Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

05.01.2024ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп -гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна әдістемелік кеңестің күн тәртібіндегі “Акмеологиялық мәдениет-кәсіби даму, тұлғалық жаңару, іскерлік шыңдалу және рухани кемелдену” тақырыбындағы теориялық мәселені педагогикалық ұжым мүшелерінің белсенділігімен және креативті білімдарлығымен жан-жақты талқылап, топтық жұмыс формасында практикалық бөлімін жүргізді. 35 ұстаз ой бөлісті .Соңы “Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы” видео-ролигімен қорытындыланды. Слайдтар мазмұны ұжым чатына салынып, кеңірек кері байланыс жасалды. 
Ақтаев ұжымы кәсіби дамудың шыңына ұмтылған және шығып үлгерген акме-педагогтерімен мақтана алады.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy