Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 2023 жылдың 25 қаңтары күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында "Бастауыш класс оқушыларының оқу жетістігін бағалаудың тиімді әдістері" тақырыбында облыстық семинар- практикум өтті.

" Педагог-зерттеуші" біліктілік деңгейіндегі шығармашыл ұстаздарымыз Нуржанова Жумагул Сандибековна, Габдуллина Айгүл Егінбаевна, Жұмасейтова Ағима Рыспағанбетқызы, Кыстаубаева Серикгул Колганатовна, Балгабаева Акмарал Маратовна, Жусипова Орынкул Айдархановна, Умирбаева Алия Чекебаевна, Медетова Айнагуль Акимбаевна, Турина Гульжамиля Мурзакановна қазақ тілі, математика , жаратылыстану пәндерінен жоғары деңгейде ашық сабақтар мен зерттеу сабағын, шебер кластар мен коучинг өткізіп, заманауи педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісті. Ақтаевтың ақ Туын көкке өрлеткен жігерлі де қайратты әріптестерімізге алғысымыз шексіз !