Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев
22.11.22 жылы Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясында "English is a peace of our life" тақырыбында ағылшын тілі пәні апталығының ашылуы өте жоғары деңгейде өтті.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 18 қараша күні 1-кластар арасында "Кім көп ертегі біледі" тақырыбында бастауыш класс мұғалімі Г.М.Турина мен А.Е.Габдуллина іс-шара өткізді.

Оқушыларды бос уақытын тиімді және мазмұнды пайдалануда.

1 класс оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында алынған тест нәтижесі талданып, отырыс өткізілді. Отырыста мектеп директорының бастауыш кластар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.А.Кушекбаева, 1 класс жетекшілері, мектеп психологы С.А.Қонысбай қатысты. Отырыс барысында әр оқушының жеке ерекшеліктері талданып, әрі қарай бақылауда болатындығы айтылды.

Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамның бірі – бүгінгі жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада.

2022 жылдың қараша айының 10 күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында 3-4 класс білім алушылары үшін қазақ тілі мен математика пәндерінен республикалық олипиаданың мектепішілік І кезеңінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 

3.11.2022ж. «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында мектепішілік Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен екі жыл қатарынан құрақ құрау өнерін үйренушілерге шебер класс өтуде. 2022 жылдың 3 қараша күні күзгі демалыс кезінде оқушылардың дәстүрлі қолөнерге деген қызығушылық пен шеберлікті дамыту мақсатында үш ұрпақты біріктіре отырып (әже, ана, қыз бала) ұмыт болып бара жатырған қолөнерді жаңартып, жаңғырту, қыз балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Өнер әлемі» атты шеберхананың «Құрақ құрау өнері» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шараны өткізген мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі, шығармашыл ұстаз, аяулы ана, ардақты әже Сатыбалдина Задагүл Төлемісқызы.

2022 жылдың қараша айының 3 күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық” атты қалалық семинар өтті. 

3.11.2022ж. Оқушылардың бос уақытын тиімді және мазмұнды ұйымдастыру мақсатында мектепішілік жас суретшілері мен қолөнер шеберлерінің үйірмелері жұмыс жасауда. Оқушылары өз қолымен жасалған жұмыстарын көрсете білді.
Жетекшілері: көркем еңбек пәнінің мұғалімдері

3.11.2022ж. «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында мектепішілік Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен екі жыл қатарынан құрақ құрау өнерін үйренушілерге шебер класс өтуде. 2022 жылдың 3 қараша күні күзгі демалыс кезінде оқушылардың дәстүрлі қолөнерге деген қызығушылық пен шеберлікті дамыту мақсатында үш ұрпақты біріктіре отырып (әже, ана, қыз бала) ұмыт болып бара жатырған қолөнерді жаңартып, жаңғырту, қыз балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Өнер әлемі» атты шеберхананың «Құрақ құрау өнері» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шараны өткізген мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі, шығармашыл ұстаз, аяулы ана, ардақты әже Сатыбалдина Задагүл Төлемісқызы.
Негізгі мақсаты: Қатысушыларға құрақ құрау өнерінің тарихын, құрақ түрлерін, жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін үйрете және функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, қазақтың ұлттық қолөнерін ұрпақтан ұрпаққа насихаттау.