Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету мақсатында мектеп-гимназиясы жанында 01.07-14.07.2022ж. аралығында ұйымдастырылған "Жауқазын" жазғы демалыс сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
Алғашқы күннен бастап, 1-6 класс оқушылары қабылданып, бір-бірімен жақын танысып, бағдарлама бойынша іс-шаралар жалғасын табуда...

“Балалар жылы”аясында, мектеп жанындағы “Жауқазын” ойын-сауық лагерь жұмыс жасайды. Астана күніне орай оқушыларымыз Тұңғыш Президент Астана саябағына саяхат жасады.

Балалар жылы аясында Астана күніне орай "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, "ҮМІТ сәбилер үйіне қажетті заттар табысталды.

Мектеп- гимназия директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Кулмурзинаның ұйымдастыруымен барлық білім алушылар үшін білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 2022 жылғы 26 мамырдан 17 маусымға дейін Жазғы мектеп жұмысы жалғастырылуда.

2022 жылдың 8 маусым күні Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы коммуналдық жағажайдың ресми ашылу іс-шарасы өтті. Осы шараға мектебімізден 50 оқушы қатысты.

"Балалар жылы" аясында мектеп жанында ұйымдастырылған жазғы "Болашақ" спорттық ойын алаңында түрлі спорттық ойындарға оқушылар белсене қатысты. Жауапты: жаттықтырушы Д.Р.Кеңес
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe

"Балалар жылы" аясында мектеп жанында ұйымдастырылған жазғы "Болашақ" спорттық ойын алаңында түрлі ойындарға оқушылар белсене қатысты. Жауапты: жаттықтырушы Е.Қ. Түбір.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe