Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 2022 жылдың 1 мамыр күні "Ақтөбе қаласының білім бөлімі"ММ-нің және “Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы” КММ-нің ұйымдастыруымен Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының базасында Ақтөбе мектеп лигасы оқушыларының «Қазақстан бірлік пен татулықтың ордасы» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті.


Турнирдің жалпы тақырыбы: ««Қазақстан бірлік пен татулықтың ордасы»" Турнирдің тақырыптары:
Б.П. Әлемді демократия жояды д.е.
Б.П. Евразиялық экономикалық одақ шеңберінде шенгендік визаны орнатады.
Б.П. Әлемдік саясатта белсенді болғаннан көрі бейтарап болу тиімді д.е.
Б.П.Достыққа керек ең басты қасиетті көрсетеді.
Б.П.Ресейдің қаржылық шығынына байланысты Байқоңырды қайтарып алу тиімді д.е.
Б.П. Монополиямен күресудің ең тиімді механизімін ұсынады.
Б.П. Құпия тақырып.
Турнирдің жеңімпаздары, үздік спикерлер мен үздік төрешілер және қатысқандар – Ақтөбе қаласының білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.