Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін,18.01.2024 ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясының бастауыш кластар кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес бастауыш класс мұғалімдері,Құрманбаева Жанна мен Сұлтан Жұлдыздың ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған “Ғасырда бір туылатын дарабоз” атты 3 -класс оқушыларының қатысуымен мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы оқушы бойында поэзия әлеміне, сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. 


Шараға жергілікті “Айсын” радиожурналистика мектебі директоры, журналист Байтақова Айсын Мүрсінқызы, бастауыш класс кафедрасының мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Жарысқа қатысушы оқушылар Мұқағали ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.Нәтижесінде сайыс жеңімпаздары мектеп - гимназиясы директорының атынан Дипломдармен марапатталды.Сонымен бірге журналист Айсын Мүрсінқызы көркемсөз оқуға қойылатын талаптар туралы және өзінің тәжірибесімен бөлісіп,жарысқа қатысқан оқушыларды “Айсын”балалар радиосына тегін оқыту курсына және сұқбат беруге шақырды. Мектеп - гимназиясы директорының ғылыми - әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Д.Б.Муханбедиярова өз ризашылығын білдіре отырып,мектеп - гимназиясы директоры Ж.О.Романованың атынан журналист Айсын Мүрсінқызына Алғыс хат табыстады.Соңында бастауыш кластар бойынша оқу - тәрбие ісінің орынбасары Ф.А.Кушекбаева қорытынды сөз сөйлеп,ұйымдастырушылар мен қатысушыларға зор ризашылығын білдіріп,табыстар тіледі.
@obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy