- 51
22 сәуір-Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Ұрпақ жадында үлгі тұтар ұлағатты істерімен есте қалған ұлы тұлғаның рухына бас иіп, оны еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Мектебіміздің мақтаныштары Республикалық хор байқауларының жүлдегерлері «Айналайын» балалар хор ансамьблінің орындауында «Ақтаев гимні» айтылды (сөзі: Романова Жания Орынжайқызы, Муханбедиярова Дина Базарбайқызы, әні: Мырзатаева Лалагүл Елепқызы). Ұлағатты ұстаз есімін қашан да мақтанышпен айтып жүретін мектебіміздің барлық шәкірттерінің атынан гүл шоғын қою рәсімі киелі қара шаңырақтан қанат қаққалы отырған 11 сынып түлектеріне "Алтын белгі" төс белгісіне үміткер Ғалымжан Батырбекке, мектеп Президенті, үздік аттестатқа үміткер Ағыбаева Еркемайға, үздік аттестатқа үміткер Сатыбалдиева Сабинаға, үздік аттестатқа Бекжанова Әдеміге берілді.
Мектеп-гимназиясының директоры Романова Жания Орынжайқызы, Қамқоршылық кеңестің төрайымы Жалмаханова Ляззат Зинадиновна,1953 жылғы мектеп түлегі ардагер ұстаз ҚР-ң оқу ісінің үздігі, ЫАлтынсарин төс белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының еңбек ардагері, облыстық ішкі саясат жанынан құралған ақпараттық кеңес мүшесі, облыстық білім басқармасының ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қамқоршылық кеңес мүшесі Қуан Қамалхан Қуанұлы, 1953 жылғы мектеп түлегі , Ішкі істер органдарының құрметті ардагері, Қамқоршылық кеңес мүшесі Ғизатов Бақыт Базарғалиұлы, Ғұбайдолла Ақтаев атамыздың келіні Ақтаева Джанат Үмбетовна, кәсіподақ ұйымының төрайымы Турешова Жадыра Тойлыбаевна және мектеп әкімшілігі онкүндік аясында ұйымдастырылған «Ақтаевтың ізбасарлары» математика пәні олимпиадасының, «Класс басшысы - 2023» байқауының, «Ғ.Ақтаев кубогы-2023» волейболдан педагог қызметкерлердің ойынының, қалалық оқушылар арасында волейбол мен баскетбол ойындарының, мектепшілік мұғалімдер арасында үстел теннистің, оқушылар арасында асық ату, дойбы, жеңіл атлетика , шахмат, тоғызқұмалақ спорттық ойындарының, дебат , «Жайдарман» ойындарының жеңімпаздарын құттықтады. ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/162-am-orshyly-ke-es.html?start=10#sigProId23d8efb63e
- 44
Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қамқоршылық кеңес отырыстың өткізілу күн тәртібі:
1.Қамқоршылық кеңестің нормативтік – құжаттарымен танысу;
Қамқоршылық кеңес мүшелерін өзгерту және олардың міндеттерін бекіту;
Қамқоршылық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
2. Мектеп- гимназиясының даму жоспарымен таныстыру.
Оқу – тәрбие жүйесін жақсарту мақсатында көмек көрсету.
Мектеп – гимназиясының күнделікті тынысымен танысу «2023 жылы мектептің оқушыларына жұмыстарына ыңғайлы, қауіпсіз жағдай жаса, білім беру үдерісін ұйымдастыру, тамақтану, әлеуметтік, мәдени, сауықтыру, білім беру іс –шараларын өткізуге көмектесу, мектеп психологының қатысуымен мектеп оқушыларымен әңгімелесу және т.б.)
3.Саяжайдан қатынайтын балаларды автобуспен тасымалдау туралы.
4.Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастыру.
5.Мектеп-гимназиясы бойынша ұйымдастыру және ағымдағы жұмыстары
Шешім қабылданды: 1.Қамқоршылық кеңестің нормативтік – құжаттарын басшылыққа алынсын.
2.Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес Қамқоршылық кеңестің өзгертілген құрамы таныстырылды және олардың міндеттері бекітілсін.
3.Қамқоршылық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
4. Мектеп- гимназиясының даму жоспары бойынша жоспарланған жұмыстары жалғастырылсын.
5.Оқу – тәрбие жүйесін жақсарту мақсатында демеушілік көмек іздестіріліп көрсетілсін.
6.Мектеп – гимназиясының оқушыларына ыңғайлы, қауіпсіз жағдай жасау, білім беру үдерісін ұйымдастыру жұмыстары жалғастырылсын.
7.Саяжайдан қатынайтын балаларды автобуспен тасымалдау мәселесі жүзеге асырылсын.
8.Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастырылсын.
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/162-am-orshyly-ke-es.html?start=10#sigProId6b8f620d7a
- 38
28.12.2022жылы “Ғ.Ақтаев атындағы #6мектеп-гимназиясы” КММ Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында СӨС насихаттау б\ша қамқорлыққа мұқтаж оқушыларды сыртқы және мектеп лагерімен қайырымдылық іс-шаралармен қамтылуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік педагог Ә.Шүйінші
2.Қайырымдылық көмек бойынша қаражаттың қозғалысы мен пайдалануы туралы мектеп басшыларының есебі, жылдық атқарылған іс-шараларға есеп беру.
Мектеп директоры Ж.О.Романова, мектеп әкімшілігі
3. 2022жылдың қамқоршылық кеңестің жұмысын қорытындылау. 2023жылға қамқоршылық кеңестің жұмысын жоспарлау. Облыс, қала, көлемінде іс-шараларға қамқоршылық кеңес мүшелерінің жыл бойы қатысуы.
Қамқоршылық кеңес мүшелері 2022-2023 оқу жылына жасалған жоспарды талқылап, ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға СӘТТІЛІК тілеп, отырысты қорытындылады.
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/162-am-orshyly-ke-es.html?start=10#sigProId8676f4b94f
- 43
Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарлама
Қамқорлық кеңес отырыстың өткізілу күні: 17.08.2022ж
Қамқоршылық кеңес отырыстың өткізілу уақыты: сағат 11.00
Қамқоршылық кеңес отырыстың өткізілу орны: “Тағылым” кабинеті #316