Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектеп туралы мәлімет
Біздің мектебіміздің табылдырығын алғаш рет аттау рәсімі 1927жылдан басталды. Қазіргі мектептің орнында ең алғаш татар мектебі,ал оның ішінде бастауыш қазақ кластары болған. Кейін қазақ балалары көбейе келе, 1937 жылы орта мектепті бітірген алғашқы тулектерге кәмелеттік аттестат берілген.
Мектеп осыған дейін Т.Жүргенов, 1936 жылдан К.Е. Ворошилов есімімен аталған. Ал 1995 жылғы 23 қарашадағы Ақтөбе қалалық маслихатының 8-сессиясының шешіміне сәйкес мектепке Ғұбайдулла Ақтаев берілді.
№ 6 орта мектеп өзінің тарихында үш оқу корпусында оқыған. Ең алғашқы оқу корпусы - қазіргі тері-жұқпалы аурулар ауруханасы. Екіншісі қазіргі мектептің орнындағы екі қабатты оқу корпасы болған. Ал 1978 жылы мектеп № 1 орта мектепке қосылып, бүгінгі ғимаратына көшіріліп, қазақ-орыс мектебі деп аталды.
Ал 1990 жылдан бастап таза қазақ орта мектебі болды және «Еңбек және соғыс ардагерлері» мұражайы ашылды.
1993 жылы «Алтын қазына» мұражайы ашылды. Қалалық ғылыми-әдістемелік «Елім-ай» орталығы құрылды.
1995-1999 жылдары З,И.Құдайбергенованың авторлық мектебі жұмыс жасап, Білім Министрлігі үш бөлімді «Өнер әліппесі» оқулығын бекітті.
1997 жылы оқушылардың «Жас дарын» ғылыми қоғамы құрылды. Сол кездегі мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары К.Д. Қоңырбаева «Дебат» халықаралық бағдарламасын Ақтөбе қаласы мен облыста таратты.
2001 жылы 11»а» класс оқушысы Наурызовав Еңлік тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың қолынан «Алтын белгі»алды.
2001 жылы физика пәні бойынша республикалық олимпиада жүлдегері Жұбаев Әлімжан Сабыржанұлы Тайваньның Тай-пей қаласындағы Халықаралық ғылыми жобалар жарысының жүлдегері атанды.
2001 жылымектеп директоры К.С.Өтегенова «Отан» партиясының республикалық сьезіне қатысты.
2008 жылы 2-Бердичев жаяу әскерлер жауынгерлері қатарында болған курсанттарға құрмет мақсатында мектептің сол жақ бұрышына мемориальды тақта орнатылды.
Осы мектептің түлегі Жансен Кереевтің құрметіне де мектептің оң жақ бұрышына мемориальды тақта орнатылды.
Мектептен елімізге бергілі тұлғалар шықты Олар: Жансен Кереев,Ізтай Мәмбетов, Бәкір Тәжібаев, Ким Серікбаев, Кежек Ысқақов, Мұханбет Адайбеков, САлимгерей Жалимбетов, Сапар Сағынтаев, Петр Тұрмағамбетов, Есболай Мусин, Сәруар Ділмағанбетов, Ерлан Карин т.б.
Қазіргі мектеп ғимараты 1978 жылы пайдалануға берілген. Бұл мектеп-жаңа улгімен салынған типтік мектеп, жалпы ауданы -5301,30 кв.м. үш қатарлы, улкен спорт залы, 35 кабинеті және асханасы бар еңселі ғимарат.
1997 жылының қараша айында 70 жылдық,ал 2007 жылы 11 қазанында өзінің 80-жылдық мерейтойын атап өтті.
Тәуелсіздік пен егемендік алған жылдардан бері № 42.№15, №13,№52 орта және негізгі мектептер бөлініп шықты.
Тәуелсіздік алғаннан бері 61 түлек үздік бітірсе, 19 түлек «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды.
Мұражай тарихы кішкене бұрыштан басталды, ол 1979-1980 жылдары Ленин бұрышы деп аталды. Жеңістің 40 жылдығына дайындық барысында мектепке Ұлы Отан соғысы жылдарында 101 атқыштар дивизиясы, 2-Бердичев жаяу әскерлер жауынгерлері қатарында болған Менқожа Шалабаев, Сабыр Қошқарбаев, Юрий Василивич Бондрев келіп,1984 жылы қазіргі мұражай ашылды.
1990 жылы 7 мамырда «Соғыс және енбек ардагерлері» мұражайы болып паспортталды.
Мұражай кеңесі бағыттарға бөле отырып, мынайдай бөлімдерді жабдықтады;
І бөлім Ұлы Отан соғысы кезінде мектепте орналасқан әскери бөлімшелер туралы мәлімет.
П бөлім Мектептің директорлары мен оқу-тәрбие жұмысының меңгерушілері туралы мәлімет.
Ш бөлім Басшылық қызметте істеген мектеп түлектері туралы мәлімет.
ІУ бөлім Мектепте жұмыс істеп журген түлектері туралы мәлімет.
У бөлім Мектепті Алтын және үздік медальмен бітірген түлектер туралы мәлімет.
УІ бөлім. Мектептің бүгінгі бейнесі туралы мәлімет
УП бөлім. Этнографиялық
Мұражайдың жалпы аумағы 28 шаршы метр. Мұражайдағы экспонаттар саны – 520.