Ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамның бірі – бүгінгі жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада.
Бүгін Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша мектепішілік кезеңі өткізілуде. Олимпиаданың ашылу рәсімінде мектеп- гимназия директорының міндетін атқарушы Сулейменова А.С. оқушыларға сәттілік тіледі. Дарынды оқушылармен жұмыс координаторы З.Ж.Кулмурзина олимпиаданың өткізілу барысын оқушыларға түсіндіріп, бағыт- бағдар беріп өтті.
2022-2023 оқу жылының Республикалық олимпиадасына қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тілейміз!