Мектеп- гимназия директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ж.Кулмурзинаның ұйымдастыруымен барлық білім алушылар үшін білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 2022 жылғы 26 мамырдан 17 маусымға дейін Жазғы мектеп жұмысы жалғастырылуда.
Жазғы мектепте оқушылар өздері үшін қиын пәндерді жаңа қырынан ашып, түрлі ойын элементтерін пайдаланып, зертханалық және шығармашылық жұмыстар жасауда. Оқушылар дене шынықтыру сабағында спорттық сайыстардан жарысып, табиғат аясына саяхатқа шығып, кітапхана қызметкері Г.С.Зайруллина мен музей жетекшісі М.Базарбаеваның ұйымдастыруымен өткен түрлі шараларда қызығушылық танытуда.