Бүгін: 06.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

“Жаңа Қазақстан” атты 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аймақтық пікірсайыс турниріне қатысып, "Ең үздік спикер" номинациясына иеленген Серік Дильназ Құттықтаймыз!

11-класс оқушылары арасында ұйымдастырылған Жұбанов олимпиадасына Математика - физика бейіндік пәні бойынша қатысып, Бірінші орын алғаны үшін Ақтөбе қаласындағы #6 мектеп - гимназиясының 11”Ә” класс оқушысы Сайман Ерасыл Серікқалиұлы “Жұбанов гранты” жеңіп алды. Құттықтаймыз! ????

2022 жылы сәуір айының 2-3 күндері Алматы қаласы Нархоз университетінің қабырғасында «Таңдаулы экономистер одағы» жоғары пікірсайыс мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген «ICE SCREAM VIII» атты Республикалық турнирге Ғ.Ақтаев атындағы #6 мектеп-гимназиясының оқушысы Серік Дильназ қатысып, “Ең үздік спикир”және 2 жыл Тұран университетінің грантын жеңіп алды.
Құттықтаймыз!??????

Наурыз айының 24, 25 күндері облыстық білім бөлімі және қаладағы Әлия мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының №55 ОМГ базасында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алуға арналған дәстүрлі облыстық "Мерген ару - 2022" атты қыз балалар арасында пневматикалық винтовкадан ату сайысы өткізілді. Сайысқа қала және аудандардан 15 команда қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысында қаладағы Ғ.Ақтаев атындағы №6 МГ оқушысы Диярова Дилназ бас жүлдені жеңіп алып жарыс жеңімпазы атанды. Жүлделі 1-орынға бірдей ұпайлармен №17 МГ оқушысы Облысова Әсел, Алға ауданы №4 ОМ оқушысы Амангелдиева Диана және қаланың №51 МГ оқушысы Сәрсенғалиева Альбина иемденді.

Дарынды болып тумайды,
Талантты болып тұрмайды.
Еңбектенсе әрқашан,
Орнын өзі табады.
"Бұлақты көрсең, көзін аш"-
Деген ата-бабамыз.
Әркімнің бойынан табылар,
Дарындылық пен талант та.
Еңбектенсең, жетерсің,
Діттеген мақсат-мұратқа.
Баптаған бақтың ішінен
Табайық, талант гүлдерін.
Өркендетіп жеткізер,
Елімізді мұратқа!!!
4 "Д" класс оқушылары Айтеков Санжар, Ғажап Інжу, Отарбек Нұрхан
Жарайсыңдар, Еліміздің мақтаныштары ??????

2022 жылдың 11 наурызында Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп гимназия базасында "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Әдістемелік кабинет" КММ ұйымдастыруымен қала гимназияларының оқушылары арасында ағылшын тілінен "Linguatrip" атты лингвистикалық сайыс өтті. Сайыс ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдету және жетілдіру, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту, айқындау мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс "Әдістемелік кабинет" КММ әдіскері Темирханова Раушан Кабдошевнаның қатысуымен және Қ.Жұбанов Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы Оразова А.А, Ақтөбе қаласындағы "Америка бұрышы" координаторы Утешова А.Т. мен "KazGUU school" мұғалімі Joylen T.Gonzalez төрелігімен бағаланды. Сайысқа №6;21;32;41;51;55 мектеп гимназиялардың оқушылары қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша төмендегіше жүлделі орындарға ие болды:
?#51 мектеп-гимназия
?#21 мектеп-гимназия
?#6 мектеп гимназиясының оқушылары Әділханова Әсем;
Сатыбалдиева Сабина;
Басығара Аяулым.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, алар асуларыңыз көп болсын!

3-4 сынып оқушылары арасында өткен Алтын сақа олимпиадасының қалалық кезеңінен 4 сынып оқушысы Өтегенова Жансая, 3 сынып оқушысы Шаймырза Нұрлан Грамота иеленді. Жетекшілері Ақмарал Маратовна мен Гульжамиля Мурзакановнаны құттықтаймыз!???

Ғылым негіздері бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 2,3 жүлделі орындарды иеленген 8 оқушыға ҚББ тарапынан берілген Дипломдар мен медальдарын және 2 оқушыға Грамоталарын табыстау рәсімі мектеп-гимназиясы әкімшілігі мен жетекші ұстаздардың қатысуымен жасалды.
Облыстық кезеңге 2- орынды иеленген 4 оқушы жолдама алды. Сәттілік тілейміз!!!???

НұрScience" ғылыми-әдістемелік жоғары мектебі желтоқсан айынан бастап Ақтөбе облыстық білім басқармасының қосымша білім беру бойынша үйірмелердің мемлекеттік тапсырысы негізінде Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп гимназиясымен жұмыс жүргізуде.

⚜3 үйірме бойынша 50 -ден астам оқушы өз шығармашылығы мен спорттық дағдысын аталған мекеменің қосымша білім беру бөлімінде шыңдауда.

Қысқа уақыт арасында үйірме оқушылары атап айтар болсақ, ✅«Вокал», ✅"домбыра" кластары бойынша жеңімпаз атануда.

???01.03.2022 жылы 1 Наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай, үйірме жетекшілері және оқушылар ата-аналарына арнап ?«Ата-анама мың алғыс!»? атты мерекелік шара ұйымдастырды.✴✴✴

♻️Оқушыларымыздың тиімді уақытын ұтымды ұйымдастыра білген ата-анаға және өздерінің шығармашылық ізденістері мен спорттық дағдыларын шыңдай отыра салауатты өмір салтын арттырып отырған оқушыларымызға, оқушының құштарлығын арттырған оқытушы – тренерлерімізге бізде мың еселенген АЛҒЫС айтамыз!