Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін,18.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясының бастауыш кластар кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес бастауыш класс мұғалімдері,Құрманбаева Жанна мен Сұлтан Жұлдыздың ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Ғасырда бір туылатын дарабоз” атты 3 -класс оқушыларының қатысуымен мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы оқушы бойында поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. 

11.01.2024ж Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясының бастауыш гимназия класс оқушыларынан алынған бақылаудың қорытындысын талдап, оқушы біліміндегі олқылықтармен жасалатын жұмыстың жоспары құрылды. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy

2023 жылдың 13 қараша күні бастауыш класс мұғалімдері "педагог-зерттеуші" Б.Ж.Табылдина,О.А.Жусипова мен "педагог -модератор"Г.Шуақбайқызының ұйымдастыруларымен бастауыш кафедрасы бірлестігі мүшелерінің қатысуымен "Цифрлық платформаны математика пәнінде қолданудың тиімділігі”тақырыбында коучинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуда онлайн ресурстардың тиімділігін арттыру.
Коучингке мектеп -гимназиясы басшысы 
Ж.О.Романова,директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярова мен бастауыш кластар бойынша оқу -ісінің орынбасары Ф.А.Кушекбаева және бірлестік мүшелері қатысып ,өз пікірлерін білдірді.
Коучингке жоғары баға беріп,зор ризашылықпен ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып,табыстар тіледі. @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy



Бүгін,09.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп -гимназиясы директорының оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.А.Кушекбаева бастауыш класс кафедрасының мектеп алды даярлық сыныптары тәрбиешілерінің қатысуымен кезекті отырыс өткізді.Отырыс барысында мектеп психологі К.Сагинбаева мектеп алды даярлық сынып оқушыларының мектепке дайындық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген "Керн- Йерасек" тест қорытындысымен таныстырды. Өзара пікірлесу барысында өздерінің іс - тәжірибелерімен бөлісіп,ортаға салды.

2023 жылдың 9 -10 қараша күндері Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясында 3-4-класс білім алушылары үшін қазақ тілі мен математика пәндерінен республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар мектеп - гимназиясы басшысы атынан дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз! 🏆🏅🥉👏👏👏@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy