22 сәуір күні - Ғұбайдолла Ақтаевтың туылған күніне орай "Ұлы тұлға Ғұбайдолла Ақтаев" тақырыбындағы апталық басталды.
"Мектеп даңқын шығарған түлектері"
Сөзін жазған Сәдуақас Шотов.
Қалада тарихы мол мектебіміз,
Өзінше бай шежіре өткеніміз.
Дарындар өнегелі із қалдырған,
Өзіндік сырлары бар жеткеніміз.
Мектебім – тарихы мол білім орда,
Біліммен сусындаған талай тұлға.
Басқарып мектебімде дәріс еткен
Атында Ақтай ұлы Ғұбайдолла.
Рабиға апамызда дәріс еткен,
Мол білім, зор шабытты қабілетпен.
Бүгінде бәрімізге зор мақтаныш
Тілші ғалым атағын мәлім еткен.
Түлеп ұшып Ізтай мен Сағи аға,
Ақын болып, ғалым болып шыққан дара.
Оқыған еліміздің батыр ұлы
Кереев Жансен атты генерал да.
Талайлар түлеп ұшып шығар әлі,
Түлегі мектеп даңқын шығарады.
Ұстаздар шәкіртімен гүлденеді,
Ғұмырын із қалдырып ұзартады.