Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
 

2022 жыл “Балалар” жылына орай, облысымыздағы жастар мен жасөспірімдер арасында қайырымдылыққа тарту мақсатында 2022 жылдың 26 қаңтар күні мектебіміздің еріктілер жастары Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі, #172 үйінде тұратын зейнеткер Чурзин Виктор Емельяновичтің ауласында қар тазалап шаруашылық көмек көрсетті. Елімізге үлгенге құрмет, кішіге үлгі көрсететін өнегелі жастарымыз бар. Қазір еріктілеріміз мұндай игі шаралардың басы-қасында көмектесуді әдетке айналдырды.

1 - наурыз – алғыс айту күні. Бұл атаулы күннің түп - тамыры қазақ халқының тарихымен тікелей байланысты. Ұлт пен тарих сабақтастығы арқылы, бүгінгі таңда осы айтулы күнді ерекше атап өткеніміз жөн?

1-наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні. Осыған орай 10-кластардың қатысуымен ZOOM платформасы арқылы "Тіршілік қауіпсіздігі негіздері" шеңберінде онлайн сабақ өтті.

"Балалар жылы" аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, түріктанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған "Ұлт көсемсөзінің көшбасшы" атты онлайн-конференцияға Қостанай облыстық тарихи өлкетану музейінің қатысуымен болып өтті. Мектебімізден 8 класс оқушылары белсене қатысты.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті ГУ "СПиАСР" мамандары оқушыларымызға кәсіби бағдар берді. ТЖД мамандары оқушыларға жұмыс кезінде қолданылатын құрылғыларды, олардың қолданылу жолдарын көрсетті.

 1 наурыз-Алғыс айту күні мерекесіне орай "Алғыс айту-парызым" тақырыбында шағын мерекелік бағдарлама өткізілді. Бағдарлама барысында дарынды, өнерлі оқушыларымыз ән айтып, алғыс күнінің тарихы баяндалды.