Бүгін,15.11.2023 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында "Графикалық органайзерлерді қолданып ,оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында мектебіміздің биология пәнінің “педагог-зерттеуші” мұғалімі, теориялық білімі терең, шығармашыл, креативті ұстаз Нукусова Ботакоз Конысбаевна қалалық деңгейде жоспарлы шебер класс отырысының бірінші сериясын өткізді.
Мектеп-гимназиясы директоры Романова Жания Орынжаевна алғы сөз сөйлеп, шебер класс авторына сәттілік тіледі. Қалалық білім бөлімі, қалалық “Ғылыми-әдістемелік кабинет” әдіскері Садыкова Айгул Санкибаевна биология пәні бойынша ашылып отырған шебер кластың мақсат, міндеттеріне тоқталып өтті. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна Ботакоз Конысбаевнаның кәсіби өсу жолы, шығармашылығы, қол жеткізген нәтижелеріне толығырақ тоқталып, келген әріптестерін таныстырып өтті.
“Танысу” тренингінен басталған шебер класс жұмысы теориялық және практикалық бөлімдерге жалғасып, соңында шебер класс мүшелігіне жазылған 15 әріптес өте жоғары деңгейде баға беріп, зор ризашылықпен шығармашыл ұстаз Ботакоз Конысбаевнаның теориялық білімі мен ұстаздық шеберлігіне алғыстарын айтып, табыстар тіледі.
Үйрену, білу, тәжірибе алмасу мақсатында келген мұғалімдер тосын сыйларға кенеліп, үй тапсырмаларын алып, тарқасты.
@obrazovanie_gorod_aktobe@
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/o-u-rdisi/distemelik-obdisha/811-sheber-klass-otyrysyny-birinshi-seriyasyn-tkizdi.html#sigProId6d0e9d2458