Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 7 ақпан күні “Оқуға құштар мектеп”жобасы аясында 3-4- класс оқушыларының арасында “Мен оқыған кітапты сен де оқы”тақырыбында кластан тыс шара ұйымдастырылды.Шара “Буккроссинг “акциясы түрінде өткізілді.

Ұйымдастырушы бастауыш класс мұғалімдері :Ж. С. Нұржанова мен Г. Т. Жантурина.
Акцияның мақсаты- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» барысында оқушылардың кітап оқу арқылы тіл байлықтарын, сөздік қорын байыта отырып, өзара кітап алмасу, сыйлау,кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті көтеру.Басты принципі:«Оқып болсаң, басқаға бер».
Сонымен қатар «Біздің ережелеріміз қарапайым», «Кез келген ұнаған кітапты ал да оқы!» екендігін ұғындыру.«Буккроссинг» акциясы кітаппен оқырмандар арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде қазіргі таңда іс- тәжірибеге енгізіліп отыр.
Шараның соңында қатысқан оқушыларға сыйлыққа кітаптар берілді.