2024-2025 оқу жылында "Білім күні" 1 қыркүйекте "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында мектептің барлық қауымдастығы қатысуымен, 1,11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мектеп-гимназияның басшысы Романова Жания Орынжайқызы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми - тәжірибелік қосымша білім беру орталығының бөлім басшысы Ибатулина Айгуль Акбалдаевна, мектеп-гимназияның Қамқоршылық кеңестің төрағасы Жалмаханова Ләззат Зинадиновна және мектеп-гимназияның әкімшілігі қатысты. Мектеп-гимназия басшысы Ж.О.Романова жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа жетістіктер, толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар, қонақтар өз тілектер білдіріп, әсем ән мен мың бұралған биге куә болды. Білім күні құтты болсын!!! #bilimkuni @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_bilim_bolimi