Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 2023 жылдың 25 қаңтары күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында "Бастауыш класс оқушыларының оқу жетістігін бағалаудың тиімді әдістері" тақырыбында облыстық семинар- практикум өтті.

2023 жылдың 7 ақпан күні “Оқуға құштар мектеп”жобасы аясында 3-4- класс оқушыларының арасында “Мен оқыған кітапты сен де оқы”тақырыбында кластан тыс шара ұйымдастырылды.Шара “Буккроссинг “акциясы түрінде өткізілді.

2023 жылдың 13 наурыз күні бастауыш кластың педагог- модератор мұғалімдері Ж.С.Курманалиева, Қ.А.Досыбекова, Б.С Кубенованың ұйымдастыруымен Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясында бастауыш класс мұғалімдеріне арнап "Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану" тақырыбында коучинг сабағы ұйымдастырылды.

2023 жылдың 6 наурыз күні бастауыш кластың педагог - зерттеуші мұғалімдері А.Ч.Умирбаева ,А.А.Медетова,О.А.Жусипованың ұйымдастыруымен Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған "Блум таксономиясы бойынша сұрақтар қоюды үйрену" коучинг өтті.

2023 жылдың 24 сәуір күні бастауыш кластың мұғалімдері Ж.С.Сержанова.,Г.Т.Жантурина.,А.Б.Қалмағанбетованың ұйымдастыруымен Ғ.Ақтаев атындағы № 6мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімдеріне арналған "Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру" атты коучинг өтті.