Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 8 қараша күні Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясының жылдық жоспарына сәйкес "Lesson study -бастауыш сыныптарда білім берудің сапасын арттыруға бағытталған оқу әдісі" тақырыбында әдістемелік кеңес сағаты өткізілді. Сонымен қатар мектеп психологі К.Сагинбаеваның жүргізген тест нәтижесінің қорытындысы айтылып,алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар мен тізбектелген сабақтар өткізу туралы жоспарлар жоспарланды. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясының жылдық жоспарына сәйкес 3-4-класс білім алушылары үшін пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңінің 2023 жылдың 10 қараша күні ll кезеңі өткізілді.
Мектепішілік олимпиада оқушының оқу - танымдық қабілеттерін ынталандырады,пәндік білімдерін тереңдетеді,ғылымға деген қызығушылықтарын арттырады. @aqtobe_bilim_basqarmasy@obrazovanie_gorod_aktobe



16.10.2023 күні Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.А.Кушекбаеваның ұйымдастыруымен 1 - класс оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында алынған "Менің сыныбым'әдістемесі және мектепке дайындығы "Керн -Йерасек'тест қорытындысы бойынша мектеп психологы К.Т.Сагинбаеваның жетекшілігімен тест қорытындысы жасалып,отырыс өткізілді.Отырыста 1- класс жетекшілерінің пікірлері тыңдалып,әр оқушының жеке ерекшеліктері және мектепке дайындығы талданды.
@obrazovanie_gorod_aktobe

2023 жылдың 9 қараша күні Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясында 3-4-класс білім алушылары үшін қазақ тілі мен математика пәндерінен республикалық олимпиаданың мектепішілік 1 кезеңінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.Олимпиаданың ашылу рәсімінде мектеп -гимназиясының директоры Ж.О.Романова сөз алып,қолдау білдіріп,қатысушыларға сәттілік тіледі.
Олимпиаданың ll кезеңі 10 қараша күні жалғасын табады.
Нәтижесінде 1,2,3 орын жүлдегерлері мектеп -гимназиясы басшысы атынан дипломдармен марапатталатын болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



31.10.2023 ж Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясы директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кушекбаева Фарида Абсатовнаның ұйымдастыруымен 'Бастауыш класс"кафедра мүшелерінің кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста 1 оқу тоқсаны бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы тыңдалды.Сонымен бірге БЖБ,ТЖБ жұмыстарын алу жұмыстары талқыланды.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy