Ғ.Ақтаев атындағы # 6 мектеп- гимназиясында кәсіподақ ұйымының төрайымы Турешова Жадыра Тойлыбаевнаның жетекшілігімен тағылымдық сәт ұйымдастырылды.
Мұсылмандар үшін қасиетті де берекелі ай саналатын Рамазанда бойларындағы күш-қайрат, білім-біліктерін еліміздің ертеңі үшін арнап, үлкен жауапкершілікпен ертелі-кеш тер төгіп жүрген аяулы ұстаздарға және мектеп-гимназия ғимаратының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай тазалығын сақтауға зор үлестерін қосып жүрген кіші қызметкерлерге" Ауызашар " тағамын , атап айтқанда, Зәмзәм суы мен құрма ұсынды. Құлдарының жүрегін ұнамсыз сезім мен жаман ойлардан тазартып, тақуалық пен тазалыққа бастайтын керемет күндердің қадірін білетін педагогиялық ұжым мен кіші қызметкерлер ыстық ықыласпен ризашылықтарын білдірді.