Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі туралы Ереже

 

I. Жалпы ережелер

1.1. Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі – тәрбие үдерісін мектепішілік басқаруды әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жағынан үйлестіруді қамтамасыз етуші оқу-тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі.

1.2 Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, Ақтөбе облысы білім беру ұйымдарындағы 2011-2014 жылдарға арналған Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, білім беру ұйымының жарғысымен айқындалған мектептің даму стратегиясын басшылыққа алады.

1.3 Әдістемелік бірлестік (бұдан әрі ӘБ) қызметінің ұзақтығы шектелмейді, сандық құрамы білім беру ұйымындағы педагогтік ұжымның өзгеруіне байланысты.

1.4 ӘБ өз қызметін мектептің ғылыми-педагогикалық Кеңесімен әрекеттесе отырып атқарады және педагогикалық Кеңесіне есеп беруге міндетті.

1.5 Класс жетекшілерінің ӘБ өз жұмысын төмендегі принциптер негізінде құрады:

  • ғылымилық тұрғысында, ұстаздар ізденістері мен шығармашылық еңбектері терең әдістемелік негізде болуы қажет;

  • гуманизм тұрғысында, білім беру негізі – адам, педагог, оның біліктілігі мен бейімділігінің дамуы мен жетілуін қамтамасыз ету;

  • жүйелілік тұрғысында, мәселені шешуді қамтамасыз ететін жоспарлаудың барлық сатысын қамту: диагностика, мәселені зерттеу және талдау, мәселені шешудің әдістемелік инструментарийін дайындау және тәжірибеге енгізу, үйлестіру, қорытындысын анықтау;

 

2. Класс жетекшілерінің ӘБ мақсаты мен міндеттері

2.1 Класс жетекшілерінің ӘБ – тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету, оның пәрменділігін зерттеу және бастауыш, орта буын, жоғарғы класс жетекшілерінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында құрылатын бірлестік.

Класс жетекшілерінің ӘБ міндеттері:

  • тәрбиенің педагогикалық және психологиялық негіздеріне сүйене отырып, класс жетекшілерінің теориялық, ғылыми-әдістемелік, практикалық білім деңгейін көтеру;

  • тәрбие жұмысының пәрменділігін көтеруге және жетілдіруге бағытталып мектепте, класта жүргізілетін тәрбие жұмысын жетектеуші әдістемелік бағдарламалар ұйымдастыру;

  • оқушы тәрбиесіндегі бірізділік пен біртұтастық принципін қамтамасыз ету және орындау;

  • класс жетекшілерінің жұмысын үйлестіруші нормативтік – құқықтық базамен таныстыру;

  • педагогтардың өз кәсіби құзыреттілігін көтеруге ықыластылығын арттыру;

  • озық іс-тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату;

  • класс жетекшілерін заманауи озық технологиялармен қаруландыру және заман талаптарына сай әдіс – тәсілдерді меңгерту;

  • класс ұжымымен және жекелеген оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысын үйлестіру;

  • бірлестік мүшелерінің жұмысын бағалау және мектеп әкімшілігі алдында класс жетекшілерін марапаттауға ұсыныстар беру.

 

3. Класс жетекшлерінің әдістемелік бірлестігінің қызметі

Көрсетіліп отырған тәрбие қызметінің сапасын көтеруге, жаңа әдіс-тәсілдер ойластыруға, тәрбие жұмысының нәтижелілігі мен мәселесін алдын ала бағдарлауды қамтамасыз етуге бағытталған

талдау-бағдарлау қызметі:  

    • сабақтан тыс уақытта жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын іске асыруына оңтайлы жағдай жасау;

    • тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

    • педагогтар аттестациясына қатысу;

    • білім беру ұйымындағы тәрбие үдерісінің жүйесін жасау;

    • әлеуметтік қамсыздандыру, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;

    • мектептегі тәрбие жұмысын жүйелеу мақсатында жүргізілетін жұмыстың басым бағыттарын белгілеу үшін мектеп әкімшілігіне ұсыныстар беру;

    • оқушылар тәрбиелілігінің мониторингін жасау.

3.2 Ұйымдастыр-үйлестіру бағытындағы жұмыстар:

  • тәрбие жұмысының жоспарын жасау және бекіту, класс жетекшілер қызметінің циклограммасын жасау, жеке даму бағдарламаларын дайындау;

  • тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету;

  • мектеп әкімшілігіне мұғалімдерді класс жетекшіліктеріне тағайындауға ұсыныстар түсіру;

  • класс жетекшілерінің шығармашыл топтарының жұмыс бағдарларын анықтау және бекіту;

  • класс жетекшілерінің жұмысын үйлестіру және олардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

3.3 Ақпараттық қызметі:

  • класс жетекшілерінің қызметін нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;

  • класс жетекшілерін әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету;

  • тәрбие жұмысындағы озық іс-тәжірибелер туралы ақпараттар беру;

  • мектептен тыс тәрбиелік шаралар ұйымдастыру, өткізу.

    1. ӘБ мүшелерінің кәсіби құзіреттілігін көтеруге бағытталған Әдістемелік қызметі:

  • класс жетекшілерінің білімі мен біліктілігін үздіксіз көтерулеріне оңтайлы жағдай жасау;

  • жекелеген тұлғаларға арнайы әдістемелік көмек көрсету;

  • тәрбие мәселесі бойынша әдістемелік көрмелер ұйымдастыру;

  • тәрбиенің басым бағыттары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындау;

  • педагогтардың шыңармашылық есептерін, мастер-класстарын, педагогикалық марафондарды, педагогикалық оқулар мен семинарларын ұйымдастыру дайындығына көмектесу;

  • ӘБ жұмысын басқарушы жақ әдістемелік қызметімен үйлестіру.

 

4. ӘБ құзіреттілігі мен жауапкершілігі

4.1 Құзіреттілігі:

  • мектептегі тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында ұсыныстар беру;

  • мектептің даму бағдарламасына өзгерістер енгізу;

  • мектеп директоры мен оның орынбасарларынан тәрбие мәселелері консультация сұрауға;

  • мұғалімдер аттестациясын өткізу уақытында ұсыныстар дайындау;

  • қол жеткізген жетістіктері негізінде ӘБ мүшелерін марапаттауға ұсыну;

  • класс жетекшілерінің әдістемелік материалдарын басылымдарға беруге ұсыныс жасау;

  • ӘБ мүшелеріне мектептен тыс жерде өтетін кәсіби біліктіділік көтеру жұмыстарына қатысуға ұсыныстар беруге;

  • ӘБ мүшелерін қажетті нормативтік, ғылыми-әдістемелік құжаттар және әдебиеттермен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында мектеп әкімшілігіне шығуғу.

    1. Жауапкершілігі:

  • класс жетекшілері қызметінің әділ талдауына;

  • жұмыстың басым бағыттарының уақытында орындалуына;

  • ӘБ жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырылған әрбір тәрбиелік шаралардың дайындалуы мен сапалы өткізілуіне;

  • тыңдалып отырңан мәселенің үйлесімділігіне.

 

5. Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру

 

5.1 Әдістемелік бірлестікті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары басқарады

Класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің бастығы:

5.2 жауапты:

  • әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлануына, жұмыстың дайындалуы, жүргізілу мен ӘБ қызметінің зерделенуіне;

  • класс жетекшілерінің ӘБ құжаттарының жүргізілуіне және уақытылы есеп берілуіне;

  • мектеп әкімшілігіне қажетті құжаттардың уақытында тапсырылуына және жоғары мекемелерге ӘБ қызметі туралы мәліметтердің белгіленген мезгілде жіберілуіне;

  • тәрбие жұмысының әдістемелік деңгейінің көтерілуіне;

  • класс жетекшілерінің педагогика-психологиялық дайындығының жоғарылауына;

  • класс жетекшілерінің өздерінің функционалдық міндеттерін толық орындауына;

  • тәрбиелік шаралар банкінің жинақталуына.

  5.3 ұйымдастырушылық:

  • класс жетекшілерінің ӘБ мүшелерінің өзара және мектептің өзге құрылымдары мүшелерінімен байланыста болуы мен қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

  • класс жетекшілерінің біліктілігін көтеретін шаралардың ұйымдастырылып, өткізілуіне:

  • ӘБ мүшелерінің отырысы;

  • ашық тәрбиелік шаралардың ұйымдастырылуына;

- семинарлар, конференциялар, басқа да біліктік көтеру формалары

  • озық іс-тәжірибені анықтау, зерттеу, жинақтау, тарату және оны іс- жүзінде қолдану;

  • класс жетекшілеріне барлық сұрақтар бойынша консультация беру;

  • тәрбиелік шараларды жоспарлау, жүргізу және үйлестіру жұмыстары мен кластағы тәрбие жұмыстарына педагогикалық талдау жасау;

  • класс ұжымындағы тәрбие жұмысының жүйеленуі мен толық орындалуына;

  • класс жетекшілерін аттестациядан өткізуді дайындау;

  • мектептегі ғылыми зерттеу және әдістемелік жұмыстарға қатысу;

  • педагогтардың шығармашылық-зерттеушілік тооптарының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

5.4 ӘБ жұмыс жоспары бір жыл мерзіміне жасалынып, бірлестік отырысында бекітіледі (қажетті жағдайларда оған түзетулер мен қосымшалар енгізіледі). Класс жетекшілерінің ӘБ жоспары мектептің жалпы жұмыс жоспарының құрамына енеді.

5.5. ӘБ отырысының жиілігі мектептің жылдық жұмыс жоспарына сай тағайындалады. ӘБ отырысы хаттамаланады.

5.6 Оқу жылының аяғында ӘБ қызметі зерделеніп, қорытындысы мектеп әкімдігіне тапсырылады.

6. Касс жетекшілерінің ӘБ құжаттары мен есептері

 

  • ӘБ ашылуы туралы бұйрық (жыл сайын)

  • ӘБ басшысының тағайындалуы туралы бұйрық (жыл сайын)

  • ӘБ Ережесі

  • ӘБ тақырыбы

  • ӘБ мақсаты

  • Жылдық жұмыстығ аналитикалық қорытындылары, өткізілген іс-шаралар нәтижелілігі туралы ақпараттар

  • Жылдық жұмыс жоспары

  • Отырыстардың хаттамалары

  • Отырыстарда қаралған сұрақтардың материалдары

  • ӘБ мүшелері туралы статистикалық мәліметтер

  • Класс жетекшілерінің білімін жетілдіру жұмыстары: тақырыптары, жинақталған тәжірибелері, лицензия алған жұмыстары туралы ақпараттар .

  • Жас класс жетекшілері мектепбінің қызметі

  • Тәрбие жұмысы мен класс жетекшілерінің қызметіне қатысты нұсқаулық-әдістемелік құжаттар.