Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қамқоршылық кеңес отырыстың өткізілу күн тәртібі:
1.Қамқоршылық кеңестің нормативтік – құжаттарымен танысу;
Қамқоршылық кеңес мүшелерін өзгерту және олардың міндеттерін бекіту;
Қамқоршылық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
2. Мектеп- гимназиясының даму жоспарымен таныстыру.
Оқу – тәрбие жүйесін жақсарту мақсатында көмек көрсету.
Мектеп – гимназиясының күнделікті тынысымен танысу «2023 жылы мектептің оқушыларына жұмыстарына ыңғайлы, қауіпсіз жағдай жаса, білім беру үдерісін ұйымдастыру, тамақтану, әлеуметтік, мәдени, сауықтыру, білім беру іс –шараларын өткізуге көмектесу, мектеп психологының қатысуымен мектеп оқушыларымен әңгімелесу және т.б.)
3.Саяжайдан қатынайтын балаларды автобуспен тасымалдау туралы.
4.Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастыру.
5.Мектеп-гимназиясы бойынша ұйымдастыру және ағымдағы жұмыстары
Шешім қабылданды: 1.Қамқоршылық кеңестің нормативтік – құжаттарын басшылыққа алынсын.
2.Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес Қамқоршылық кеңестің өзгертілген құрамы таныстырылды және олардың міндеттері бекітілсін.
3.Қамқоршылық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
4. Мектеп- гимназиясының даму жоспары бойынша жоспарланған жұмыстары жалғастырылсын.
5.Оқу – тәрбие жүйесін жақсарту мақсатында демеушілік көмек іздестіріліп көрсетілсін.
6.Мектеп – гимназиясының оқушыларына ыңғайлы, қауіпсіз жағдай жасау, білім беру үдерісін ұйымдастыру жұмыстары жалғастырылсын.
7.Саяжайдан қатынайтын балаларды автобуспен тасымалдау мәселесі жүзеге асырылсын.
8.Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастырылсын.
https://school6-aktobe.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/am-orshyly-ke-es/675-am-orshyly-ke-esti-kezekti-otyrysy-tti.html#sigProId6b8f620d7a