖ орынбасар |
||
54 |
Азамат-тық, патриот- тық және құқық- тық білім беру |
Мемлекет-тік рәміздер- ді қадірлей, қастер- лей білуге баулу. |
4-ші маусым –Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған шаралар |
1-11 |
1-ші аптада |
Тәлімгер |
||
55 |
Кешенді тәрбиенің барлық бағыт тары қарасты-рылады |
Денсау- лық қорғау- шы және тәрбиелік орта қалыптас-тыру |
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп...» - балалардың жазғы демалысы: 1) мектеп жанындағы демалыс лагерін ұйымдастыру; 2) мектеп жанында демалыс-тәрбие алаңын ұйымдастыру; 3) еңбек – демалыс лагерін ұйымдастыру; 4) оқушыларды жазғы еңбек түрлерімен қамтыду қамтамасыз ету. |
1- 8 |
1-ші аптада |
ТІЖ орынбасар, мктеп дәрігері |
||
56 |
Азаматық- құқықтық және полимәдениеттілік тәрбиесі |
Білім сынақтары: 1.9-шы кластағы мемлекеттік емтихан. 2. ҰБТ тапсыруды ұйымдастырып, өткізу |
9 11 |
Директор және оның Орынбасарлары |
||||
Мектеп бітірушілерге құжаттар тапсыру салтанатын ұйымдастырып, өткізу |
9; 11 |
Директор және оның Орынбасарлары |
||||||
Шілде |
||||||||
57 |
Еңбек және экономи-калық тәрбиесі |
Еңбекке баулу. Ел сүйгіштік сезімдер- ін қалыптас. |
Мектеп оқушыларының «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастар марафон – эстафетасына қатысуын ұйымдастыру |
8-10 |
Ай бойы |
Кл. жет. ТІЖО |
||
58 |
Жазғы демалыс- ты ұйымдас тыру |
Сауықтыру ортасын қалыптас-тыру |
Демалыс, сауықтыру лагерлері мен тәрбие алаңдарының жұмысын ұйымдастырып, өткізу |
1-11 |
Ай бойы |
ТІЖО, тәлімгер |
||
Тамыз |
||||||||
59 |
Азамат тық – патриот- тық, құқық- тық және полимәде-ниеттік тәрбиесі |
Қазақ- стан Республика-сы Заңдарын қадірлей білуге, адамзат тық құнды лықтар- ды қастер- лей білуге баулу |
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өту шаралары |
1-11 |
4-ші аптада |
ТІЖО |
ДТІЖО – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Кл. жет. – класс жетекшісі
А.Ә.Д пәні – алғашқы әскери дайындық пәні.
№3 қосымша
Мектеп ішілік бақылау
Бақылау түрлері:
-
Фронтальді (қызметтің барлық бағыттарын қамтиды)
-
Тақырыптық.
Бақылау формалары:
-
Бақылау объектісі бойынша:
-
жеке–дара, немесе дербес (бір кл жетекшінің, мұғалімнің, әлеуметтік педагогтің қызметі);
-
кластық-жинақталған (бір кластағы бірнеше мұғалім қызметі);
-
пәндік-жинақталған (пән мұғалімдеріне қатысты);
-
кешенді-жинақталған (барлығын қамтитын);
-
тақырыптық-жинақталған (оқушының 1-11 кл аралығында жеке тұлғалық даму барысы);
-
Бақылау субъектісі бойынша:
-
әкімшілік;
-
қоғамдық және бірін – бірі бақылау;
-
өзін-өзі бақылау.
Мектепішілік бақылаудың мазмұны
-
Оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін зерттеу.
-
Оқушыларды тәрбиелеу жоспарының (кластағы, үйірмедегі, клубтағы, секциядағы, т.б.).
-
Белгіленген тәрбие жұмыстары жоспарының орындалуы (кластағы, үйірмедегі, клубтағы, секциядағы, т.б.).
-
Өткізілген тәрбиелік шаралар сапасы
-
Оқушылар тәрбиелілігінің диагностикасы бойынша өзгеру динамикасы.
-
Педагогикалық - психологиялық қолдауды қажет ететін оқушылармен жеке атқарылған жұмыстар және олардың сапасы мен нәтижелілігі.
-
Класс жетекшілері жұмысының нәтижелілігі
-
Қосымша білім беру педагогтары жұмысының нәтижелілігі
-
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы
-
Ата-аналармен жұмыс пәрменділігі
-
«Оқушы-мұғалім» жүйесіндегі қарым-қатынас стилі, мектеп микроклиматы
-
Оқушылардың кластан тыс, мектептен тыс тәрбиелік шаралар кезіндегі өмір қауіпсіздігінің қамтамасыз етілу жағдайы
-
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігі
Мектеп ішілік бақылау әдістері
(ақпарат жинау әдісі)
№ |
Әдістер аталуы |
Әдістерге қысқаша түсінік |
1 |
Бақылау |
мінез-құлық, қарым-қатынас, қызмет жағдайын мақсатты анықтау және оны ғылыми тұрғыдан түсіну |
2 |
Сауалнама |
сұрақтарға жазбаша жауаптар ала отырып, қызығушылығын, уәжі мен себеп-салдарын, идеалын, т.б. зерттеу |
3 |
Тестілеу |
балалар тірбиелілігі, білім, біліктілік деңгейін анықтау. |
4 |
Әңгімелесу |
алдын ала дайындалған жоспар бойынша әңгіме құра отырып, сұраққа жауап алу |
5 |
Социометрия |
жазбаша берілген сұрақтар бойынша тұлғаның топтағы, ұжымдағы коммуникативтік мүмкіндігін зерттеу |
6 |
Рейтинг |
тұлғаның ерекше қасиеттерін білікті мамандармен бірлесе отырып анықтау |
7 |
Қызмет нәтижесін зерттеу |
берілген тапсырмалардың орындалуы негізінде алынған нәтижелер талдауы |
8 |
Тәжірибе |
алдын ала дайындалған іс-шаралар мен жағдаяттар негізінде тұлғаның жеке қасиеттерін зерттеу |
№4 қосымша
Мектеп ішілік бақылау жоспары
(жоба)
(_______ _______ оқу жылы)
айлар |
Бақылау объектісі |
Тексеру мақсаты |
Бақылау формасы |
нәтиже |
Қыр- күйек |
9-шы, 11-ші кл жетекшілері |
9-шы, 11-ші кл оқушыларының орналасуы |
КЖ сұхбат |
Есеп беру |
1-11 кл КЖ |
КЖ тәрбие жұмысы жөніндегі жоспары |
Тәрбие жұмысы жоспарының таладауы |
Анықтама, Бірлестік отырысы |
|
Әлеуметтік педагог (ӘП) |
Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыс. Аз қамтылған отбасы балалары, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар басқа да әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар туралы мәліметтер банкін жинақтау барысы |
Кластар мен мектеп оқушыларының әлеуметтік Паспорты |
||
Қосымша білім беру педагогі (ҚббП) |
Ата-аналар мен оқушылар сұранысы негізінде Қосымша білім беру үдерісін ұйымдастыру |
Оқушылардың сабаққа қатысымы, ӘП әңгіме |
Анықтама |
|
Кітапханашы |
Жылдық жұмыс жоспарын тексеру |
талдау |
||
Тәлімгер |
Жылдық жұмыс жоспарын тексеру |
талдау |
||
Қазан |
1-11 кл КЖ |
Ата-аналармен жұмыс пәрменділігі мен әдістерінің түрлілігі |
Ата-аналар жиналыстарына қатысу |
Талдау |
Әлеуметтік педагог (ӘП) |
Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыс барысы. Олардың бос уақыттарын ұйымдастыру жағдайы. |
Құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмысын жүргізу |
Құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесінің отырысы |
|
Қосымша білім беру педагогі (ҚббП) |
Күзгі каникулды ұйымдастыру шаралары |
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымымен, КЖ әңгіме |
Каникулды ұйымдастыру жұмыстарының жоспары |
|
КЖ мен пән мұғалімдері |
КЖ мен пән мұғалімдерінің тәрбие ісіндегі бірлескен іс-әрекеттері |
Білім сапасы |
Директор жанындағы кеңес отырысында қарау |
|
қараша |
1-11 кл КЖ |
Жеке тұлғамен атқырылған жұмыс нәтижесі КЖ пән мұғалімдерімен, психологпен бірлескен іс-әрекеттері |
талдау |
Класс жетекшілерінің әдістемелік кеңесінің кезекті отырысында қаралады |
Тәлімгер |
Балалар ұйымының оқушының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттері |
Алдын ала белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарға талдау |
Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін артуы (мониторинг) |
|
ҚббП, КЖ, Тәлімгер |
Жаңа жылдық мерекені ұйымдастыру шаралары |
Жоспар талдау |
Жоспарды бекіту |
|
желтоқсан |
ҚббП |
Қосымша білім беру ісі |
Сабақтарға қатысу, талдау |
ӘБ отырысы |
Кітапхана |
Оқырмандармен жұмыс. Кітап оқуға қызығушылық дәрежесі |
Кітапханаға келушілер туралы мәліметтер жинақтау, олардың әдебиет таңдауы |
||
1-11 кл КЖ |
Атқарылған тәрбие жұмысының талдауы КЖ есебі 2-ші жарты жылдықтағы тәрбие жұмысына қосымшалар мен түзетулер енгізу |
Жұмыс жоспарын нақтылау |
Оқушы тәрбиелік деңгейінің өзгеру динамикасы жұмыс жоспары |
|
барлығы |
Жаңа жылдық мерекені өткізу |
|||
Қосымша білім беру педагогі (ҚббП) |
Қысқы каникулды ұйымдастырып, өткізу жұмыстарына басшылығы |
|||
қаңтар |
||||
ақпан |
||||
наурыз |
||||
сәуір |
||||
мамыр |
||||
маусым |
||||
№5 қосымша
Сабақтың тәрбиелік ықпалын талдау
Бүгінгі күні оқыту процесі жеке адамгершілік сипатқа ие болып, өз мәнінде тәрбиелік қызмет атқаруда, яғни, оқушының сабақта алған білімі мен біліктілігіоның қоршаған орта мен өмірді түсінуін, оған деген көзқарасын қалыптастырады. Педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиелеудің бір тұтастығы байқалады: оқыту - тәрбиелік функциясын атқарса, тұлға тәрбиелеу тәрбиеленушіні жалпы тәртіп ережелерін, қарым-қатынас сырларын, өзіне және басқаға қызмет ету жолдарын үйретпей, оқытпай мүмкін емес.
-
Оқытудың негізгі сипаттамасының бірі – оның тәрбиелік маңызы. Білім берудің негізгі тәрбиелік құрамдасы:
-
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру – өмір көрінісі мен құбылыстарын толық қабылдай білу, түсіну (ғылыми жаратылыс, әлеуметтік және көркемдігі), синергетикалық идея тұрғысынан ойлаудың жаңа стилін қалыптастыру;
-
Экологиялық сауаттылық мен экологиялық сананы қалыптастыру;
-
Пәндік философиялық, аксиологиялық, тарихи және ғылым негіздері арқылы оқушылардың адамгершілік , адами құндылық нормаларын білуге ынтасын қалыптастыру.
-
Оқу процесін ұйымдастыру дегеніміз оқушының білім беру ұйымы қабырғасында өтетін өмірін ұйымдастыру болып табылады.
-
Оқыту әдістемелері. Оқытудың репродуктивтік әдісі оқушы бойында тәртіптілік, атқарушылық тәртіп, зерделілік қасиеттерін қалыптастырады. Оқушы санасын дамытуға бағытталған проблемалық әдіс – баланы өз бетімен жұмыс жасауға, ойлануға, өмірлік проблемалық жағдаяттарды шешуде шығармашылық танытуға, ғылым мен білімнің құндылығын түсінуге тәрбиелейді.
-
Оқыту формалары. Ұжымдық (класта, сабақ үстіндегі) жұмыстар баланы адами қарым-қатынас жасауға, әріптес-серіктестік іс-әрекет жасауға, бір-біріне қолдау көрсете отырып, проблеманы бірлесе шешуге бағыттаса, топтық жұмыс түрлері көшбасшылық қасиетті дамыту, қасындағы әріптесінің пікірін тыңдау, жанындағы адамды көру, оның ойын түсіну, бағалау, басшылыққа бағыну қасиеттерін қалыптастырады.
-
Мұғалім тұлғасы.
Оқытудың тәрбиелік құрамдасын іске асыруда педагогикалық талдау нәтижелі қызметтің негізі болып табылады. Осыған байланысты оқытудың тәрбиелік мәнін іске асыру қызметін талдау әдісін қарастырайық:
«Оқытудың ( сабақтың) тәрбиелік мәнінің пәрменділігін бағалау».
Мақсаты: сабақтың тәрбиелік маңызын (мәнін) анықтаушы көрсеткіштерді белгілеу және оның пәрменділігін анықтау
Талдау «фотография» әдісі бойынша өткізіледі.
Оқыту сабағын бақылау
Сабақты өткізу жолдары |
Өте құнды |
Толықтыру қажеттігі |
||
Мұғалім қызметіндегі |
Оқушы қызметіндегі |
Мұғалім қызметіндегі |
Оқушы қызметіндегі |
|
Сабақтың тәрбиелілік мәнінің талдауы
Көрсеткіш № |
көрскеткіштері |
Бағалануы |
1 |
Сабақтың тақырыбы |
|
Сабақтың мақсаты: |
||
2 |
Тәрбиелілік |
|
3 |
Дамытушылық |
|
4 |
білім беру |
|
5 |
сабақта қолданылған құрал-жабдықтар |
|
Сабаққа дайындық сапасы |
||
6 |
Мұғалімнің |
|
7 |
Оқушының |
|
Сабақтың мазмұны: |
||
8 |
Ғылымилығы |
|
9 |
өмірмен байланысы |
|
10 |
пәнаралық байланыстар жүйесі |
|
11 |
жаңа білім беру |
|
12 |
білім , білік дағдыларын нығайту жолдары |
|
Сабақтың тәрбиелілік жағы: |
||
13 |
сабақ мазмұны арқылы тәрибиелеу |
|
14 |
оқыту формалары арқылы тәрбиелеу |
|
15 |
оқыту сабағын ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу |
|
16 |
сабақтағы жалпы жағдай, микроклимат |
|
Оқушылардың сабаққа көзқарасы: |
||
17 |
Жауапкершілікті |
|
18 |
Қызығушылықты |
|
19 |
Белсенділік |
|
20 |
Тәртіптілік |
|
Сабақты жүргізу әдісі: |
||
21 |
оқушылардың өз бетімен жұмыстануы |
|
22 |
мұғалім мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көріністері |
|
23 |
сабақтағы эмоционалды жағдай |
|
24 |
эстетикалық және басқа да танымдық қалыптастырулар |
|
Мұғалім тұлғасы |
||
25 |
сыртқы әлпеті |
|
26 |
сөйлеу мәдениеті |
|
27 |
актерлік шеберлігі |
|
28 |
қарым-қатынас стилі |
|
29 |
оқушы назарын аудару шеберлігі |
|
30 |
сабақты, аудиторияны басқару қабілеті |
|
Сабақтың нәтижелілігі: |
||
31 |
сабақтың оқушы білімі сапасын көтеруге әсері |
|
32 |
сабақтың оқушының білім, бідік дағдысын нығайту, дамытуға әсері |
|
33 |
сабақтық оқушылардың сөйлеу, өзара қарым-қатынас мәдениетін дамытуға әсері |
|
34 |
сабақтың одан әрі білім алуға, білімін жетілдіруге уәжінің (мотивациясының) көтерілуі |
|
35 |
рефлексия, оқушылардың өз қызметіне талдау жасау дағдысы |
|
Қорытынды балл : |
||
Сабақтың пәрменділігі (%) |
Таблицада көрсетілген әрбір көрсеткіш 3 баллдық жүйемен (1, 2 және 3 балл) беріледі.
Сабақтың тәрбиелік әсерінің пәрменділігі төмендегі формула арқылы есептелінеді:
Сабақтың пәрменділігі= жинақталған балл қосындысы:максимальді балл қосындысына (35 х 3) х 100%.
Қорытындылау:
-
Жоғары (оңтайлы деңгей) -100-85%.
-
Орташа (мүмкін болатын) -84-60%.
-
Төмен (мүмкін) – 59-50%.
-
Өте төмен -50%.-дан төмен
Сабақтың тәрбиелілік мәнін бағалау критерийлері
Көр сет-кіш № |
Көрсет-кіштер |
Бағалау критерийлері |
||
3 балл Көрсеткіштер толық және жан-жақты орындалды |
2 балл Көрсеткіштер толық орындалмады |
1 балл Көрсеткіш-тер орындалған жоқ |
||
1 |
Сабақ тақырыбы |
|||
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижемен таныстырады. Сабақ мақсатн жалпы оқыту мақсатымен байланыстара алды. Сабақтың мақсатын оқушылар мүмкіндіктерімен байланыстыра алды. Оқушы үшін пәнаралық байланысты көрсетті. Құрал-жабдықты қолдану мәдениетті, тиімді болды . Оқушылар құралдарды орынды пайдалана білді |
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижемен таныстырды, бірақ оны оқушы мүмкіндігіменн шебер байланыстыра алмады. Пәндік мақсатқа көп көңіл бөлді. Сабақтың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары толық орындалған жоқ. Қолданылған құрал-жабдықтар жеткілікті тиімді болмады. |
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже оқушыларға таныстырылған жоқ. Тек сабақтағы пәндік мақсатқа ғана көңіл бөлінді. Сабақтың дамыьушылық және тәрбиелік мақсаты ашылмады. Сабақта көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар қолданылмады. |
||
Мақсаты: |
||||
2 |
тәрбиелілік |
|||
3 |
дамыту-шылық |
|||
4 |
білім беру |
|||
5 |
құрал-жабдықтар |
|||
Сабаққа дайындық сапасы |
||||
6 |
мұғалімнің |
Сабақтың дайындалу деңгейі өте жоғары, жақсы ойланып дайындалған. Оқушылардың сабаққа дайындығы оңтайлы деңгейде. |
Дайындық деңгейі жоғары, сабақ бөлімдері үйлесімді жоспарланған. Оқушылардың көпшілігі сабаққа жақсы дайындалған. |
Оқыту қызметінің бірнеше бөлімдерін жоспарлау мен дайындауда кемшіндіктер бар. Оқушылардың көбісінің сабаққа дайындығы нашар. |
7 |
оқушының |
|||
Сабақтың мазмұны: |
||||
8 |
ғылымилығы |
Оқу мазмұны қолданылған бағдарлама мен міндетті минимум талаптарына сай. Оқыту сабағының тәрбиелік мағнасына баса назар аударылған. Оқыту мазмұнында құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіруге, оқушылардың теориялық, заңнамалық білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне мүмкіндік жасалған. Оқыту процесі оқушылардың диалектика-материалистік көзқарастарын дамыта отырып, тәрбиелік міндеттерді бірізді орындады. |
Оқу мазмұны барлық уақытта стандарт талабына сай болған жоқ. Сабқтың тәрбиелік маңызытолық пайдаланылған жоқ. Оқыту ісінде ғылыми көзқарасты қалыптастыруға талпыныс болғанымен, оқушылардың білім, біліктілік дағдысын қалыптастыруға әсері төмен болды. Бұндай оқыту процесі дамыту мен тәрбиенің мәселелерін толыққанды шеше алмайды. |
Оқу материалдарын таңдағанда мұғалім стандарт талаптарын ұмытып кеткен. Сабақтың тәрбиелік мәні есепке алынбаған. Оқу ісінде оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруға қажетті көуіл бөлінбеді. |
9 |
өмірмен байланысы |
|||
10 |
пәнаралық байланыстаржүйесі |
|||
11 |
жаңа білім беру |
|||
12 |
білім , білік дағдыларын нығайту жолдары |
|||
Сабақтың тәрбиелілік жағы: |
||||
13 |
сабақ мазмұны арқылы тәрибиелеу |
Оқыту мазмұнында сабақтың тәрбиелік мәні ескерілген. Оқу материалының мазмұны оқушыларға адамгершілік тәрбиесін оқу материалының философиялық, аксиологиялық, тарихи және ғылыми негіздері арқылы беруге бағытталған. |
Оқу материалының мазмұнында дүниетанымдық идеялар толық берілмеген және оқытылып отырған ғылым негіздеріндегі өмір құндылықтары толық ашылмаған. |
Таңдалған оқу материалының мазмұнында сабақтың тәрбиелік потенциалы ескерілмеген. |
14 |
оқыту формалары арқылы тәрбиелеу |
Оқушлар сабақ үстіндегі қызметтері түрлі формалы болды. Оқыту қызметінің формалары оқушылар мүмкіндіктері мен пәндік логикаға сәйкес таңдалған. Ұжымдық, топтық, жеке жұмыс формалары оңтайлы ұйымдастырылды. |
Оқыту қызметінің формалары әр түрлі болғанымен, тек пәндік логикаға ғана негізделген. |
Сабақта оқушылармен жүргізілген жұмыстың бір-екі түрі ғана қолданылды. |
15 |
оқыту сабағын ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу |
Оқыту ісі тиімді ұйымдастырылды. Оқушылар еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға үйренген. Оқытужағдайы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігін берді. |
Оқыту тиімді ұйымдастырылды. Еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға ынталы болды. |
Оқыту ісі нің ұйымдастырлуы тиімді емес. Оқытуға қажетті жағдай жасау керек. |
16 |
сабақтағы жалпы жағдай, микроклимат |
Сабақтағы психологиялық климат жағымды болды. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас тілектестік жағдайында. |
Сабақтағы психологиялық климат жайлы болды. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас тілектестік жағдайында |
Сабақтағы психологиялық климат шиеленісті жағдайда. |
Оқушылардың сабаққа көзқарасы: |
||||
17 |
жауапкершілікті |
Оқушылар сабаққа ынталы, белсенділігі жоғары, жауапкершілікті сезіне біледі, тәртіп бұзылмады. |
Оқушылардың көбінің сабаққа қызығушылығы мен жауапкершілігі байқалды. |
Оқушылардың көбінің сабаққа қызығушылығы болған жоқ. Сондықтан білім алуға ынтықтығы табалы өте төмен болды. |
18 |
қызығушылықты |
|||
19 |
белсенділік |
|||
20 |
тәртіптілік |
|||
Сабақты жүргізу әдісі: |
||||
21 |
оқушылардың өз бетімен жұмыстануы |
Сабақты жүргізу әдісі оқушылар ерекшеліктерін ескере отырып, таңдалған және пәндік логикаға сай. Мұғалім сабақтың басым бөлігін оқушылардың өзіндік жұмыстарына бөлген. Сондықтан оқушылар шығармашылығы мен танымдық ізденісін шыңдауға мүмкіндік толық. Мұғалім деңгейлік дифференцияция және жеке дара білім беру әдістерін тиімді қолданды. Оқушылар шығармашылығына қолдау жеткілікті ұйымдастырылған. |
Сабақты жүргізу әдісі әртүрлі, бірақ тек пәндік логика негізінде таңдалған. |
Бір ғана әдіс таңдалған, сол себепті оның сабақтың тәрбиелік мақсатын орындауға мүмкіндігі болмады. |
22 |
мұғалім мен оқушылардың шығармашы-лық жұмыстарын-ың көріністері |
|||
23 |
сабақтағы эмоционалды жағдай |
|||
24 |
эстетикалық және басқа да танымдық қалыптасты-рулар |
№6 қосымша
Тәрбиелік шараны талдау әдістемесі
Тәрбиелік шараның талдауы
Тәрбиелік шараның аталуы_____________________________________________________
Өткізілген уақыты_____________________________________________________________
Бағалануы |
Балы (1-5) |
Тәрбиелік шараны өткізуші педагогтың тақырып бойынша құзіреттілігі, эрудициясы |
|
Іс-шараны өткізуге мүдделік деңгейі |
|
Оқушылармен қарым-қатынасындағы демократиялық деңгейі |
|
Тәрбиеленушілерді қолдауы мен оларға көмек көрсету дәрежесі |
|
Педагогтің сыртқы келбеті, сөйлеу мәдениеті, мимикасы |
|
Тәрбиеленушілердің белсенділігі |
|
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға қабілеттілігі |
|
Оқушылар тәртібімен жауапкершілік деңгейі |
|
Жұмыс материалының балаларға түсініктілігі |
|
Мақсаткерлігі |
|
Уақытты ұтымды пайдалану деңгейі |
|
Сабақ көрнекілігі: эстетикалық, танымдық, т.б. |
|
Барлық оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениеті және стилі |
|
Тәрбиелік мәні: Эмоционалдық әсері Білімді дамыту, нығайту әсері Танымдық әсері |
|
Қорытынды және ұсыныстар: |
|
Жиынтығы: |
Ата-аналармен жұмысы:
-
Ата-аналар жиналысының тақырыптары мен жүргізу әдістері.
-
Ата-анамен дербес (жеке) жүргізген жұмыстарының мақсаты (көбірек жүргізілгені).
-
Ата-аналар комитетінің жұмысы.
-
Ата-анаға педагогикалық кеңес, білім беру жағдайы.
Өткізілген ата-аналар жиналысының талдауы
Өткізген класс жетекші аты, тегі__________________________________________________
Тақырыбы ____________________________________________________________________
Өткізген уақыты _______________________________________________________________
___________________
Бағалануы |
Балы (1-5) |
Тәрбиелік шараны өткізуші педагогтың тақырып бойынша құзіреттілігі, эрудициясы |
|
Іс-шараны өткізуге мүдделік деңгейі |
|
Оқушылармен қарым-қатынасындағы демократиялық деңгейі |
|
Педагогтің сыртқы келбеті, сөйлеу мәдениеті, мимикасы |
|
Жиналысқа қатысушы ата-аналар белсенділігі |
|
Жиналысты өткізуге деген ата-аналар ынтасы |
|
Тақырып мазмұныныңтүсініктілігі |
|
Мақсаткерлігі |
|
Уақытты ұтымды пайдалану деңгейі |
|
Педагогтің ата-аналармен өзара қарым-қатынас мәдениеті және стилі |
|
Педагогтің ата-аналармен өзара түсінушілік деңгейі |
|
Қорытынды және ұсыныстар: |
|
Жиынтығы: |
Сабақтан тыс шаралар (клубтар, үйірме, студия, секция) талдауы
Іс-шаралар |
Педагогикалық ерекшекліктері |
Сабақтар бағдарламасы |
|
Құрал-жабдықтары |
|
Мектепішілік шараларға қатысуы |
|
Басқа үйірме, клуб, студия жұмыстарымен қарымқатынасы |
|
Мектепаралық ісшараларға қатысуы |
|
Оқушылардың талданып отырған сабақтан тыс шара туралы пікірлері |
|
Кластан тыс тәрбие жұмысының талдау схемасы:
-
Кластан тыс тәрбие сағаттарының құрылымының зерделенуі.
-
Кластан тыс тәрбие сағаттарының мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің зерделенуі.
-
Кластан тыс тәрбие сағаттарын ұйымдастырылуы мен пәрмендігінің бағалануы.
-
Мәселенің таңдалуы.
-
Кластан тыс тәрбие сағаттарын қайта ұйымдастыру жобасын дайындау деңгейі.
Кластан тыс тәрбие жұмысының мониторингі.
-
Салауатты өмір салтты насихаттау
-
Азаматтық белсенділікті және патриоизмді тәрбиелеу.
-
Адамгершілік тәрбиесі.
-
Құқықтық тәрбиені жүргізуі.
-
Оқушының оқу ісіне деген жауапкершілігін тәрбиелеу.
-
Тәртіптілікті тәрбиелеу.
-
Ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуі.
-
Оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыруы.
-
Мектеп бойынша кезекшілікті ұйымдастыруы.
-
Тәрбиесі «қиын», «тәуекел тобындағы» оқушылармен жұмысы, оның нәтижелілігі.
-
Басқа класс жетекшілер жұмысынзерделеуі.
-
Мектептыс білім беру мекемесі желісімен байланысы.
-
Оқушылардың каникулын ұйымдастыру шеберлігі.
-
Пәндер бойынша кластан тыс шараларды ұйымдастыруы.
-
Оқушыларының кластан тыс шаралар: үйірме, клуб, секция, т.б. қатысуы мен жетістіктері.
-
Оқушылармен басқа да қосымша тәрбие бағдарламаларын орындау деңгейі.
№7 қосымша
«Бекітемін»
мектеп директоры ___________
2012 жыл «___»_____________
Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары (үлгі)
2012-2013 оқу жылы
ӘБ проблемасы: тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда класс жетекшілерінің теориялық-
интеллектуальдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, әдістемелік
шеберліктері мен кәсіби құзырлылықтарын жетілдіру.
Мақсаты:
-
педагогтардың өз кәсіби құзыреттілігін көтеруге ықыластылығын арттыру;
-
озық іс-тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату;
-
класс жетекшілерін заманауи озық технологиялармен қаруландыру және заман талаптарына сай әдіс – тәсілдерді меңгерту;
Класс жетекшілерінің ӘБ міндеттері:
-
тәрбиенің педагогикалық және психологиялық негіздеріне сүйене отырып, класс жетекшілерінің теориялық, ғылыми-әдістемелік, практикалық білім деңгейін көтеру;
-
тәрбие жұмысының пәрменділігін көтеруге және жетілдіруге бағытталып мектепте, класта жүргізілетін тәрбие жұмысын жетектеуші әдістемелік бағдарламалар ұйымдастыру;
-
оқушы тәрбиесіндегі бірізділік пен біртұтастық принципін қамтамасыз ету және орындау;
-
класс жетекшілерінің жұмысын үйлестіруші нормативтік – құқықтық базамен таныстыру;
-
педагогтардың өз кәсіби құзыреттілігін көтеруге ықыластылығын арттыру;
-
озық іс-тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату;
-
класс жетекшілерін заманауи озық технологиялармен қаруландыру және заман талаптарына сай әдіс – тәсілдерді меңгерту;
-
класс ұжымымен және жекелеген оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысын үйлестіру;
-
бірлестік мүшелерінің жұмысын бағалау және мектеп әкімшілігі алдында класс жетекшілерін марапаттауға ұсыныстар беру.
Класс жетекшілерінің ӘБ-нің 2012-2013 оқу жылындағы әдістемелік тақырыбы:
«Тәрбие үдерісін жүйелі жүргізу арқылы оқушылардың тәрбиелік деңгейін көтеру»
«Класс жетекшілері қызметінің пәрменділігін көтеру арқылы мектептегі тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері мен формаларын жетілдіру»
Жұмыстың басым бағыттары:
-
Мектепте балалармен жұмыс жасайтын ересектердің коммуникативтік құзіреттілігін көтеру.
-
Педагогтар арасында (сол арқылы балалар арасында) қадір-қасиет, абырой құндылықтары туралы көзқарасты түзету жұмыстарын жүргізу.
-
Класс жетекшілерінің жұмысты алдын ала жобалау-жоспарлауын қамтамасыз ету.
-
Ағымдағы жыл мақсат-міндеттері:
а) кл. жетекшілеріне тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін меңгеруіне көмектесу;
ә) жетекшілерге кластағы тәрбие жұмысын модельдеуді үйрету мақсатында шығармашылық және практикалық базаны қалыптастыру;
б) жетекшілердің озық әс-тәжірибесін анықтау, жинақтау және ұжымда тарату;
в) педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту;
г) жеке тұлға қалыптастыруда оқушылардың тәрбиелік деңгейінің диагностикасын жасау және оның қорытындысы негізінде тәрбиелік шаралар жоспарын дайындау.
Класс жетекшілерінің ӘБ – нің апталық жұмыс циклограммасы
Дүйсенбі |
сейсенбі |
сәрсенбі |
Бейсенбі |
жұма |
сенбі |
Нормативтік, әдістемелік құжаттардағы өзгерістер мен жаңалықтарды зерделеу. Жаңа технологиялармен танысу |
Озық іс-тәжірибелерді анықтау мақсатында класс жетекшілерінің тәрбиелік шараларына қатысу |
ӘБ мүшелері нің отырысы (2 айда 1 рет) |
Жас маман мектебінің жұмысы |
Озық іс-тәжірибелерді анықтау мақсатында класс жетекшілерінің тәрбиелік шараларына қатысу |
Озық іс-тәжірибелерді анықтау мақсатында класс жетекшілерінің тәрбиелік шараларына қатысу |
Класс жетекшілерінің ӘБ жылдық жұмыс жоспары
№ |
Іс-шаралар аталуы |
Орындалу мерзімі |
Орындалуына жауапты |
Аяқталу формасы |
ӘБ мүшелерінің отырыстары: |
||||
1 |
№1:
|
қыркүйек |
ӘБ жетекшісі |
хаттама |
№2:
|
желтоқсан |
ӘБ жетекшісі, қосымша білім беру педагогі |
хаттама |
|
№3:
|
Ақпан |
ӘБ жетекшісі, «Жас мамандар мектебі» жетекшісі |
хаттама |
|
№4:
|
Сәуір |
ӘБ жетекшісі, класс жетекшілері |
хаттама |
|
№5:
|
Сәуір |
ӘБ жетекшісі, |
хаттама |
|
№6:
|
маусым |
ӘБ жетекшісі |
хаттама |
|
Біліктілікті жетілдіру жұмыстары |
||||
1 |
Кезекті біліктілікті жетілдіру курстарынан өтетін класс жетекшілерінің тізімін жасау және оны толықтырып отыру |
Қыркүйек,қазан және жыл бойы |
ӘБ жетекшісі |
Білім жетілдіру курстары нан өту кестесі |
2 |
Курсаралық тапсырмалар, олардың мазмұны мен орындалу қорытындысы |
Жыл бойы |
ӘБ жетекшісі |
Жоспар бойынша |
Педагогтармен жеке жүргізілетін жұмыстар |
||||
1 |
Педагогтармен жүргізілген сауалнама, зертеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес жеке орындалатын жұмыстар |
Жыл бойы |
ДТІЖО, ӘБ жетекшісі |
|
Педагогикалық ізденістер |
||||
1 |
Шығармашылық топ мүшелерінің озық іс-тәжірибесін анықтау, жинақтау, тарату (жинақталатын тәжірибенің аталуы, авторы және мазмұны туралы мәлімет) |
жыл бойы |
ӘБ жетекшісі |
брошюра дайындау |
2 |
Оқушылардың тәрбиелілік деңгейін анықтау диагностикасы және оны қолдану, зерттеу қорытындысы негізінде үйлестіру, түзету жұмыстарын белгілеу, жүргізу және оның нәтижелілігі |
тоқсан сайын |
ӘБ жетекшісі, класс жетекші, психолог, әлеуметтік педагог |
ақпарат |
3 |
Тәрбие үдерісіндегі жаңа педагогикалық жобалар мен технологияларды іздестіру және үйрену (мектеп проблемасына сәйкес) |
екінші тоқсан |
ӘБ жетекшісі, |
ақпарат |
4 |
Үздік класс жетекшісі конкурстарын өткізу арқылы білім беру ұйымындағы оң нәтижелі тәрбие жұмысын анықтау |
екінші, үшінші тоқсан |
ӘБ жетекшісі, |
ақпарат, хаттама |
5 |
Кластан тыс үйірме жұмыстарын жүргізу арқылы оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелері |
жыл бойы |
ӘБ жетекшісі |
есептер |
6 |
Тәрбиесі «қиын» балалармен ұйымдастырылған жұмыс нәтижелілігі |
Жыл бойы |
ӘБ жетекшісі |
ақпараттар |
7 |
Ата-аналардың мектепішілік тәрбие жұмыстарына тарту мәселелері |
Жыл бойы |
ӘБ жетекшісі |
ақпараттар |
8 |
Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары жұмысын ұйымдастыру |
Жыл бойы |
ӘБ жетекшісі |
ақпараттар |
Жас мамандар мектебі |
||||
1 |
Жас мамандарға тәжірибелі ұстаздар қатарынан жетекшілер тағайындау |
қыркүйек |
ӘБ жетекшісі |
бұйрық |
2 |
Жетекшілердің жас мамандар жұмысын зерделеуін ұйымдастыру арқылы әр маманға қандай көмек керектігін анықтау (зерттеу, зерделеу жұмысы) |
қыркүйек, қазан |
маман жетекшісі (наставник) |
ақпарат |
3 |
Жас мамандарға тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектесу |
қыркүйек |
жетекші |
ақпарат |
4 |
Класс жетекшісінің портфолиосын дайындауға көмектесу |
жыл бойы |
жетекші |
ақпарат |
5 |
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы бағыт-бағдар беру |
жыл бойы |
жетекші |
ақпарат |
6 |
Өзін-өзі дамыту жоспарлары және оның орындалу нәтижесі |
жыл бойы |
жетекші |
есеп беру |
Есептер |
||||
1 |
ӘБ жетекшісінің есебі |
маусым |
жетекші |
хаттама |
2 |
Жас мамандар мектебі жетекшісінің есебі |
маусым |
жетекші |
хаттама |
3 |
Шығармашылық топ мүшелерінің есебі |
Мамыр |
ӘБ жетекшісі |
хаттама |
4 |
Класс жетекешілерінің функционалдық міндеттерін орындауының талдауы |
Мамыр-маусым |
ӘБ жетекшісі |
хаттама |
Класс жетекшілеріне арналған сауалнама
«Тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізуде қандай қиындықтарды сезінемін?»
Тәрбие қызметінің аталуы |
Өте қиналамын |
орташа |
Қиындық ты сезінбеймін |
Тәрбие жұмысын жоспарлауда |
|||
Тәрбиелік шаралардың мақсаты мен міндеттерін айқындауда |
|||
Тәрибе жұмысының пәрменді әдіс-тәсілдерін анықтауда |
|||
Инновациялық жобаларды енгізуде |
|||
Балалар психологиясы |
|||
Қызықты іс-шараларды ұйымдастыруда |
|||
Баланың жеке тұлғасын зерттеп, тәрбие жұмысының мәселелсін анықтауда |
|||
Оқушылардың қоғамдық жұмыстарын ұйымдастырғанда |
|||
Ата-аналармен жұмыста, оларды кластаға тәрбие үрдісіне араластыру ісінде |
|||
«тәрбиесі қиын» оқушылармен жұмыс жасауда |
|||
Класс жетекшісінің функционалдық міндеттерін орындауын бағалау
№ |
критерийлері |
Оқу жылы |
|||
1-ші жарты жылдық |
2-ші жарты жылдық |
||||
Өз бағасы |
Әкімшілік бағасы |
Өз бағасы |
Әкімшілік бағасы |
||
А |
Жұмысты жоспарлау мен жүргізу |
||||
1 |
Әр оқушының білім сапасын көтеру бағытында |
||||
2 |
Әр оқушының қоғамдық белсенділігін арттыруда |
||||
3 |
Жеке тұлға аралық қатынасты жетілдіруде |
||||
4 |
Балалардың қоғамдық ұйымдарымен жұмыста |
||||
5 |
Тақырыптық тәрбие сағаттары |
||||
6 |
Әр отбасымен жекелеген жұмыс |
||||
7 |
Оқушылар әлеуетін көтеру үшән пән мұғалімдерімен бірлескен іс-әрекеттер |
||||
8 |
Тәрбие ісіндегі кәсіби шеберлігімді көтеруде |
||||
Ә. Менің өзіндік іс-әрекеттерім |
|||||
1 |
Білім алу қажеттілігін қалыптастыруда оқушылармен атқарған шараларым |
||||
2 |
Класс активімен атқарған жұмыстарым |
||||
3 |
Тәрбиелік шараларға дайындаған сценарийлерім |
||||
4 |
Ата аналармен жүргізген жұмыстарым |
||||
5 |
Оқушылармен жеке жұмыстарым: тәрбиелік әңгімелер, т.б. |
||||
6 |
Өзімнің кәсіби шеберлігімді жетілдіру бағытындағы жұмыстарым |
||||
Б |
Бақылау, диагностикалық жұмыстарым |
||||
1 |
Оқушылар білімі мен сабаққа қатысуының бақылануы |
||||
2 |
Оқушылардың мектеп жарғысын орындауы |
||||
3 |
Балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруы |
||||
4 |
Оқушылардың өзара қарым-қатынасы |
||||
В |
Есептер мен құжаттардың толтырылуы |
||||
1 |
Оқушылар күнделіктерін тексеру |
||||
2 |
Класс журналының толтырылуы |
||||
3 |
Сабақтан тыс шаралардың есебі |
||||
4 |
Тәрбие жұмысының жоспарлануы |
||||
Г |
Тәжірибе алмасу |
||||
1 |
Тәрбие мәселелері туралы мәлімдемелерім мен оны жақсатру тұрғысындағы ұсыныстарым |
||||
2 |
Аудан, облыс көлеміндегі шығармашылығым |
||||
3 |
Ашық тәрибелік шараларым |
||||
4 |
Кәсіби сайыстарға қатысуым |
||||
Жиынтығы: |
Бағалау баллдары: 0-атқарылған жоқ; 1- ара тұра істелінді; 3-жүйелі түрде орындалады, нәтижесі бар.
Қорытындылау: жоғары -30-26 балл; жақсы - 25-21 балл; орташа- 20-16 балл; ортадан төмен -15-11 балл; өте нашар – 10-нан төмен балл.
№8 қосымша
Педагогикалық кеңес түрлері
Оқу-тәрбие үдерісіндегі орны мен роліне байланысты педагогикалық кеңес тактикалық, стратегиялық, ағымдағы, тоқсандық, қорытынды, кезектен тыс, тексеру, зерделеу қорытындысы бойынша деп, бірнеше топқа бөлінеді.
Оларға қысқаша шолу жасайық:
Тактикалық педагогикалық кеңес.
Мектептің ағымдағы міндеттерін анықтайды және шешеді: мектеп өмірінің өзекті мәселелерін қарайды; білім сапасын талдайды; кейбір пәндердің берілу жағдайын талдайды; оқушылардың тәрбелілік деңгейі мен олардың тәрбиелену жағдайын зерделейді; педагогика-психология ғылымдарының соңғы жетістіктерімен таныстырады.
Стратегиялық педагогикалық кеңес.
Педагогикалық ұжым қызметінің даму бағыдарын анықтайды, нәтижесінде мектептің педагогикалық қызметінің бірнеше жылдарға арналған перспективалық даму бағдарламасы жасалады.
Ағымдағы педагогикалық кеңес.
Белгілі бір мерзімдегі оқу-тәрбие үдерісінің жүргізілу жағдайын зерделеп, жақын мерзімде атқаралатын жұмыс түрлерін анықтайды.
Тоқсандақ педагогикалық кеңес .
Кезекті оқу тоқсанының қорытындысын талдайды.
Қорытынды педагогикалық кеңес.
Оқу жылының қорытындысына арналған. Бұл кеңесте жыл бойы атқарылған оқу-тәрбие жұмысының талдауы жасалынып, орын алған кемшіліктер анықталынып, оларды жою, болдырмау жоба-жоспары жасалады, келесі жылы атқарылатын жұмыстарыдың педагогика-психологиялық мәселесі, масқат-міндеттері анықталынады.
Педагогикалық кеңестің дайындау, ұйымдастыру, өткізу әдістемесіне қарай кеңінен таралған төмендегі үш топқа бөлінетіндігін айтуға болады:
-
классикалық (дәстүрлі) – күн тәртібіндегі сұрақтарды талдау стандартты баяндамалар түрінде өтеді;
-
интенсифицирленген – күн тәртібіне енген мәселелерді талдау проблемалық топтардың жұмысы негізінде мәселені стандартты талдаудың кейбір әдістерін қолдана отырып өткізіледі;
-
дәстүрлі емес – мәселені талдау стандартты емес ұйымдастыру схемаларын қолдана отырып өткізіледі.
Педагогикалық кеңес формаларына туралы қысқаша мәлімет
Педагогикалық кеңестерді өткізу формалары |
||
Классикалық |
Интенсифицирленген |
Дәстүрлі емес |
Негіздемесі:
баяндамасын талдау;
баяндамасын және оның орынбасарларының баяндамаларын талдау;
|
Педкеңес – іскерлік ойын. Педкеңес - семинар-практикум. Педкеңес-педагогикалық идеялар аукционы. Педкеңес-диспут, дискуссия, дебат, пікір талас. Педкеңес-педагогикалық инновациялар презентациясы. |
Педкеңес – әдістемелік күн. Педкеңес – шығармашылық есеп. Педкеңес - ұжымыдық шығармашылық жұмыс. Педкеңес -конкурс. Педкеңес-фестиваль. Педкеңес-конференция. Педкеңес – шебер-класс |
Классикалық педагогикалық кеңестің негізігі жүргізу құралы - сөз (вербалды әдіс). Классикалық педагогикалық кеңесте кеңес төрағасы авторитарлық стильді ұстанады. Педагогикалық кеңестегі авторитарлық стиль - педагогикалық кеңестің білім беру ұйымын кеңесе отырып өзіндік басқаратын ұжымдық сипатына сәйкес келмейді. Сондықтан, көптеген жағдайда, мысалы мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызды бір мәселені шешуде, педагогикалық ұжымның бар әлеуеті мен құзіреттілігін іске қосу керек болған кезде, интенсифицирленген кеңес формасын қолданған ұтымды болады.
Интенсифицирленген педагогикалық кеңес формасын қолдану реті
Интенсифицирленген педагогикалық кеңесті дайындап, өткізу екі кезеңнен тұрады:
-
1-ші кезеңде педагогикалық кеңесті өткізудің дәстүрлі әдістері қолданылады. Яғни, күн тәртібіне қойылған мәселе туралы аналитикалық баяндама, академиялық немесе көпшілікке арналған лекция-баяндама арқылы ұжымды мәселемен таныстырады және педагогикалық кеңестің 2-ші кезеңін өткізу туралы шешім қабылданады.
-
2-ші кезеңде алдын ала таныстырылған мәселені шешу жолдарын анықтап, орындау мақсатында мәселені талдауға педагогикалық кеңестің барлық мүшелерін тартады.
Интенсифицирленген педагогикалық кеңес түрлері мен оны дайындап, өткізу жолдары
Педагогикалық кеңес – іскерлік ойын.
Мәселені шешу жолдарын модельдеу-ойын түрінде өткізіледі. Педкеңеске қатысып отырған әрбір педагог белгілі бір рольді атқарады. Іскерлік ойын педагогтарға кәсіби өсуі мен жетілуіне, өз саласы бойынша толық ашылуына және кеңес жұмысына белсене араласуына мүмкіндік береді.
Педагогикалық кеңес – іскерлік ойынның бірінші кезеңінде қаралып отырған мәселе туралы толық ақпарат лекция, баяндама түрінде беріледі де педагогикалық мәселенің өзектілігі, ойынның дидактикалық мақсаты анықталынады. Ойынның екінші кезеңінде кеңеске қатысушы педагогтар өздеріне берілген рольдер бойынша «педагогикалық жағдаятты, немесе мәселені» ойнап шығады. Екінші кезең соңында жұмыс қорытындыланып, қаралып отырған мәселені шешу жолдары анықталынып, педагогикалық кеңестің қаулысы алынады.
Педагогикалық кеңес – семинар-практикум.
Мұғалімдердің кәсіби әлеуетін көтеру мақсатында өткізіледі. 1-ші кезеңде қаралып отырған мәселе бойынша алдын ала дайындалған ғылыми-әдістемелік, теориялық-практикалық мәлімдеме немесе хабарлама беріледі. Екінші кезеңде берілген хабарлама, мәлімдеме негізінде практикалық сабақ жүргізіліп, қатысушылар теориялық білімді практикалық жұмыстарымен бекітіп, нақтылайды. Жұмыс соңында педагогикалық кеңестің шешімі қабылданады. Педагогикалық кеңес-семинар-практикум жұмысында кеңесті жүргізудің логикалық - сөздік құралы да, интенсифицирленген, тәжірибе алуға бағытталған формалары: ашық сабақ ( тәрбиелік шара), сабақтың фрагменттерін көрсету, жинақталған видео материалдарды, дидактикалық материалдарды талдау, оқушылар мен мұғалімнің шығармашылық, ізденімпаздық жұмыстарын көрсету ді де қолдануға болады.
Педагогикалық кеңес – аукцион.
Кеңесті дайындап, өткізу мақсатында ұйымдастыру комитеті құрылады.
Бұл кеңестің 1-ші кезеңіне түрлі педагогикалық идеялар шығарылады: оқыту және тәрбиелеу технологиялары, оларды енгізу механизмдері мен техникасы, әдіс-тәсілдері, формалары. Педагогикалық идеялар авторлары өз жұмыстары бойынша барынша толық түсінік бере отырып, оларды тәжірибеге енгізу құралдары мен техникасын түсіндіреді.
Екінші кезеңде кеңеске қатысушы педагогтар өздеріне ұнаған идеяны, технологияны «сатып» алады. Ұйымдастыру комитеті кеңесті қорытындылайды, яғни аукционның жеңімпазын анықтайды. Қай мұғалімнің педагогикалық идеясы көбірек сатылса – сол мұғалім жеңімпаз атанады. Педагогикалық кеңес-аукцион педагогтар бастамасын, олардың шығармашылығы мен педагогикалық мәселені өз бетінше шешуге тырысуына қолдау жасап, кәсіби жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогшикалық кеңес-пікірталас(дискуссия. дебат).
Кеңестің 1-ші кезеңінде пікірталас тудыратын мәселені анықтауға мүмкіндік беретін педагогиканың қандай да болмасын бір өзекті мәселесі туралы аналитикалық есеп немесе толыққанды дайындалған лекция оқылады.
Екінші кезеңде анықталған мәселе бойынша дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып, педагогикалық кеңес отырысының шешімін табу мақсатында пікірталас өткізіледі. Бұндай педагогикалық кеңесте қатысушы барлық педагогтің мәселе бойынша өз пікірін ортаға салып, ой бөлісуі арқылы, мәселенің шешуін өздері анықтауы шарт.
Педагогикалық кеңес-презентация.
Педкеңестің бұл формасы педагогтарды жаңа идеялармен, жаңа педагогикалық инновациялық технологиямен, жаңа бағдарлама, жаңа оқулықпен немесе педагогика жүйесіндегі жаңалықтармен немесе қандай да бір педагогтің шығармашылық жұмысының нәтижесімен таныстыруды мақсат тұтады. Педкеңес-презентацияда ақпараттық-коммуникативтік құралдар кеңінен пайдаланылуы қажет.
Өздеріңіз байқағаныңыздай, педагогикалық кеңестің интенсифицирленген формаларын тақырыптық кеңестер мен қорытынды кеңестерде, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерін анықтаушы кеңестерде де қолдануға болады.
Дәстүрлі емес педагогикалық кеңестер
Әдетте дәстүрлі емес педагогикалық кеңес формасы әдістемелік жұмыста кеңінен қолданылады (проблемалық, шығармашылық топтармен, диагностикалық лаборатория жұмысында, тәжірибелік жұмыстар бойынша т.б.).
Дәстүрлі емес педкеңес өткізу процедурасы: ең алдымен өткізілетін педагогикалық кеңестің (әдістемелік күн, шығармашылық есеп, ұжымдық шығармашылық жұмыс, конкурс, фестиваль, конференция, шебер - класс) ережесі дайындалады. Ережеге сәйкес кеңесті өткізудің сценарийлік жоспары жасалынып, кеңес соңында қаулы қабылданады.
Педагогикалық кеңес – әдістемелік күн.
Педагогикалық кеңестің бұл формасы мектептегі әдістемелік бірлестіктер жұмысымен байланысты болмақ. Белгілі бір пәнді беру әдістемесіне немесе қандай да болмасын жаңа инновациялық технологияны, озық іс-тәжірибені біліп, үйренуге, зерлеуге бағытталады.
Педагогикалық кеңес – шығармашылық есеп.
Педагогтардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін жетілдіруге бағытталады. Пән мұғалімінің, класс жетекшінің, директордың оқу ісі мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, психолог пен әлеуметтік педагогтің және басқа да педагогикалық қызметкерлердің есебін тыңдалып, талданады. Нәтижесінде озық іс-тәжрибе, педагогикалық идея анықталынып, жинақтауға және әріптестер арасында таратылуға шешім қабылданады.
Педагогикалық кеңес- ұжымдық шығармашылық жұмыс.
Бұл кеңесте ұжымдық жұмыс нәтижесі талданаып, қорытындыланады. Мысалы, ұжымдық тәжірибе жұмысы.
Педагогикалық кеңес – конкурс, педкеңес-фестиваль, педкеңес – шебер-класс
Педагогтардың шығармашылық ізденістік жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Нәтижесінде шығармашыл, ізденімпаз педагогтар анықталынып, облыс, республика көлеміндегі шапраларға қатысуға жолдама алады және марапатталады.
№9 қосымша
Үйірме, клуб, студия және секцияларға қатысушы оқушыларға арналған сауалнама
Мақсаты:
-
Үйірме, клуб, студия және секциялар жұмыстарының ұтымды және тиімсіз бағыттарын анықтау, бұл жұмыстарды жетілдіру жолдарын қарастыру.
-
Үйірме, клуб, студия және т.б. кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда оқушылардың қызығушылығы мен ата-аналарының сұраныстарының қамтамасыз етілуін бақылау
-
Кластант тыс жұмыстармен қамтылған оқушылардың сол жұмыстарды жобалау, жоспарлау ісіне қатыстыра отырып, аталған жұмыстардың тәрбиелік пәрменділігін көтеру.
Жүргізу жолы:
Оқушылар №1 сауалнамаға, ата-аналары №2 сауалнамаға жауаптар берулері қажет.
№1 Сауалнама
Қымбатты дос! Өзің қатысып жүрген үйірме, клуб, студия және секциялар жұмыстарының «жақсы» және «жаман» тұстары туралы ойыңды білдіре отырып, осы жұмыстарды сен үшін қызықты да тартымды, пайдалы етіп ұйымдастыруға, жақсартуға не қажеттігін ашып көрсетуіңді сұраймыз.
-
Өзің қатысып жүрген үйірме, клуб, студия және секциялар жұмыстарының қандай формада өткенін қалайсың:
-
ашық сабақтар;
-
«дөңгелек үстел»;
-
әңгіме;
-
кездесулер (ардагерлермен, қызықты адаммен, өз қатарластарыңмен, т.б.);
-
мастер-класс;
-
экскурсия;
-
басқа (жазып жібер) _____________________________________
-
Өзің қандай іс-шарлар өткенін қалайсың? (жазып жібер) ___________
-
Үйірме, клуб, студия, секция жұмыстарында өзіңе ұнағаны
-
Өткен жылғы үйірме, клуб, студия, секция жұмыстарында ұнағаны қайсысы? Неге?
РАХМЕТ!
№2 Сауалнама
Құрметті ата-ана! Мектепте ұйымдастырылған кластан тыс жұмыстар (үйірмелер, студиялар, клуб, секция) туралы сіздің пікіріңіз өте қажет, себебі, біз осы аталған шаралар арқылы балаңыздың қосымша білім алу қажеттігін қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан сізден сауалнамаға ашық пікіріңізді көрсетуіңізді өтінеміз.
-
Балаңыз өзі қатысып жүрген кластан тыс жұмыстары туралы, өзінің жетістіктері мен ұтылысты шақтары туралы айта ма? Төменде көрсетілген жауаптың біреуін таңдаңыз:
-
иә;
-
кей кезде;
-
жоқ.
-
Үйірмеге қатысқалы бері балаңыздың тәрбиелікдеңгейіндегі қандай да бір өзгерісті байқадыңыз?
-
иә,
-
солай сияқты
-
еш өзгеріс болмаған сияқты
-
жауап беруге қиналамын.
-
Балаңыз қатысқан қандай іс-шара Сізгеерекше әсер етті?
4.Үйірме жетекшісі, балалар және өзіңізбен бірлесе тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруға қалай қарайсыз және бұған қандай ұсыныстарыңыз бар? Жазып жіберіңіз.__________________________________________________
5. Сіздің балаңызбен кластан тыс жұмыс жасайтын педагогке айтар қандай ұсыныс, тілектеріңіз бар? Төменде көрсетілген жауаптың біреуін таңдаңыз:
-
шығармашылық даму бағытындағы шаралар;
-
мінез-құлықты тәртіпке келтіру шаралары;
-
денсаулық сақтау, нығайту шаралары;
-
басқа балалармен қарым-қатынас жасау;
-
ересектермен бірлесе жұмыс жасау қабілетін дамыту,
-
басқа (жазып жіберіңіз) _____________________________________
-
Үйірме жетекшісінің бала тәрбиесін жақстару бағытындағы жұмыстарын сапалы деп санайсыз ба?
-
иә
-
солай сияқты
-
олай емес
-
жоқ
-
жауап беруге қиналамын.
РАХМЕТ!
Сауалнама жауаптарының талдауы кезінде кластан тыс жұмыстардың ұйымдастырылып, жүргізу сапасын анықтап, жұмыстың құндылығы мен бала тәрбиесіне әсерін анықтаған жөн. Талдау қорытындысын әдістемелік бірлестік отырысында, өндірістік жиналыстар мен кікі педагогикалық кеңенстерде талқылануы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республика үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы. Астана -2009 жыл.
2. Диагностика воспитанности учащихся. Ақтөбе - 2006 жыл.
3. С.Қ. Мұхамбетова, С.Қ. Қожаева. Тәрбие теориясы Астана – 2005 жыл.
4. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері Алматы – 2008 жыл.
5. Мастер – класс для заместителей директора школы по воспитательной работе. Москва – 2006 жыл.
- 94
Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі туралы Ереже
I. Жалпы ережелер
1.1. Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі – тәрбие үдерісін мектепішілік басқаруды әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жағынан үйлестіруді қамтамасыз етуші оқу-тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі.
- 63
Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп туралы мәлімет
Біздің мектебіміздің табылдырығын алғаш рет аттау рәсімі 1927жылдан басталды. Қазіргі мектептің орнында ең алғаш татар мектебі,ал оның ішінде бастауыш қазақ кластары болған. Кейін қазақ балалары көбейе келе, 1937 жылы орта мектепті бітірген алғашқы тулектерге кәмелеттік аттестат берілген.
- 29
- 59
30 наурыз күні сағат 9.00-де мектеп мәжіліс залында кезекті класс жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Отбасылық ұлттық құндылықтардың маңыздылығы.
2. Кәмелетке толмағандарың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы.
3. Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың және зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Ұстаздарымызға алғыс айтамыз!