Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

“Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп - гимназиясы” КММ

“Мектепке жол” республикалық акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
"Жүректен жүрекке!" ұранымен "Мектепке жол" дәстүрлі жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. "Көпке пайдаң тисе, төбең көкке тиер" дегендей, жетім, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға, аз қамтылған, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосу бүгінгі таңда, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сіздерге де қатысып, игі істердің басында болып, демеушілік көрсетулеріңізді сұраймыз!!!

Акцияға демеушілік танытамын десеңіз жауапты маман:
Мектептің әлеуметтік педагогы : Шүйінші Әсел
Байланыс телефоны:
87472067892