Бүгін Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп- гимназиясында директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дарынды оқушылармен жұмыс координаторы З.Ж.Кулмурзинаның ұйымдастыруымен шығармашылық қабілеттері жоғары, дарынды оқушыларды қыркүйек- қазан айларындағы мектепішілік, қалалық, облыстық жетістіктерімен құттықтап, марапаттау рәсімі өткізілді.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы өзі оқыған мектебінде айқындалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Мектеп оқушыларының ішінде қазіргі заман талабына сай, ой - өрістері кең, дарынды, шығармашылық қабілеттері бар оқушылар көп. Әрбір жеке тұлғаның бойында өнерге, шығармашылыққа, спортқа деген ынтасы, дарыны болады. Ал оқушы бойындағы дарындылықты байқап, әрі қарай шыңдау- мұғалімнің шеберлігі. Осындай, мектеп- гимназияның дарынды шәкірттерін тәрбиелеуде талмай еңбек етіп, дарындылығын шыңдап жүрген кемеңгер ұстаздарымыздың еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!