Бүгін: 21.11.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2022 жылдың қараша айының 3 күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық” атты қалалық семинар өтті. 

Семинардың мақсаты: ата-аналардың 
белсенді ұстанымы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың білім беру траекториясын, ата-аналардың мектепке қатысты әріптестік ұстанымын және олардың білім беру нәтижесі үшін жауапкершілігін айқындау. 
Семинар бағдарламасы: 
1. Мектеп-гимназия директоры Романова Жания Орынжаевна алғысөзінде “Инклюзивті білім беру-қоғам қажеттілігі” тақырының өзектіліктерін атап өтіп, бүгінгі семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
2. Директордың  оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова Ақгүл Сапаровна “Инклюзивті білім беруде ата-ананың рөлі” тақырыбында семинар кіріспесімен таныстыра отырып, тың ақпараттармен бөлісті.
3. Мектеп  психологтары: Канжагулова А.А., Қонысбай С. А ЕББҚ ететін балалардың ата-аналарымен жұмыс  жасауда психологиялық тренинг түрлері «Үштік  одақтың» (мұғалім, бала, ата-ана) тығыз  психологиялық  байланысын дамыту мақсатында бірнеше әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 
4. Бастауыш  класс мұғалімдері: Умирбаева А.Ч., Сержанова Ж.С., Кыстаубаева С.К. «Ерекше  білім  беруді қажет ететін балалардың ата-аналарымен ынтымақтастықта жұмыс  жасау жолдары» тақырыбында өздерінің біліктіліктіліктерін ортаға салып, өте жоғары дәрежеде сабақ өткізілді. 
5. №19 мектептен келген бастауыш сынып мұғалімі Пышанова Асель Амирханқызы өз тәжірибесімен бөлісті.
6. Мектеп дефектологі Кенжесбаева Ақзия және мектеп логопеді Дүзбағамбетова Бибінұр “Маман тарапынан ата-аналарға бағыт-бағдар беру” тақырыбында сабақ өткізіп, тың ақпараттар мен біліктіліктерін байқатты. 
7. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кушекбаева Фарида Абсатовна “Найкан” әдісі арқылы кері байланыс жасап, шеберлігін көрсетті.