1) ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ІІ ОТЫРЫСЫ
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Ата – аналарға педагогикалық жаппай оқуды, институтты ұйымдастыру. Ұлттық бағытта тәрбие беру. Дөңгелек үстелдер.
Ата-аналардың жиналыстарына қатысу.
Аналар, Әкелер кеңес жұмыстары туралы.
2.Қайырымдылық көмек көрсетуден түскен табыстарды келесі бағыттар бойынша мақсатты түрде жұмсау:
- аз қамтылған оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету;
- спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау;
3.Құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдермен жұмыс.
Құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдердің қосымша білім берумен қамтылуына бақылау жүргізу.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған жасөспірімдердің ата-аналармен әңгімелесуі.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары.
Мектеп-гимназиясы бойынша ұйымдастыру және ағымдағы жұмыстары
Қаулы етті:
- Ата-аналардың білімін, педагогикалық сауатын, мәдениетін арттыру мақсатында ата-аналар университетін ұйымдастыру
- Қайырымдылық қызметті жалғастыра отырып, жеңілдік категориядағы мұқтаж отбасыларға материалдық көмек беру
- Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында жұмыстары жалғастырылсын. Оқушылардык бос уақыттары қамтылсын
- Даму жоспарына сәйкес жүйелі жұмысты жоспарлау және жұмыстану
- Қосымша қаражатты іздестіру, реттеу жұмыстарын жүргізу. Ата-аналар комитет төрайымдарын жинау.
2) ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ І ОТЫРЫСЫ
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Қамқоршылық кеңестің нормативтік – құжаттарымен танысу;
Қамқоршылық кеңес мүшелерін өзгерту және олардың міндеттерін бекіту;
Қамқоршылық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын құру, бекіту.
2.2021-2022 оқу жылындағы ІІІ тоқсанда«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын сақтау туралы бұйрықтарымен таныстыру.
3.Мектеп-гимназияның даму жоспарымен таныстыру.
Оқу – тәрбие жүйесін жақсарту мақсатында көмек көрсету.
Мектеп-гимназияның күнделікті тынысымен танысу (2022 жылы мектептің оқушыларына жұмыстарына ыңғайлы, қауіпсіз жағдай жасау, білім беру үдерісін ұйымдастыру, тамақтану, әлеуметтік, мәдени, сауықтыру, білім беру іс-шараларын өткізуге көмектесу, мектеп психологының қатысуымен оқушылармен әңгімелесу және т.б.)
4.Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастыру.
Мектеп-гимназиясы бойынша ұйымдастыру және ағымдағы жұмыстары
Қаулы етті:
- Нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, бекітілген құрамымен, құрамның міндеттерімен таныстырылды.
- Жұмыс жоспарын бекіту
- Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды, мектептің даму жоспарын басшылыққа алуды, оқу-тәрбие жүйесін жақсартуды тиімді жақтарын нәтижелі пайдалану.
- Ата-аналарды, түлектерді, жеке кәсіпкерлерді, демеушілерді тарту мақсатында мектепішілік қайырымдылық іс-шараларды жалғастыру, ұйымдастыру, демеушілік есеп шотты толықтыру мәселелерді қарастыру.
3) 16 қаңтар күні сағат 10:00 Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
- Қамқоршылық кеңестің нормативтік құжаттарымен таныстыру, жұмыс жоспарын бекіту
Қ.Қ.Қуан, Б.З.Матаева
- Мектептегі медициналық қызметтік санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отыра, жүргізілуін бақылау
А.Мусина, Ж.Ербатырова, Н.У. Суюндикова
3.Мектеп өмірімен танысу.Ағымдағы мәселелер
Ш.С. Жанғалиева
Шешім:
- Әр мүше нормативтік құжаттармен танысып, жұмыс жоспары бекітілсін, өзгерістер енгізілсін.
- Медициналық қызметтің жұмысы үлкен жауапкершілікпен жалғасын тапсын
- Жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылсын
- Т.Ж. Бабакулов кеңес мүшесі болып тағайындалсын.
4) 25.11.2020 ж Ақтөбе қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен сағат 10:00де ZOOM платформасы арқылы қалалық директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына "Қамқоршылық кеңес жұмысының мектепте жүргізілуі" жөнінде Ғ. Ақтаев атындағы 6 орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.З. Матаева ағартушылық семинар өткізді. Семинарға мектебіміздің Қамқоршылық кеңес төрағасы, ҚР оқу үздігі, Ы. Алтынсарин атындағы төс белгі иегері, 1953 ж мектеп түлегі Қуан Қамалхан Қуанұлы, Әкелер кеңесінің төрағасы, шығармашыл ұстаз Күмісқалиев Ардақ Жолдасұлы, Аналар кеңесінің төрайымы, көп балалы, белсенді ана Ешпанова Бағилаш Тангбаевна, Қалалық білім бөлімінің мамандары қатысты. Қамқоршылық кеңес бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырылып, мектептегі рөлі, атқарылған жұмыстар жөнінде ой бөлісті.