Бүгін: 09.07.2024
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 15 наурыз күні мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай ақын шығармашылығына арналған «Жастарға» атты танымдық сағаты өткізілді.


Мақсаты: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту; Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Шараның шымылдығын мектебіміздің музыка пәні мұғалімдері Мырзатаева Лалагүл Елеповна мен Жұматаева Перизат Дарқанқызы Шәкәрім Құдайбердіұлының әсем сазға толы «Анадан алғаш туғанда» әнімен ашты.
Шара барысында оқушылар ақынның «Бостандық таңы атты», «Адамдық борышың», «Жастарға» өлеңдері, сонымен қатар Шәкәрімнің Л.Толстойдан 
аударған «Крез патша» аудармасын, «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене» мысалдарын мәнерлеп оқыды. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнежазба тамашалады. Шәкәрімдей ғұлама ойшылдың ел есінде жатталып қалған философиялық қанатты сөздерін ұғынып, бойларына сіңіре білді.
Шәкәрім шығармаларында адам өмірінде кездесетін сан алуан құбылыстар жөнінде «Шәкәрім шығармаларындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың бейнеленуі» тақырыбында облыстық эссе байқауының ІІ орын иегері 5 «Ә» сынып оқушысы Сейілханова Шұғыла атап өтті.
Кеш соңында 5 «Б» сынып оқушысы Амандық Жансұлтан «Қара өлең» әнін шырқады.
@obrazovanie_gorod_aktobe