Бүгін, 15.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында мектеп тренерлері: Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның, Кушекбаева Фарида Абсатовнаның, Алдиярова Акерке Кулымбетовнаның фокус топтары арасында сабақтар серияларын беру жалғасуда.
Кереметті қараңыздар!!! Туысқан пәндердің жаңашыл қожалары : Алдиярова Ақерке Құлымбетовна мен Садықова Айгүл Миллятовна 6в класында жаратылыстану пәнінен “ Заттардың құрылысы мен қасиеттері” тақырыбында дуэт сабақ өткізді. Теория мен практиканы шебер ұштастырған қос ұстаз білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырумен қоса, жұптық және топтық жұмыстарда функционалдық сауаттылықтарын дамытуды нысанаға алды.
Мектеп тренері, жаратылыстану пәндері кафедрасының жетекшісі, “педагог-зерттеуші”, креативті ұстаз Ақерке Құлымбетовнаның өз фокус тобында, өз класында сабақтар серияларын өзі өткізуге бекінуі кәсібіне деген құрметі, жұмысына деген жауапкершілігі, шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі, әріптестеріне деген ықыласы!!!
Тәжірибе алмасуға қатынасқан әріптестері “Дуэт сабақ” авторларына рақметтерін айтты...
Салыстырмалы түрде таңдап алынған А,В,С деңгейлі оқушыларда ұмтылыс байқалды.
@obrazovanie_gorod_aktobe@
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/o-u-rdisi/distemelik-obdisha/813-fokus-toptary-arasynda-saba-tar-seriyalaryn-beru-zhal-asuda.html#sigProIdd6373909b2