Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 06.11.2023ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Ж.Есенжолованың атынан “Мерген ару-2023” пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату республикалық турнирін ұйымдастыру жұмыстарына аянбай атсалысып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесіміз бен еліміздегі парасатты жас дарындарды айқындау және қолдау ісіне белсенділік танытқанымыз үшін “Ақтөбе-Дарын” орталығының инновациялық педагогикалық қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі Сейілова Гүлімай Мукашевна мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Муханбедиярова Дина Базарбаевнаға ризашылық білдіріп, мектеп-гимназия басшысы Романова Жания Орынжаевнаға АЛҒЫС ХАТТЫ табыс етті. @aqtobe_bilim_basqarmasy@obrazovanie_gorod_aktobe