Бүгін: 05.10.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 3 мамыр күні "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында бастауыш сынып мұғалімдері А.А Мұзафарова мен А.Б Бағыланованың ұйымдастыруымен Ғ.Ақтаев атындағы 6мектеп -гимназиясында 1-класс оқушыларының қатысуымен "Жас ертегіші " атты сайыс өтті.

Мақсаты:Оқушылардың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету, ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге,сөз мәнері,қимыл- қозғалысының келтіріп ойнауға үйрету.Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетін ,сөйлеу тілін дамыту.
Ертегі екі кезең бойынша ұйымдастырылып, 1-класс оқушылары өз шеберліктерін ортаға салып,ертегіні сахна ішінде айту тапсырылды.Сайысқа оқушылар өте белсенді қатысты.Сайыс соңында әділ қазылар белсенділік танытқан оқушыларды дипломдармен марапаттады.Бас жүлде:1"Б"сынып оқушысы Асқар Кәусар "Алтын балық"ертегісі1орын: 1"Е"сынып оқушысы Қоныспай Салима "Түлкі мен Тырна"ертегісі 2орын:1"Д"сынып оқушысы "Үш аю" ертегісі 3орын:1"Г"сынып оқушысы Иса Диас "Жақсылық пен жамандық" ертегісі.