Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Оқу - ағарту министрлігі “Ұстазыңды құттықта!“ байқауын бастады.
Байқауға қазір мектепте оқып жүргендер де, сондай-ақ ұстаздарына алғысы мен тілегін білдіргісі келетін мектеп бітіріп кеткендер де қатыса алады. Ол үшін Instagram, facebook, Tik tok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта
#поздравьсвоегоучителя хештегімен мәтін, фото немесе бейне құттықтау жариялау қажет.

Акция биылдың 2 қазанына дейін жалғасады. Байқау қорытындысы 3 қазанда шығарылады. Ең қызықты, креативті құттықтаулардың авторлары ҚР Оқу - ағарту министрлігінен естелік сыйлықтар алады.

Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясының оқушыларын, түлектерін челленджге белсене қатысуға, өз ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтауға, игі еңбегі үшін алғыс білдіруге шақырамыз!