Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 2022 жылдың қараша айында “Педагогикалық шеберлік орталығының” жұмыс жоспарына сәйкес Оралдық әріптесіміз Жанна Жұмашқызының теориялық дәрісімен өткізілген екі апталық “Командалық басқару және білім сапасы” тақырыбындағы оқыту бағдарламасы курсынан кейін мекеме басшысы Романова Жания Орынжаевна мен директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның идеясымен алынып, математика пәнінің “ педагог-сарапшы”, көшбасшы ұстазы Жанай Гаухар Талғатқызының жетекшілігімен биыл екінші оқу жылы жүргізіліп жатқан жаңа жобаның мұғалімдердің кәсіби өсуі мен білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға оңды ықпалы жайында жергілікті “Ақтөбе” газетінің ағымдағы жылдың 03.11.2023ж. күнгі кезекті нөмерінде “Геймификация-математика әлемінде” тақырыбында материал жарияланды. Желтоқсан айында жоба нәтижесін облыстық дәрежеде қорытындылау жоспарланып отыр.