Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін мектебіміздің 6"В" класының оқушысы Темірбек Асылбек 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен еркін күрестен облыстық ашық турнирде өткен жарыста 2️⃣ орынды иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз❣️ Алар асуың биік болсын!

21.02.2023 күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен жүлдегер атанған оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Алдағы уақытта оқушылар мектеп абыройын одан әрі көтере береді деген үміттеміз!

2023 жылдың 6 қаңтар күні Ақтөбе қаласы бойынша “Елбасы Медалі” жобасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
“Елбасы Медалі” марапатына ие болған: 
  • Қола медаль иегері: 11 “А” кл оқушысы, Мектеп Президенті Ағыбаева Еркемай Қанатқызы 
  • Қола медаль иегері: 8 “Г” кл оқушысы Тилишбаева Адема Булатқызы 

Құттықтаймыз! @obrazovanie_gorod_aktobe@aqtobe_bilim_basqarmasy

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің "Тәуелсіздік-тіл тәуелсіздігінен басталады" атты үшкүндік жоспарына сәйкес 14.12.2022ж "Тағылым" кабинетінде 9-кластар арасында "Гимназия білгірі-2022" интеллектуалды сайысы өткізілді.

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен қараша айында мектеп оқушыларының арасында «Менің ішкі әлемім» атты фотобайқау өткізілген болатын. Байқау қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен мектебіміздің 2 «А» класс оқушысы Амандық Олжас (жетекшісі Кыстаубава С.К.) пен 2 «Е» класс оқушысы Жаңбырбай Жанерке (жетекшісі Кубенова Б.С.)

7.11.2022ж. күні Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өткен Джиу-джитсу спорт түрінен өткізілген әлем чемпионатында I орын иеленген Төрехан Хамза Алмасұлы, 2006 жылғы мектеп түлегі, Ақтөбе облысы грек-рим, еркін әйелдер күресі федерациясының вице-президенті, Төрехан Хамзаның асқар тау әкесі Жұмағалиев Алмас Төреханұлы, аяулы анасы Жумагалиева Арайлым Оралбековна және біздің чемпионның бас бапкері, грэпплинг күресінен Азия жүлдегері Айдаралин Досым мырзамен кездесу сағаты өтті. 

“Мәңгі жаса-жаңғырған ұлы далам” III Республикалық рухани - патриоттық байқауы
ЖАС ҚАЛАМГЕР

Алматы қаласында 2023 жылы 8-9 мамыр күндері өткен “Жеті Өнер” VII Халықаралық шығармашылық фестиваліне тегін жолдама ұтып, Дүбірлі додада оқ бойы озып, 

Елордамыз Астана қаласында өткен "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ" төсбелгісімен марапатталған 10 Б сынып оқушысы Әділхан Диана Серікжанқызы Құттықтаймыз!

5-6 сыныптар аралығында Зерделі ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен "Алтын сақа" олимпиадасынан мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары Юсупова Диана мен Иргалиева Акнур IVорын иеленіп, Зерделі оқу орталығынан 20% жеңілдік ұтып алды. 5 сынып оқушысы Балгинбаева Аяулым жүлделі ІІІ орынды иеленіп, 30% жеңілдік сертификатын жеңіп алды? Құттықтаймыз!